Поурочный план открытого урока на тему К?ктем мезгілінде балаларды таби?атпен таныстыру


Сабақ жоспары №
План учебного занятия №
Күні29.11.16Пән балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі Тобы ДВ-14-9
ДатаПредмет Группа
Оқытушының Т.Ә.А. Оразхан Н.Т.____________________________________________
Ф.И.О. преподавателя
І. Сабақтың тақырыбыКөктем мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру____
Тема занятия____________________________________________________________________________
Сабақтың түрі және типіаралас сабақ_____________________________________________________
Тип и вид занятия_______________________________________________________________________
1. МақсатыСтуденттерге мектеп жасына дейінгі балаларды көктем мезгілімен таныстыру________ жолдарын түсіндіріп, тәжірибемен ұштастыра білуге дағдыландыру_____________________________
Цель___________________________________________________________________________________
2. Міндеттері
Задачи
а)білімдік Мектеп жасына дейінгі балаларды көктемдегі табиғат құбылыстарымен таныстыруда бағдарламалардың мазмұнына назар аудара отырып түсіндіру______________________ 
обучающие_____________________________________________________________________________
ә) тәрбиелікСтуденттердің ғылыми дүниетанымын, тұлғалық адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру арқылы, ұжымшылдыққа, дұрыс қарым-қатынасқа, өз ойларын толық жеткізе білуге тәрбиелеу ____________________________
воспитательные_________
б) дамытушылықСтуденттердің ой – өрісін дамыту арқылы, пәнге белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру.
развивающие_______________
ІІ. Күтілетін нәтиже.
Ожидаемые результаты:
а) оқушылар түсінуі тиіс көктемдегі табиғат құбылыстарын таныстырудағы бағдарламаларды, оны ұйымдастырудың формаларын теориялық түрде түсініп, тәжірибемен байланыстыру жолдарын_____ түсінуі қажет____________________________
должны понимать_______________________________________________________________________
ә) оқушылар құндылық бағдары болуымектепке жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу_ бағдарламасын бір-бірінен ажырата алу жолдарын меңгереді__________________________________
должны иметь ценностные установки ______________________________________________________
б) оқушылар жасай біледі________________
должны уметь ойын қорытындылайды, бір шешімге келеді, топпен жұмыс жасай алады____

Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Кезекшімен сөйлесу
Психологиялық дайындық
3 топқа бөлініп отырамыз.
Әр топта:
А. Таймкипер – уақытқа қарап отырады.
Ә. Маркер – топтағы ойды дәптерге түсіріп отырады.
Б. Презентатор – топ атынан сөйлейді.
В. Жүргізуші – жұмысты бақылайды, бағыт береді.
Г. Бағалаушы – өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
4. Сабақ мақсатын айту
ІІ.Үй тапсырмасын қайталау. Постер қорғау
Әр топ өзіне берілген тақырыпты қорғайды. Соңында әр топтың жұмысын бақылау.
Күз, қыс мезгілдеріне байланысты тест сұрақтары.
Табиғаттағы көктемгі құбылыстар (тірі табиғат, өлі табиғат, адам еңбегі) туралы видео мен слайд дайындау.
ІІІ. Жаңа тақырып
6 х 6 х 6 («Алты да алты») әдісі
Жұмыс екі этаптан жүреді.
Бірінші этапта әр топ жеке тапсырма алады. Жұмыс барысында топ студенттері жаңа білім мен іскерлікті меңгереді, сонымен бірге өз жұмыстарының қорытындысын басқа топтарға түсіндіреді.
Екінші этапта топ өкілдері араласады, үш жақты келісім арқылы толық қорытынды шығарылады.
Карточкамен жұмыс.
Әр жастағы балаларды «Көктем мезгілімен таныстырудың» бағдарламалық мазмұны:
Бақылау Сәбилер тобы Естияр тобы Ересек тобы
Тірі табиғат Өлі табиғат Суретпен жұмыс.
Көктем мезгілінің суреті беріледі. Сол суретке тақырып қойып, әр топ сабақ жоспарын құру керек.
IҮ. Қорытынды.
СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА
Ү. Бағалау.
Әр топтың бағалаушыларының бағасын тыңдау, қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма
Көктем мезгіліндегі табиғаттағы еңбек іс-әрекетіне сабақ жоспарын жазу.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Студенттермен амандасу, түгендеу, сабақта жоқ студенттерді журналға белгілеу. Топты үшке бөлу.
Әр топта:
А.Таймкипер – уақытқа қарап отырады.
Ә.Маркер – топтағы ойды дәптерге түсіріп отырады.
Б.Презентатор – топ атынан сөйлейді.
В.Жүргізуші – жұмысты бақылайды, бағыт береді.
Г.Бағалаушы – өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
Әділ бағалауын ескерту.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
Постер қорғау. Әр топ өзіне берілген тақырыпты қорғайды. Соңында әр топтың жұмысын бақылау.
Күз, қыс мезгілдеріне байланысты тест сұрақтары
1.Серуен кезінде немесе терезеден қарды бақылау.
А)сәбилер +В) естиярС) ересектер
2.Қар мен мұздың қасиеттерімен танысу. (ақ, суық, күнде әдемі жарқырайды.), мұз (суық, тайғақ).
А) естияр В) ересектерС) сәбилер +
3.Қыс мезгілі туралы балалардың алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
А)сәбилер +В) естиярС) ересектер
4.Қыстың әрбір кезеңіндегі табиғат құбылысына сипаттама беру. (басы, ортасы, көктемге өтуі).
А)сәбилер В) естиярС) ересектер +
5.Күнделікті бақылаулар: күннің ерте батуы, айдың пайда болуы, жұлдыздар.
А) ересектер +В) естиярС) сәбилер
6.Балаларға қыс мезгіліндегі ойын түрлерін үйрету. Қармен ойнау мүсіндеу
А)сәбилер В) естияр+С) ересектер
7.Қыс мезгілінде табиғат бұрышындағы құстардың азығы болатын өсімдіктерді өсіруге қатыстыру (тамыр жемістерді отырғызу, сұлы егу)
А) естияр+В) сәбилерС) ересектер
8.Қыста тәрбиешімен бірге құстарға жем салғыш жасауға, жолдағы, алаңдағы қарды күреуге, ағаштар мен бұталардың түбіне қарды үюге.
А)сәбилер В) естиярС) ересектер+
9.Тордағы құстарды бақылайды. Құстарға жем себеді
А)сәбилер +В) естиярС) ересектер
10.Құстарды бақылау, қыстап қалатын құстарды көлеміне, түсіне, дауысына қарай анықтау
А)сәбилер В) естияр +С) ересектер
11.Саяхат кезінде құстардың жем жейтін науасын бақылайды
А) сәбилер В) естияр С) ересектер+
12.Күз мезгілінде балалардың ауа райын бақылайды (ағаштың тербелуі, жапырақтың үзіліп түсуі)
А)сәбилер В) естияр + С) ересектер
13.Алаңдағы серуен кезінде өсімдіктердің өзгерістерін бақылайды (ағаш, шөп, бұта)
А) сәбилер В) естияр С) ересектер+
14.Серуен кезінде және терезеден табиғатты (күнді, жаңбырды, желді) бақылайды
А) сәбилер +В) естияр С) ересектер
15.Алтын күздің сұлулығын, жануарлар өміріндегі күз құбылыстарын (қүстар мен жәндіктер) бақылайды
А) сәбилер В) естияр С) ересектер+
16.Ағаштарды бақылау (сарғаюы және жапырақтардың түсуі), ойын алаңында және жақын маңдағы саябаққа серуен кезінде құстарды бақылайды
А) сәбилер В) естияр С) ересектер
17. Бақшада көкеністер жинауды бақылайды
А) сәбилер +В) естияр С) ересектер
18.Ауылшаруашылық жұмыстарына (бау, бақша, егін) саяхат.
А) сәбилер В) естияр +С) ересектер
19.Табиғат бұрышына өсімдіктерді отырғызады (учаскіден, шалғыннан, орманнан)
А) сәбилер В) естияр С) ересектер +
20.Күзгі жұмыстарды алаңда, гүлзарда, бақшада, егінге, жидек бағында, жүзімдікте бақылайды
А) ересектер +В) естияр С) сәбилер
Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыру.
Табиғаттағы көктемгі құбылыстар (тірі табиғат, өлі табиғат, адам еңбегі) туралы видео мен слайд дайындау.
ІІІ. Жаңа тақырып
«Көктем мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру»
6 х 6 х 6 («Алты да алты») әдісі
Жұмыс екі этаптан жүреді.
Бірінші этапта әр топ жеке тапсырма алады. Жұмыс барысында топ студенттері жаңа білім мен іскерлікті меңгереді, сонымен бірге өз жұмыстарының қорытындысын басқа топтарға түсіндіреді.
Екінші этапта топ өкілдері араласады, үш жақты келісім арқылы толық қорытынды шығарылады.
II сәбилер тобы.
Бағдарламаның мазмұны. Көктемгі табиғат құбылысын күнделікті серуенде, терезеден бақылау кезінде балаларда түсініктер жинақтау (күн, жылу, қардың еру, жаңбырдың жаууы, шөптің көктеуі) ағаштардың көктемгі гүлдерін қарау (жапырақтың шығуы). Әртүрлі жәндіктер (маса, көбелек, қоңыз) мен құстарды бақылау (торғайдың шиқылдаған дауысы, шалшықта шомылуы, қарғаның қатты қарқылдауы).
Табиғатқа үлкен тұқымдарды себу (бұршақ, настурция); суаруға қатысу. Зырылдауық, сумен, құммен ойналатын ойындар. Құмның (құрғақ, сусымалы, ылғалды), судың (құйылады, ағады) қасиеттері. Құмнан мүсін жасау. Көктем туралы суреттер, иллюстрациясын қарау (гүл, ағаш, құстар). Өлеңдер мен тақпақтар жаттау.
Естиярлар тобы.
Бағдарламаның мазмұны. Тәрбиешінің жұмысы және күнделікті іс – әрекеті. Балалардың көктем туралы түсініктерін толықтыру. Күнделікті серуенде, саяхат кезінде көктемгі табиғат құбылыстарын бақылау. Балалардың сабақта, ойында, үлкендердің еңбегін бақылау барысында ауа – райының қарапайым элементтерін орнықтыру (күн қыздырады, жылы болады, қар ериді, жер су, бұлақтар ағады). Көктемнің бірінші белгілерін бақылау. Көктемгі гүлді өсімдіктердің гүлдеуі, бұталар, ағаштардың жапырағы, бүршігінің пайда болуын бақылау. Жасыл өсімдікке деген ұқыпты қарым – қатынасқа, көктем табиғатының әдемілігін көре білу іскерліктеріне тәрбиелеу. Жәндіктерді бақылау (сыртқы түрін салыстыру, қозғалу әдістерін: ұшады, өрмелейді). Бақаны бақылау (секіреді, жүзеді, жәндіктерді аулайды және жұтады). Күнделікті құстарды бақылау (қараторғай және қарлығаш ұшып келеді, ұя салуға сабан және мамықтарды тасиды). Естиярлар тобында өсімдіктер өсіру жұмыстарын бақылау. Балабақшаның бақшасына гүл түйнектерін отырғызу, тұқым себу, (атбас, бұршақтар, қызылша, шалған хош иісті бұршақтар) уақытында суару. Көктем кезіндегі ойындарда: желдің бағытын, қалқып жүзген заттарды бақылау. Көргендерін сурет бойынша әңгімелеу. Жұмбақ жасыру, өлең - тақпақтар жаттау, көркем шығармаларды оқу, ағаштардың гүлдердің суретін салу.
Ересектер тобы.
Бағдарламаның мазмұны. Табиғаттағы көктемгі құбылыстар, олардың себептері, адамдардың көктемгі еңбегі туралы білімдерін молайту. «Көктем» түсінігін қалыптастыру. Жел, су арқылы ойналатын ойындар (желді диірмен, суға қайықтар, кемелер жіберу, тоған жасауды ұйымдастыру), учаскеде, саяхатта (саябақта, бақта, орманда) ағаштар пайда болған алғашқы жапырақтарды, бұталарды, көктемде гүлдейтін гүлдерді бақылау. Өсімдіктерді ұқыптылықпен отырғыза білуге тәрбиелеу. Жәндіктерді бақылау. Пайдалы (жеті нүктелі қоңыз, құмырсқа, ара) және зиянды (май қоңызы, жұлдыз құрт, өсімдік биті) туралы білімдер беру. Қосмекенділерді бақылау. (Бақа, құрбақ) сыртқы түрімен, қимылымен, қандай пайда келтіретінің салыстыру. тұман, найзағай, кемпірқосақ туралы білімдерін кеңейту. Судың қатты, сұйық, газ тәрізді күйде болатындығымен таныстыру;
Құстардың ұя салуын, балапандарын қоректендіруін бақылау. Пайда келтіретін құстар туралы әңгімелеу және қажет болғанда қорғау. Саяхат кезінде немесе суреттер арқылы өзеңдегі кемелерді бақылау (өзен, тоған) көктемгі жұмыстар паркте, бақта бақшада, далада. Балалар еңбегі: гүлзарда, бақшада өсімдіктерді өсіру (жүйен дайындау, тұқым егу, топырақты қопсыту). Күннің шығуы. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді өсіру. (бөлме өсімдіктерін қалемшелеу, егу, көшеттерге тұқым дайындау). Көктемгі өсімдіктердің бөліктерімен таныстыруға, жіктеуге, танып білуге арналған дидактикалық ойындар. Көктемгі еңбек және табиғатты танып білу туралы стол үсті ойындары. Көктем туралы иллюстрациялар арқылы әңгімелеу және бақылау.
Карточкамен жұмыс.
Әр жастағы балаларды «Көктем мезгілімен таныстырудың» бағдарламалық мазмұны:
Сәбилер тобы Естияр тобы Ересек тобы
Тірі табиғаттағы құбылыстарәртүрлі жәндіктер (маса, көбелек, қоңыз) мен құстарды бақылау (торғайдың шиқылдаған дауысы, шалшықта шомылуы, қарғаның қатты қарқылдауы)
көктемгі гүлді өсімдіктердің гүлдеуі, бұталар, ағаштардың жапырағы, бүршігінің пайда болуын бақылау; жәндіктерді бақылау (сыртқы түрін салыстыру, қозғалу әдістерін: ұшады, өрмелейді).
бақаны бақылау (секіреді, жүзеді, жәндіктерді аулайды және жұтады).
күнделікті құстарды бақылау (қараторғай және қарлығаш ұшып келеді, ұя салуға сабан және мамықтарды тасиды);
өсімдіктер өсіру жұмыстарын бақылау; учаскеде, саяхатта (саябақта, бақта, орманда) ағаштар пайда болған алғашқы жапырақтарды, бұталарды, көктемде гүлдейтін гүлдерді бақылау
жәндіктерді бақылау: пайдалы (жеті нүктелі қоңыз, құмырсқа, ара) және зиянды (май қоңызы, жұлдыз құрт, өсімдік биті)
қосмекенділерді бақылау. (бақа, құрбақ) сыртқы түрімен, қимылымен, қандай пайда келтіретінін салыстыру;
құстардың ұя салуын, балапандарын қоректендіруін бақылау
табиғат бұрышындағы өсімдіктерді өсіру. (бөлме өсімдіктерін қалемшелеу, егу, көшеттерге тұқым дайындау).
Өлі табиғаттағы құбылыстаркүн, жылу, қардың еруі,жаңбырдың жаууы, шөптің көктеуі түсініктерін қалыптастыру;
құмның (құрғақ, сусымалы, ылғалды), судың (құйылады, ағады) қасиеттері;
құмнан мүсін жасау;
ауа – райының қарапайым элементтерін орнықтыру (күн қыздырады, жылы болады, қар ериді, жер су, бұлақтар ағады);
тұман, найзағай, кемпірқосақ туралы білімдерін кеңейту
Судың қатты, сұйық, газ тәрізді күйде болатындығымен таныстыру;
Суретпен жұмыс.
Көктем мезгілінің суреті беріледі. Сол суретке тақырып қойып, сәбилер, естияр, ересек топтарға сабақтың мақсатын, бөлімдерін жазу.
IҮ. Қорытынды.
СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА
Бұтақты бақылату, ағаштарды жапырақтардың шыға бастағанына назар аударту.
Тұман, найзағай, кемпірқосақ туралы білімдерін кеңейту
Жыл құстарының ұшып келуін бақылау, аттарын аттай білу
Тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар өте тез өзгеріп отыратын ұғындыру
Серуен кезінде балаларды құстардың үнін тыңдай білуге үйрету керек.
Шөп шығады, қарлығаштар ұшып келеді, жаңбыр жауады
Ағаштарда,бұталарда болатын өзгерістерге,насекомдар,құстарды бақылату. Адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету
Сәбилер тобы
+ + Естиярлар тобы + + +
Ересектер тобы + + + Ү. Бағалау.
Әр топтың бағалаушыларының бағасын тыңдау, қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма
Көктем мезгіліндегі табиғаттағы еңбек іс-әрекетіне сабақ жоспарын жазу.