Он алтыншы желто?сан. ?айратты? жазу д?птерінен(Т.Молда?алиев).


Пәні: әдебиеттік оқу Тексерілді
Сабақтың тақырыбы: Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен(Т.Молдағалиев). Мұғалімнің аты-жөні: Мирзаханова Н
Күні: 7 .12.2016ж
СЫНЫП: 2 «В»
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт  болған қайсар рухты қазақ жастары   туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Өлеңді оқып, мәтінді оқиды.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Өлең жолдарын, мәтіндегі сөздерді талдай алады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Мәліметтерді айтып, Қайраттың батылдығын бағалай біледі.
Тілдік мақсат: Тәуелсіздік, ерекше, мәңгілік, жадымызда.
Ресурстар: Суреттер,
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу
Алдыңғы оқу: Ақша қар
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер Бағалау
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
2 минут «Мен елімді сүйемін!» тренингі
Егер көршіңді жақсы көрсең,
сол жақтағы көршіңнің басын сипа.
Егер досыңды жақсы көрсең, қол бұлға
Егер мектепті жақсы көрсең, мұғалімге күлімде
Егер еліңді сүйсең, от шашу жаса!
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
10 минут
Қар ұлпасы әдісімен
І топ Ақша қар өлеңін жатқа айту.
ІІ топ Ақын қарды неге теңейді?
ІІІ топ Суретпен жұмыс
IV топ Қыс туралы басқа қандай өлеңдер білесің?
Өз сол иықтарын қағып марапаттайды
ЖАҢА САБАҚ
20 минут
Қазір қай ай? Желтоқсанда қандай мерекелер болады? «Тәуелсіздік» сөзжұмбағын шешу.
Тәуелсіздікке 25 жыл бейнеролик көрсету арқылы Сұрақ-жауап арқылы бейнероликті талқылау
Оқулықпен жұмыс. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен. Сөздік жұмыс. Тәуелсіздік- еркіндік. Ерекше – дара, өзгеше. Жадымызда –есімізде.
Мәңгілік- өмір бойы
Т. Молдағалиев туралы мәлімет беру. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет.
«Қайраттың жазу дәптерінен» Қорқақтық, асыл міндет деген сөздердің мағынасын түсіндіру. САБАҚТЫ БЕКІТУ
10минут
«Суреттер сөйлейді» әдісі
Тәуелсіздік, 16 желтоқсан, 25 жыл, Н.Назарбаев, Бақытты балалар, Қайрат Рысқұлбеков суреттері Формативті бағалау
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
3 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
Өлеңді жаттау Тапсырманы орындағанға «1» балл қойылады
2-деңгей
(қолдану, талдау):
Мәтінді оқып, мазмұнын айту, Тапсырманы орындағанға «2» баға қойылады
3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) «Мен елімді қорғаймын» тақырыбында эссе жазу. Тапсырманы орындағанға «3» балл қойылады
БАҒАЛАУ
Әр топтың бағалаушылары бағалап отырады. КЕРІ БАЙЛАНЫС
Не үйрендім?
Не білдім?
Күн сәулесіне кері байланыстарын жазады. Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды? Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды? Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?