?дебиеттік о?у 16 желто?сан ?айратты? жазу д?птерінен


Сабақтың тақырыбы: Зат есімді пысықтау
Сабақтың мақсаты: 1. зат есім туралы білімдерін кеңейту, сөйлем ішінен зат есімді тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету
2. Оқушыларға түрлі тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын кеңейту.
3. есте сақтау, ойлау, зейін дағдыларын дамыту
4. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге , патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: өздері салған суреттер, түрлі тапсырмалар, оқулық, слайд.
Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, салыстыру.
Түрі: бекіту сабағы
Типі: дәстүрлі емес сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу, математика,ән-күй
Сабақтың барысы
І.Ұйым. кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық
Біз- балауса балдырған,
Өнер білім жолын қуған.
1. Біз қандай сөз табымен таныстық?
Бүгін біз зат есімді пысықтап, жаттығу жұмыстарын жасаймыз.
ІІІ. Өтілген материалды тексеру.
IV.Слайдпен жұмыс
І-ші бөлік. – Зат есім дегеніміз не?
ІІ-ші бөлік -Зат есімнің сұрақтары
ІІІ- бөлік – Зат есімнің қандай түрлері бар?
IV.- -Жекеше түрі деген не?
V.- -Көпше түрі деген не?
VI. - - Көпше түрге өту үшін қандай жалғаулар
жалғау керек?
Міне балалар, сендер сұрақтарға дұрыс жауап бергендіктен қазақтың ең көрікті жері, ең сұлу жерінің суреті шықты.
1.Біздің Отанымыз қай ел?
2. Президентіміз кім?
3. Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
4. Тәуелсіздікке неше жыл толады?
Ендеше, мен сендерге үйге сурет салып келуге және оған әңгіме құрастыруға тапсырма берген едім. Енді соларды тыңдап көрейік.
(Оқушылар салған суреттері бойынша әңгімелейді. Ермахан Тәуелсіздік туралы жазылғанды оқиды).
-Кім қандай тақпақ, мақал біледі екен?
Ермахан. Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анм жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Айдана. Қырқасын гүл көмкерген,
Отанымның от демі.
Менің байтақ өлкемнен
Көркем өлке жоқ тегі!
Әсем. Атады әрбір таң күліп,
Шашып алтын шапағын.
Жер бетінде мәңгілік,
Жасайды ұлы Отаным!
Жібек. Отан от басынан басталады.
Ел іші- алтын бесік.
Ерасыл. Өз елім-өлең төсегім.
Елінен безген ер оңбас.
Зат есімді тап. (ауызша)
Дала десе, көл түседі есіме,
Дала десе, ел түседі есіме.
Дала десе, түседі еске арғымақ,
Кең далада шабатұғын көсіле.
*Оқы.
* Зат есімдерді тауып сұрақ қой.
V. Дәптермен жұмыс.
* Каллиграфиялық жол
Е е
Елтаңба
сөзді оқу
дауысты дыбыстарын табу
буынға бөлу
буын түрлерін анықтау
VI. Дыбыстық талдау
елорда- 6д, 6ә, 3д-ты, 3 д-сыз, з б, 2 т.
Ел-ор-да
1.ел-орда
2. елор-да
е-д-ты, жіңішке
л- д-сыз, үнді
о-д-ты, жуан
р- д-сыз, үнді
а-д-ты, жуан
-қандай рәміздерді білеміз?
Ту, елтаңба, әнұран
-сұрақ қойыңдар
VII. Шығармашылық жұмыс
А)Тау, балықтар, балалар, орман, жұлдыз, дәптерлер, үйлер, мектеп
сөздерді оқып, сұрақ қой.
Жекеше,көпше теріп жаз
(тақтаға бір оқушы жазады)
Ә)Берілген сөздерді көпше түрге айналдыр
Кісі, қыран, батыр, оқушы, кітап, жалау, терезе, ойын