?дебиеттік о?у 16 желто?сан?айратты? жазу д?птерінен


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Түсіпова А
Сабақтың атауы Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Мақсаты Білімділік:.Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ  жастары  туралы  мағлұмат  беру. Тәрбиелік: Батырдың  биік  тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің  болашағына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Дамытушылы:    Оқу   дағдысын   қалыптастыру   және жетілдіру , байланыстырып   сөйлеуін  дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, суреттер, үнтаспа.
Күтілетін нәтиже +Психологиялық ахуал Қазір қай мезгіл?
— Қыс мезгілі.
— Ақын ақша қарды неге теңейді?
— Ақ мамық қар, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектің түріндей, ақ қардан көрпе жамылды.
— Осы қыс мезгілінің айларын атайықшы?
— Желтоқсан, қаңтар, ақпан.          Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту   Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Олай болса, осы желтоқсан айында болатын ерекше мерекелердің бірін білу үшін біз қазір сөзжұмбақ шешеміз. 
.
Т  
  Ә      
    У      
  Е    
  Л        
      С
  І  
        З    
    Д  
        І  
    К        
 
Рәміз.
Қазақтың ханы.
Жыл басы.
Киелі сан.
Бұрынғы астана.
Ресей халқы.
Алып жануар.
Қасиетті ай.
Мұз айдыны.
Жыртқыш құс.
Қазақстан қаласы.
 Сөзжұмбақтан ерекше торкөзден қандай сөз шықты?
— Тәуелсіздік.
— «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
   
 
 Ендеше, бүгін бізгеде «Қайраттың жазу дәптерінен» үзінді берілген екен. Сонымен танысайық.
                  (тақырыпты жаздыру)
Озім оқулықтан оқып беремін.
2 оқушыға оқытамын.
Сұрақтарға жауап алам.
а) Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?
ә) Қ. Рысқұлбековтің асыл міндет депотырғаны не деп ойлайсыңдар?
                (оқушылардан жауап алу)
Қайрат өз халқының бостандығын, ел болашағын, тәуелсіздігін өз алдына мақсат, асыл міндет етіп қойды.
Сергіту сәті  Ендеше, балалар, біз Т. Молдағалиев атамыздың «16 желтоқсан» өлеңімен таныссақ, басқада ағаларымыз «Желтоқсан» оқиғасына арнап әуені мен өлеңдер арнаған екен. Солардың бірі «Желтоқсан желі» әнін біз қазір үнтаспадан тыңдайық, Әбирбек Тінәлиевтің орындауында.  
Ой толғаныс Сұрақтарға жауап аламын
1.      Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады?
2.      Бұл күн қандай мереке?
           (оқушылардан жауап алу).
— Ендеше, дәптерімізді ашамыз.   
Үйге тапсырма Қайраттың өмірден өткеннен кейінгі өмірі.
 
  Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 
 
 
  Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады