Саба?та топты? ж?мысты тиімді ?йымдастыру жолдары. коучинг жоспары.


Күні: Модуль аты Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.
Коучинг тақырыбы Сабақта топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары
Коучинг мақсаты 1.Коучингке қатысушы мұғалімдерге топтық жұмыстарды жүргізуді үйрену.
2. Оқушылардың белсенділігін арттырудың тиімді жолдарын қолданудың дағдысын жетілдіру.
Оқу нәтижелері Топтық жұмыс жүргізу әдістерін үйренеді, бірлесіп жұмыс істейді. Оқушылардың белсенділігін арттырудың тиімді жолдарын қолдану дағдысын меңгерді.
Түйінді идея: «Ойды ой туғызады»
Әдіс-тәсіл Жекелей, топпен жұмыс,ой қозғау, миға шабуыл, сто стратегиялары
Ресурстар мен жабдықтар Бағалау парағы, постер, презентация, бейнежазба, маркерлер, интербелсенді тақта, стикерлер, таратпа тапсырмалар
Оқыту кезеңдері Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
5 минут Көңіл-күйлерін көтеру, ойын арқылы жайлы психологиялық ахуал туғызу.
Ойын: «Картоп егу»
Барлықтарыңызға бүгінгі сабағымызда сәттілік тілеймін! «Картоп егу» ойынын ойнайды. 1-ден -3 –ке дейін санап ,әр сан бойынша топ құрып , сол топпен отырады.
Ой қозғау
5 минут Презентация көрсету «Білім берудегі диалогтық оқытудың әдістері»
Миға шабуыл: Сұрақ қою: Диалогтық оқытудың әдістерін тиімді қолданудың жолдары қандай? Топпен жұмыс
15 минут
Ортаға ой-пікірлерін тастап, постерге салу бойынша тапсырманы орындату. Топ мүшелері өзара келісіп, талқылап постерге орындайды.
Жұмысты қорғау:
10 минут Спикерді таңдау үшін, орындықтың артына стикер жабыстырылады. Отырған адам спикер болады. Спикерлер «Аквариум» әдісін қолданып қорғайды. Спикер өз орнында қалып, жобаны қорғайды, ал қалғандары басқа топқа қонаққа барады. Қонақтар стикерге "Мадақтау сэндвичін"жазып кетеді.
Өзара бағалау
5 минут Қорғап болғаннан кейін, 2 топ бір-бірін бағалайды. /1-топ қолмен немесе жесттер көрсету арқылы, 2-ші топ әдемі сөзбен/Ойын «Он сұрақ»
5 минут Коуч бір мұғалімді таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
Бір адам ортаға шығып ойынға қатысады, сұрақтар қояды.
Сергіту сәті «Қаңқаларың сергітуі» Ортаға шығып интербелсенді тақтадағы бейнежазбаға қарап билейді.
Ойлаудың алты қалпағы стратегиясын қолданып бүгінгі коучингті қорытындылау.
5 минут Стратегияның мақсатын түсіндіреді.
Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.
Мұғалімдерге қалпақтар беріледі. Бүгінгі тақырып бойынша өз ойларын айтады.
Рефлексия.
7-8 минут Эссе стратегиясы.
Қандай жаңа ақпарат алдым? /стратегиялармен таныстым, ойындар/Не қызықты болды?
Мен өзімді қалай сезіндім?
Басқа әріптестеріммен қалай жұмыс жүргіздім?
Қандай қиыншылықтар болды?
Өзім үшін не білдім, не алдым? Тыңдаушылар сабақтан алған әсерлерінен шағын эссе жазады
Бағалау
5 минут Стикерлерді тарату, түсіндіру тақтаға кері байланыс жазады
(тыңдаушылар коучингтің өтуі туралы стикерге «2 жұлдыз екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы); 1 тілек- жақсартуды қажет ететін нәрсе» жазып кетеді)