Дарынды балалармен ж?мысты ?йымдастыру ж?не ж?мысты жекелендіру.


Дарынды балармен жұмысты ұйымдастыру.
Дарынды балалармен жұмысты жекешелендіру.
Әр адам бойында көптеген қабілеттер
және бейімділік болады, оларды өте жақсы
нәтиже беру үшін тек ояту немесе дамыту
қажет. Сонда ғана адам нағыз адам болып
қалыптасады. А. Бебель
Практикада дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін алдын ала жоспар немесе оқу жоспары және оқу материалдарын дайындайды. Бұл дарынды балалардың шығармашылық дамуына, адаммен араласа білуге, көшбасшылық сапасының артуына алып келеді және болашақта дарынды тұлға ретінде қалыптасуына алып келеді.
Дарынды балалармен жекеше жұмыс жүргізу - бұл оқу процессінің ұйымдастырылуы, мұнда студенттің жеке ерекшелігі ескеріледі және дарынды балалардың потециалын дамытуға жағдай туғызылады.
Жекешеленген оқу жоспары білім бағдарламасының мазмұнынының игерілу ерекшелігі және дарынды баланың білім қажеттілігі ескеріледі.
Жекешеленген оқу жоспарының құрылу барысында модульдік принціпі қолданылуы мүмкін, себебі оқу жоспарына кіретін әр түрлі пәндердің, курстардың, модульдердің сәйкестігі алынады.
Оқу бағдарламасының іске асырылу барысында дарында балаларды оқытуда сәйкесінше әр түрлі оқыту технологияларын, сонымен қатар қашықтықтан оқыту технологиясы, электронды оқыту қолданылуы мүмкін.
Герман Константинович Селевко өзінің «Қазіргі заманғы технологиялар» монографиясында оқу процессінің жекеше оқытуда технологияны таңдау, оқыту барысын таңдау тұлғаның ерекшеліктерін анықтайтынын жазған.
Дарынды балалар үшін білі процессіндегі жекелеп оқыту - бұл жеке білім жоспарларын студен ерекшелігіне қарай құру. Жекелеп оқыту – бұл өзінің білім алудағы мазмұнын таңдайтын студенттің өзі таңдайтын процесс.
Жекелеп оқыту білім берудің жаңа қадамы, яғни бұл жерде студенттің орны өзгереді: Ол білім берудің объекті емес субьекті орнын алады.
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруда басты рольде білім беру бағдарламасы тұрады.
1992 жылы Пассов дарынды, талантты балалардың жасына қарай қолданылатын оқу бағдарламасын жасаудың принциптерін ұсынған болатын.
- Бағдарламаның мазмұныны ойлау құрылымының көмегімен білімді интеграциялап маңызды жағдаяттарды және жаңа ойларды, тақырыптарды тереңірек және ұзақ уақыт қарастыру қажет болатын. - Дарынды және талантты балалармен жұмыс бағдарламасы продуктивті ойлау қабілетін дамытуды қарастыруы қажет, сонымен қатар оның практикалық қолданысының дағдысын қалыптастыру, олардың алған білімдерін ой елегінен өткізу арқылы жаңа ой қалыптастырады. - Дарынды және талантты балалармен жұмыс бағдарламасы жаңа ақпараттарды қолданудың мүмкіндігінің болуын қамтамассыз етуі қажет, олардың оқуда дамуын, ойларын қолдап, балалардың қиын ой процесстеріне шығармашылығына және жасау шеберлігіне көңіл бөлу.
Дарынды балаларға білім беру программаларының қажеттіліктері: - оқу барысына кең ауқымды тақырыптарды және мәселелерді таңдау, бұл студенттердің универсалды болуына қызығушылық тудырады, олардың жалпылауға құштарлығы артады, болашаққа теориялық бағдары және қызығушылығы артады; - білім беруде пәнаралық байланыстың маңызы зор, себебі дарынды балалар білімдерін кеңійтуде және тереңдетуде ынталанады, сонымен қатар әр түрлі құбылыстарға шешім табуда қабілеті артады; - «ашық түрдегі» мәселені талқылап уйрену, балалардың зерттеуге құштарлығын арыттыру және зерттеу дағдысын қалыптастыру, дамыту; - жоғарғы дәрежеде дарынды баланың қызығушылығын ескеру және студенттің өзі таңдаған тақырыбын тереңдеп оқуын мадақтау; - дербес ізденіп оқуын қолдау және дамыту; - оқу процессінің мазмұны жағынан икемділігін, оқытудың формасы мен әдісінің өзгеріп жатқан қажеттіліктерге байланысты, жеке тәсілдерге байланысты студенттің өзіне реттеуге мүмкіндік беру; - оқу жағдайын, оқу материалының сонымен қатар, оқу бөлмелерін керекті құрал жабдықтармен толықтыру, сәйкесінше оқулықтармен толықтыру, дала зерттеулерін ұйымдастыру, зертханаларда, мұражайларда жұмыс орнының болуын қамтамассыз ету; - студенттерді өздерінің жұмыстарының нәтижесін маңызды критериилер арқылы бағалауға, көпшілік арасында талқылау және өз ойларын және нәтижесін қорғау дағдысын қалыптастыру; – ата – анасының қолдауына және бақылауына келісімін алу.
Дарынды балалар үшін жеке білім бағыты құрастырылады. Жеке білім бағыты – бұл мақсаткерлік білім бағдарламасы, ол білім алушыларға мазмұнын таңдауға тұлғалық мүмкүндік береді.
Жеке оқыту бағытын жасайтын универсалды рецепт қазірде жоқ. Дарынды баланы оқытудағы жеке білім беру бағдарымен оқыту дамытудың ерекше түрі.
Бұл бағыт бағдардың барлық кезеңін анықтау мүмкін емес, себебі педагогикалық процесс құрамы уақытында түзетулер енгізуге мүмкіндік береді, себебі ол бала оқыту және дамыту процессінде өзгерісті уақытылы көрсетіп отырады.
Тұлғалық -бағытталған білім процессіне жеке дара жасалатын білім бағдары адекватты. Ол белгілі бір дарынды оқушыға жасалады. Бағыт бағдардың жасақталуы барысында дарынды оқушы дифференциалды білімнің таңдаушысы ретіндегі жеке тұлға болып есептеледі, ал бағыт бағдарды іске асыру барысында іске асырушы тұлға ретінде қарастырылады.
Жекешеленген оқу жоспары тұлғалық – бағытталған оқу процессінің бағыты, бірақ осымен бірге өзіне тән ерекшеліктері болады. Ол әр дарынды балаға сәйкес жасақталады. Бағыт бағдар таңдалмас бұрын дарынды студент дифференциалды оқытудың субьекті ретінде қабылданады, ал осы бағыт бағдардың орындалуы барысында студент оқуды іске асырушысы ретінде қабылданады. Жекешеленген білім бағыт бағдарының жоспары білім беру қажеттілігіне, қызығушылығына, қабілетіне байланысты болады.
Баланың дамуы бірнеше білім беру бағытына байланысты, олар бірге немесе тізбектелуі мүмкін. Осыдан түсінетініміз педагогтың басты мақсаты – студентке мүмкіндіктер спектрін ұсыну және оған таңдауға көмек көрсету.
Берілге бағыт бағдарды таңдау мүмкіндігі әр түрлі факторларға байланысты: - ерекшелігімен, қызығушылығымен және студенттік және ата – ананың мұқтаждығына байланысты білім берудің қажетті жетістіктер нәтижесін аламыз; - дарынды тұлғаның білімдік мұқтаждық қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі; - ресурстық қажеттілік;
Индивидуалды оқу жоспары - дарынды балалармен жұмыстың жекешеленген шарты. Жеке бағдарланған жұмыс жоспары баланың қандай пәнді тереңдетіп, ал қандай пәнді қайта бастап оқитынына таңдау жасауы.

Әдебиеттер тізімі.
1. Андреев В.И., «Диалектика воспитания и самовоспитания творческой личности. Основы педагогики творчества», Казань, 2007.
2. Лейтес Н.С. Возрастная одаренность и индивидуальные различия: избранные труды. – М.: Издательство НПО «МОДЭК», 2003.
3. Ландау Э. Одаренность требует мужества: психологическое сопровождение одаренного ребенка. М.: Издательский центр «Академия», 2002.
4.Шумакова Н.Б. Обучение и развитие одаренных детей. – М.: Издательство Московского психолого-социального института; Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК». 2004.
5 Электронный ресурс Министерства образования и науки. сайт http://standart.edu.ru/.
6. «Федеральный Государственный Образовательный Стандарт», утвержден приказом от 17 декабря 2010 года Министерства образования и науки РФ. сайт http://standart.edu.ru/.
7.Феденко Л.Н. Об особенностях введения федерального государственного образовательного стандарта основного общего образования. http://www.isiorao.ru/news/index.php?news=3043