Тренинг Ананы? ала?аны бала?а айдынды ?оныс


«Ананың алақаны балаға айдынды қоныс»
Ата-аналармен тренинг
Мақсаты: Психологиялық ойын жаттығулар арқылы, тәрбиеленушілер мен ата-аналар құзіреттілігін арттыру. Бала тәрбиесінде ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ұстаз ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту, баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Жоспар:
1. Сәлемдесу.
2. Көңіл күй түсі
3. Біз-біргеміз тақырыбында отбасы суретін салу
4. Жіппен сурет салу (ниткопись)
5. Сергіту жаттығуы
6. "Көңілді күн" ұсыныс, пікірлер жазу
7. Майшам жаттығуы
Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар! Сіздерге алдын-ала осы жұмысқа уақыт бөліп келгендеріңіз үшін рахмет айтамын. Сіздердің ойларыңыздан шығуға тырысамын деп ойлаймын. Бүгінгі тренингте ойланамыз, ойнаймыз, бір бірімізді жақынырақ танимыз.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген
Шуақ толы жанымыз жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден!
Көңіл күй түсі
Сары- өзін де , басқаны да қуантып жүретін адамдар
Көк- байсалдылық, қонақжай адамдар
Жасыл- жүрген ортасында белсенді адамдар
Ақ- мейірімді адамдар
Қызыл- алдына мақсат қойса жетпейтін, тынбайтын жігерлі адамдар. Ішімдегені тап деп отыратын тұйық мінезді адамдар
Біз- біргеміз! Отбасы суретін салу
Ата-аналар мен балалар бірге отырып сурет салады және сол суретті әңгімелейді.
Жіппен сурет салу
Өз қиялына ерік бере отырып сурет салу.
Сергіту жаттығуы
Өтірік айту жаман қасиет дегендеріңіз аяқты
еденге ұрайық,
«Мейірімді анамын» дегендеріңіз орнымыздан тұрайық
«Бала үшін бәрінде жасаймын» дегендеріңіз отырайық
Бүгінгі кездесуіміз яғни тренинг ұнаса қол соғайық!
Су Джок терапиясы
Қорытынды
Көңілді күн
Майшам