Презентация физика п?ні та?ырыбы Механикалы? тол?ындарды? интерференциясы мен дифракциясы


Физика9- сыныпСабақтың тақырыбы:Механикалық толқындардың интерференциясы мен дифракциясыФизика пәні мұғалімі: Жүсіпназарова Гүлмайра МакуақызыТараз қаласындағы ФМБ НЗМ Сабақтың оқыту мақсаты: қарапайым мысалдармен суперпозиция принципін түсіндіру және пайдалану; дифракция бойынша тәжірибелерді түсіну, мысалы, толқындық ваннадағы су толқынының дифракциясы;Пәндік лексика және терминология: Толқын дифракциясы, толқын интерференциясы, тұрғын толқын, суперпозиция принципі, толқын түйіні, тербеліс жиіліктері, тербеліс фазалары, стационар толқын, соққы. Бұл сабақта меңгеретініңіз: интерференция ұғымы;стационар толқындар ұғымы;музыкалық аспаптардың қай жерінде стационар толқындар пайда болады;соққы тұжырымдамасы;дифракция және интерференция;толқындардың дифракциясы;тұрғын толқын. Сабақты меңгеру үшін мына тақырыптармен таныс болуыңыз керек:механикалық толқындарды сипаттау кезінде қолданылатын номенклатура;Гюйгенс приципі;толқындардың сыну мен шағылу құбылысы;амплитуда период жиілік және толқын ұзындығы;толқынның жалы ойысы;толқындардың шағылу теориясы. Жоспары:Толқын дифракциясы және Гюйгенс принципіДыбыс толқынының дифркациясыСуперпозиция принципі Толқын интерференциясыСтационар толқынСоққыШектегі толқынның дифракциясыТолқын интерференциясыСудағы толқын. Толқынды қозғалыстың қайсысына да болмасын интерференция және дифракция құбылыстары тән. Кеңістіктің әрбір нүктесінде қорытқы тербелістер амплитудаларының уақыт жөнінен тұрақты таралу тәртібі орнайтындай болып, екі немесе бірнеше толқынның қосылуы интерференция деп аталады.Толқындардың түзу сызықты таралудан ауытқуы немесе бөгеттерді орағытып өтуі дифракция деп аталады (difractus –латын сөзі сынған деген мағынаны береді). http://bilimland.kz Дыбыс толқынының дифракциясыhttp://bilimland.kz Толқын интерференциясыЖазықтықта жайылған толқындардың суперпозиция құбылысы интерференция деп аталады. Пайда болған толқынның пішіні мен жиілігі жабылып жатқан толқындардың амплитудасы мен жиілігіне байланысты. Қорытқы толқынның пішіні суперпозиция принципі қолдану бойынша анықталынады.http://bilimland.kz/ http://bilimland.kz/ Судағы толқын Кері байланыс:Сабақта пайдаланылған ресурстар http://bilimland.kz/ сайтынан алынды.{D27102A9-8310-4765-A935-A1911B00CA55}Сабаққа қатыстым__________. БелсендіБелсенді емесСабақта орындаған жұмысыма_________. Көңілім толадыКөңілім толмайдыСабақта __________. ШаршамадымШаршадымСабақта қарастырылған материал__________.ТүсініктіҚызықтыПайдалы ТүсініксізҚызық емесПайдасы болмады