Ашы? саба?: Атмосфералы? ?ысым


Атмосфералық қысымГеография 6 сыныпСабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысымСабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларға Атмосфералық қысым туралы мәлімет бере отырып, біліктіліктерін арттыру.2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін, танымдылықтарын қалыптастыра отырып, өз бетінше ізденіс пен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сауаттылыққа, мәдениеттілікке, табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдіс - тәсілі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиясы, сұрақ - жауап.Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, кесте, карта.Пәнаралық байланыс: тарих, математика, қазақ тіліСабақтың типі: Сын тұрғысынан ойлауСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:а) Сәлемдесуә) Түгендеуб) Сыныпты топқа бөлуI - топ ----------------II - топ --------------III - топ«Ауа» ---------------«Күн» --------------«Атмосфера»Психологиялық дайындықII. Үй тапсырмасынан сұрау:&26 Ауа температурасын сұрақ - жауап әдісі арқылы сұраймын.а) Ауа деген не?ә) Ауа температурасын өлшейтін құралды ата?б) Амплитуда деген не?III. Жаңа сабақЖаңа білімді өздігінен меңгеруге дайындықАуаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Ауа қысымы биіктікке сәйкес азаюы адам ағзасына үлкен әсер етеді. Адам 3000м биіктікке көтерілгенде биіктік ауруымен ауыра бастайды: тез шаршайды, басы айналады, жүрегі айниды. 4000м - дегі биіктікте қан тамырлары жарылып, мұрнынан қан кетеді, есінен танады. Оған себеп ауа қысымының жалпылама азаюына байланысты оның құрылымындағы оттегінің де қысымы азаяды. Атмосфералық қысым барометр деп аталатын құралмен өлшенеді (грекше барос - салмақ, метрео - өлшеймін ). Барометрдің екі түрі бар - сынап барометрі және анероид барометр қолданады (грекше анероид – ылғалсыз).Сынап барометрі қысымды тұрақты жағдайда өлшеу үшін қолданылады. Оны бір жерден екінші жерге алып жүру қолайсыз. Сондықтан экспедицияға, топ серуенге, туристік жорықтарға шыққанда ауа қысымын өлшеуге анероид барометрі қолданылады.Әр топ өз түсінгендері бойынша сабақтың мазмұнын айтады.Топтар бір біріне сұрақтар қояды:1. Атмосфералық қысым қалай пайда болады.2. Қысым деген не?3. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?4. Барометрлік қысым деген не?5. Уақыт бойынша атмосфера қысым неліктен өзгеріп отырады.IV Сабақты бекіту:1. Ауаның жер бетіне түсірген салмағы не деп аталады.а) атмосфералық қысым ә) ауа температурасы б) сынап барометрі2. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.а) термометр ә) барометр б) сынап барометрі3. Барометрдің неше түрі бар?а) 2 ә) 3 б) 54. Бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде п. б қалыпты күшті не деп атайдыА) қысым ә) атмосфералық қысым б) ауа қысымы5. Қай жылы Э. Торричелли қай жылы атмосфералық қысымды өлшегена) 1608 - 1647 ә) 1519 - 1520 б) 1710 - 17116. Бірінші рет атмосфералық қысымды өлшеген ғалыма) Х. Колумб ә) Э. Торричелли б ) Ф. Магеллан7. Топ сеуренге, туристік жорықтарға шыққанда қандай ауа қысымы қолайлыА анероид барометр ә сынап барометр б барометр8. Егер атмосфералық қысым жаз айларында жоғарласа ауа райы қандай боладыа) жылы ә) суық б) жауын - шашын9. Сынап бағынасын 760мм биіктігіне тең осы қысымды не деп атайдыа) атмосфералық қысым ә) қалыпты атмосфералық қысым б) қысым10. Атмосфера қандай қабата) ауа ә) су б) тас қабатыV. Үйге тапсырма беру:&27 Атмосфералық қысымVI. РефлексияVII. Бағалау