Саба? жоспары Динамика тарауын ?айталау (9 сынып)


Пән: Физика
Мерзімі: 20.12.16 ж
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы:Динамика тарауын қайталау.
Сабақтың білімділік мақсаты: Динамика тарауындағы негізгі ұғымдарды қайталау, қорытындылау, бағалау, пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Динамика негізіндегі физикалық шамаларды,заңдарды қайталай отырып , ойлау қабілетін, танымын дамытып, формулаларды, және олардың өлшем бірліктерін есептеулерде қолдана алу дағдысын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, бірлікке, байқампаздыққа, еңбектене білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі:оқулық,карточкамен жұмыс.
Ұйымдастыру кезеңі:
I - тур. Үй тапсырмасы : Сұрақ – жауап.
II - тур. “ Кім шапшаң ”
III - тур. Есеп шығару
IV - тур. Физикалық диктант
I - тур. Сұрақ – жауап.
1. Жасанды серік неліктен Жерге құламайды?
2.Бірінші ғарыштық жылдамдық деген не, сан мәні қаншаға тең?
3. Салмақ дегеніміз не?
4.Екінші ғарыштық жылдамдық нешеге тең:
5.Бүкіл Әлемдік тартылыс заңы туралы кім ашты және формуласы қандай?
II-тур. Динамика негіздері тарауын қайталау үшін « Кім шапшаң?» (Карточкамен жұмыс)
Ньютонның екінші заңы:
Анықтамасы Белгіленуі Формуласы Өлшем бірлігі Есепте Массасы 200г дене 1,5м/c2 үдеумен қозғалу үшін оған қандай күш түсіру қажет?
Жасанды серіктер қозғалысы
Анықтамасы Белгіленуі Формуласы Өлшем бірлігі Есепте Жасанды серіктер қозғалысы 3,76 м/c2 ал оныың радиусы 3,39*106м.Марс бетіне жақын маңайда ұшып жүрген жасанды серіктер жылдамдығын анықтаңдар?
III-тур. Есеп шығару .(Тақтаға шығару)
Жердің радиусы 6400 км,ал еркін түсу үдеуі 9,8 м/c2 екені белгілі бірінші ғарыштық жылдамдықты есептеп шығарамыз?
2. Еңіске қарай үдеумен қозғалып келе жатқан велесипедшіге әрекет ететін күш F= 0.3 H.Велесипедшінің велесипедпен қоса есептегенде массасы қанша? .
Есептерді шешу жолдары:
1. Берілгені: ХБЖ Формуласы Шешуі:
; 64*105м ϑ=gR ϑ=64*105*9.8 =7.9км/c
Т/к: ϑ=?-?
Жауабы:.
2. Берілгені: ХБЖ Талдау Шешуі:


Т/к: ?
Жауабы: .
IV-тур. Физикалық диктант.
1. Ньютонның неше заңы бар: 3
2. Бірінші ғарыштық жылдамдық формуласы, өлшем бірлігі: ϑ=gR км/c
3. Бүкіл Әлемдік тартылыс заңының формуласы:Ғ=G·m1·m2/R2. Мұндағы G дегеніміз не? гравитациялық тұрақты
4. Ньютонның екінші заңының формуласы: F=mg
5.Ньютонның үшінші заңының формуласы: F=-F
6. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні неде? Масса
7. Гравитациялық тұрақты нені сипаттайды? 6.67*10-198.Салмақтың формуласы қандай? P=m(g+a)
Үйге тапсырмасы:
Үй тапсырмасы: Тарау бойынша түйіндемелерді жазу,11 жаттығудың 5-6 есеп
Бағалау: Оқушылардың үй тапсырмасына жауап берулеріне және тарауды қайталау негізіндегі тапсырмаларды орындауына,сұраққа жауап беру іне,сабаққа қатысуына қарай бағалау.
Қорытынды: Динамика негіздері тарауындағы тақырыптар,Ньютонның заңдары, Бүкіл әлемдік тартылыс заңы, Жасанды Жер Серіктері тақырыптарын қайталады.Есептер шығарып сұрақтарға жауап берді өткенді есіне түсірді.

Рефлексия: Бүгінгі сабақта не білдіңіздер? Не үйреңдіңіздер?