Саба? жоспары: Ішкі энергия (10 сынып)


Күні: 04.12.2015 жыл.
Сыныбы: 10 «б»
Сабақтың тақырыбы: § 5. 1. Ішкі энергия
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бойына іші энергия ұғымын қалыптастыру, оның формуласын, өлшем бірлігін есептер шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ішкі энергияның формуласын түрлендіре отырып есептер шығаруда іскерліктері мен білім дағдыларын дамыту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ойлау қабілеттерін, тыңдау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру және пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой – өрісін кеңейту. Ұйымшылдыққа, белсенділікке ынтасын арттыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топшамалар, суреттер, тарату парақтары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды белгілеу, оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал-жабдықтарын тексеру. Сынып тазалығын реттеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Сәйкестендіру» әдісі
«Сәйкестендіру» парағы
№ Есептің номері
Есептің жауабы
1 №2. 62 есеп 4,812 №2. 63 есеп 28∙10-33 №2. 64 есеп 2,74 №2. 65 есеп 0,1425 №2. 66 есеп 9,03∙1025«Сәйкестендіру» парағының жауаптары
№ Есептің номері
Есептің жауабы
1 №2. 62 есеп 4,812 №2. 63 есеп 28∙10-33 №2. 64 есеп 2,74 №2. 65 есеп 0,1425 №2. 66 есеп 9,03∙1025ІII. Жаңа сабақты меңгерту:
Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары бойынша барлық денелер микробөлшектерден тқрады. Дененің ішінде микробөлшектер үздіксіз хаосты қозғалыста болады, демек, кинетикалық энергиясы бар. Сонымен қатар дененің ішіндегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі, ендеше, олардың потенциалдық энергиясы да бар. Сондықтан былайша тұжырым жасауға болады:
Дененің ішкі энергиясы оның барлық микробөлшектерінің сол дененің массалар центріне қатысты хаостық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесу, яғни потенциалдық энергиясының қосындысына тең болады.
U=Wk+WpNN- денедегі микробөлшектердің саны, Wkжәне Wp-бірмикробөлшектің кинетикалық және потенциалдық энергиялары.

U=Wk∙N(2)
Wk=32kT (3)
T-газдың абсолют температурасы,
k=1,38∙10-23ДжK- Больцман тұрақтысы.
N=mMNA (4)
NA=6,02∙1023моль-1-Авогадро саны.
(4) және (3) формулаларды ескере отырып (2) формуланы қайта түрлендіруге болады:
U=32kT∙mMNA=32mMkNATR=k∙NA=1,38∙10-23∙6,02∙1023=8,31 ДжК∙моль- универсал газ тұрақтысы.
U=32mMRT-Идеал газдың ішкі энергиясы немес бір атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласы
U=52mMRT-Екі атомды идеал газдың ішкі энергиясы
U=62mMRT-Үш атомды идеал газдың ішкі энергиясы
SI жүйесінде ішкі энергияның өлшем бірлігі ретінде:
1 U=1 Дж1 кДж=103 Дж1 МДж=106 ДжIV. Кітаппен жұмыс:
89 бет, №2.269 есеп
t=270Cтемпературада бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы U=15 кДж. Осы газ молінің мөлшерін анықтаңдар.
Берілгені: Шешуі:
T= 270C=300 KU=32mMRTU=15 кДж=15∙103Джν=mMR=8,31 Джмоль∙КU=32νRTν=2U3RTν=2∙15∙1033∙8,31∙300=30∙1033429=0,008∙103=8 мольТ/К: ν=?Жауабы: ν=8 мольV. Сабақты бекіту:
«Мозайка» ойыны арқылы
Төот топқа бөлінген оқушыларға 4 есеп беріледі. Оқушылар сол есептерді орындарында отырып шешіп, жауабын экраннан тауып, есептердің артында жасырын тұрған суретті анықтайды. Ол сурет қандай мағына білдіретінін табу керек.

VI. Үйге тапсырма: §5.1. оқу. Қосымша кітаптан №2.274, 2.275, 2.276 есептер.
VII. Қорытындылау: Үй тапсырмасына бағыт-бағдар бере отырып, сабақты қорытындылау. Оқушыларды дейгейлеріне сай бағалау.
Мұнайлы аудандық «№ 9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Тақырыбы: «Ішкі энергия»

Сынып: 10 «Б»
Пәні: Физика
Пән мұғалімі: Макашова Ж.Ж.
2014 – 2015 оқу жылы