Жылу берілуді? т?рлері. Жылу?ткізгіштік, конвекция, с?уле шы?ару.


. Ақтөбе қаласы.Благодар орта мектебі Коянбаева Асылгул Жайылхановна Жылу берілудің түрлері.Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару. Жылу берілудің түрлері.Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.Сабақ мақсаты: Жылу берілу, жылу өткізгіштік, оның мәнісі, конвекция және сәулелену оның жылу өткізгіштен айырмашылығы туралы түсінік беру.Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға дағдыландыру. Ой-өрісін қалыптастыру.Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: араласСабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауапҚұрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, жылу өткізгіштік пен конвекция құбылыстарын демонстрациялауға арналған аспаптар. Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.1.Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?2.Оны өзгерту тәсілдері қандай?3.Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?4.Жылу алмасу дегеніміз не?5.Жүйенің ішкі энергиясын өзгертудің неше тәсілі бар? ІІІ. Жаңа сабақ.Жылу берілудің үш түрі бар: жылуөткізгіштік,конвекция, сәулеленуІшкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады. Зат орын ауыстырмайды,тек энергия беріледі
Түрлі (қатты,сұйық,газ тәрізді) заттардың ішкі құрлысына қарай олардың жылу өткізгіштігі де түрліше боладыӘр түрлі материалдардың алуан түрлі жылуөткізгішін тәжірибелер арқылы байқауға болады.Балауыз шегелер жапсырылған мыс және темір таяқшалардың ұштарын шамның жалыныны қыздырсақ,темірге қарағанда,мыс шегелердің тез түсіп қалатынын байқаймыз
Жылуөткігіштіктің механизміКристалдық тордың А нүктесіндегі атомдардың тербеліс амплитудасы, қарағанда В нүктесіндегіге қарағанда аз.Атомдардың өзара әрекеттесуі кезінде В нүктесінің айналасындағы атомдардың тербеліс амплитудасы артады.
Сұйықтар жылуды нашар өткізедіЕгер суды сынауықтың жоғары бөлігінде ысытса,онда су тез қайнайды.Бірақ сынауықтың түбіндегі мұз еру үшін ұзақ уақыт керек.Бұл судың да,шынының да жылуөткізгіштігі аз екенін, жылуды нашар өткізетінін көрсетеді.
Газдардың жылу өткізгіштігі нашарСынауықтың ауызын саусағыңа кигізіп түбін шамның жалынына ұстасақ.Біздің саусағымыз жылуды сезбейді,Себебі сынауықтың ішінде ауа бар,оның жылуөткізгіштігі нашар
Заттардың жылуөткізгіштігі Металдар Жылуды жақсы өткізедіСұйықтар орташа өкізеді Газдар нашар өткізеді
Металдардың жылуды жақсы өткізгіштігінің тұрмыста пайдасы зор Мыстың жылуөткізгіштігі темірден 600 есе, судан 7200 есе, тығыннан 9000 есе, мақтадан 18000 есе, ауадан 18000 есе көп Жануарларды,аң-құстарды қыста аяздан, жазда ыстықтан жүндері қорғайды, себебі жүн жылуды нашар өткізеді

Қар қыстық егінді үсіп кетуден сақтайды
Жылуөткізгіштігі нашар заттар тұрмыста кең қолданылады. Конвекция дегеніміз-сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі
КОНВЕКЦИЯҚызған электр шамының үстіндегі ауа ағыны, өзімен бірге энергия тасмалдай,отырып жоғары көтеріледі.
КОНВЕКЦИЯГаздар мен сұйықтардағы жылудың берілуіКонвекция қатты денелер мен вакуумде жүрмейді
Газдардағы конвекцияның таралуы Жылы ауаныңтығыздығы аз болғандықтан,салқын ауатарапынан вертикаль жоғары бағытталған Архимед күші әрекет етеді
Сұйықтардағы конвекцияның таралуыА – қызған сұйықтың тығыздығы кемиді де ,жоғары көтеріледіВ – қызған сұйық жоғары шығадыС – жоғары көтерілген сұйықтың орнына, салқын сұйық келеді де ,процесс қайта басталады КОНВЕКЦИЯКонвекцияның әсерінен Атмосферада жел пайдаболады.Теңіз жағасында күндізгі,түнгі бриз деп аталады КОНВЕКЦИЯКосмос кораблінің сыртқы қабаты салқындайды Іштен жану двигательдері су арқылы салқындатылады Сәулелену (сәулелік жылу алмасу) деп электромагниттік толқындар көмеіемен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесін айтамыз Сәулелену жылу алмасудың, энергия жарық сәулелері арқылы берілетін түрі Сәуле шығарудың таралуыҚызған денелер әртүрлі диапазондағы электромагниттіктолқындар шығадыСәулелену вакуумде де жүреді
Техникада қолданылуыМатериалдардарды кептіру,қыздырутүнгі бақылау құралдары( биноклдер, оптикалық көздеу құралдары),ракеталар мен снарядтарды өздігінен нысананытабуға бағдарлайтынжүйелер жасау Сәуле шығаруҚара түсті денелер энергияны жақсы Жұтады,сондықтан тез қызадыҚара түсті денелер тез суиды ІV.Қорытындылау.Суреттегі балалардың қайсысы дұрыс киінген?дұрыс киінген Қай шәйнектегі су тез суиды?Неге? Ұшақтарды неге күміс түспен бояйды? Тұрмыста электр қыздырғыштаркеңінен қолданылады. Олардан жылу қалай таралады? Суреттегі оттың жалынына ішіндегі тамақ пісе ме?
Күн Жерді,мұхиттар мен теңіздерді қыздырады.Бұл процесс жылуөткізгіштікке де, конвекцияғада жатпайды.Себебі неде? Батареяны қайда және неге солай орналастыру керек? Сурет бойынша тәжірибе ойлап,қандай құбылысты бақылап отырғаныңды түсіндір Қоршаған ортадағы жылуөткізгіштікНеліктен аязда металл ағаштан салқындау, ал қыздырғанда ыссылау болып келеді?Қай шәйнекте су тез қайнайды:жаңа әлде ескі, қабырғасында қағы бар?(Шәйнектер бірдей)
Үйге тапсырма: §5,6,7.2-3-жаттығулар. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру Бағалау:Шығу парағын толтыру-Бүгінгі сабақтан не білдіңіз? -Пікіріңіз. -Кімге рахмет айтамыз? Сабақ аяқталды Сау болыңдар