Д?ниетану п?ні ??ла? есту м?шесі (3 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Құлақ-есту мүшесі.
Мақсаты: 1. Оқушыларға құлақ-есту мүшесі туралы, оның қызметі мен құрылысы туралы түсінік беру. Құлақты күту ережесімен таныстыру;
2.Оқушыладың білімі мен тілін дамыту;
3.Тазалыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.
Көрнекілігі:оқулық, интерактивті тақта, Венн диаграммасы
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Көз –көру мүшесі тақырыбын «Бәйге» ойыны арқылы сұрау.
Сұрақтар:
-Адам заттың пішінін, түсін, мөлшерін қай сезім мүшесімен ажыратады? (көз)
Оқығанда кітап , дәптер көзден қандай қашықтықта болуы керек? (30-35 см)
Көздің қорғанышына не жатады? (кірпік, қабақ, қас)
Көз туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Кірпік, қабақ , қас-адамды неден қорғайды? (шаңтозаңнан, қоқымнан,сұйық тамшылардан)
Егер ұзақ оқу керек болған жағдайда қандай уақыт мөлшерінде көзді демалдыру қажет? (әрбір 20 мин.сайын)
Теледидардан қандай қашықтықта отыру керек? (3-6 м алыс о.қ.)
Сезім мүшелеріне не жатады? (көз, құлақ, мұрын, тері, тіл)
Көзді қандай заттардан сақтау керек?
Үй тапсырмасын бекіту
Суретке қарап, оған қорытынды жасау:

IV. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сезім мүшелерінің қызметі.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:Дәптермен жұмыс. Күннің жадын жазу, тақырыбын жазу.
- Құлақ-есту мүшесі.Құрылысы мен қызметімен таныстыру
-Құлақты күту ережелері мен таныстыру.
- Оқулық бойынша жұмыс: оқыту
4. Сергіту сәті
Көзімменен көремін, табиғатты құлпырған.
Құлағыммен естимін, дыбыстарды сан қырдан
Мұрнымменен сеземін , аңқыған гүл иісін
Осының бәрі құрайды,адамның сезім мүшесін.
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Сұрақтарға жауапалу.
2.Құлақ туралы мақал-мәтел сұрау.
3.Сарамандық жұмыс: құлағыңды жауып көршіңмен сөйлес. Болған соң қорытынды жаса.
4. Суретке қарап, оған қорытынды жасау 45 бет. Әр заттан шығатын дыбысты ми қалай қабылдайды?

VII. Бекіту кезеңі:Венн диаграммасын құру

Екі суретті салыстыр. Адам айналадағы құбылысты қайсы суреттен құлағы немесе көзі арқылы анықтай алады?
Бір-бірден оқушылар тақтаға шығады.
Қорытындылау :
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Сезім мүшелерін көзіңізді, құлағыңызды күте біліңіз.
VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 44-45 бет оқу, мазмұндау.
ҚҰЛАҚТЫҢ СУРЕТІН САЛЫП КЕЛУ
ІХ. Оқушыларды бағалау.




Тақырыбы:Құлақ – есту мүшесі
3 «В» сынып
Өткізген:Абат А.С.
2012-2013 оқу жылы