?ліппемен ?оштасу кешіні? жоспары. ?ош бол, с?йікті ?ліппем!


Қош бол,сүйікті Әліппем!
Дайындаған : М.Акбарова
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.
Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б.
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бұлдіршіндерімізді 42 әріпті меңгеріп, өздері жаза алатын оқушы болды. Енді міне сүйікті Әліппесімен қоштасқалы отыр. «Әліппе » бітіруі алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Біз бүгін сол белестің бірінен өттік. Сондықтан бүгінгі той сіздермен біздер үшін ортақ та, салтанатты мереке.
Сүйікті шәкірттерім! Сендерді бар ғылымның беташары Әліппені табысты аяқтауларыңмен құттықтаймын. Әліппені аяқтау барлық әріптердің таңбасын тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз. Әріп танымай, жазып, оқи алмайтын кездеріңде келіп едіңдер, енді міне, өз беттеріңмен оқида, жазада алатын болдыңдар. Мен шәкіттеріме ризамын және шәкірттерімнің осындай жетістікке жетуіне ата-аналар мен жалпы педагогикалық коллективтің қосқан үлесі зор. Сондықтан да оларға айтар алғысымыз шексіз.
Ал, енді «Қош бол сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға руқсат етіңіздер.
Шырын:
Армысыздар аналар,
Армысыздар балалар.
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр- әніміз.
Ханзат:
Әліппе- білім анасы,
Әліппе – кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы.
Үміт:
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа.
Мұғалім. Ал балалар, осы ертеңгілігіміздің басты кейіпкері «Әліппе» досымызды шақырайық. (Әліппені ортаға шақырады.)
Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Сағым:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған.
Даналықтың данасы.
Әліппе: Сәлеметсіздер ме, кұрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Бәріңізге зор денсаулық тілеймін,қымбатты оқушылар. Мені жақсы меңгердіңдер, таза ұстадыңдар. Өздерің оқи, жаза алатын болдыңдар. Сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге математика, дүниетану оқулықтарымен таныстыңдар.
Әліппе: Ал, балалар, Әліппе туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
Мұғалім: Енді Әліппе, сен құрметті қонағымыз бол.
Хор «ӘЛІППЕ».
Дана:
Әріп аты әліппе,
Әріптерді жинап ап,
Шақырады тәртіпке.
Мерей( ұл):
«Жарым ырыс-жақсы сөз,
Жаман ырыс-жаман сөз»
Дейді халық нақылы.
Болса кімнің ақылы,
Сөз астарын ұғыңдар,
Шындыққа бұл жығылар.
Марал:
Ал сөздерді құрайтын,
Меңгергенше өздерің,
Қалауынша бұрайтан
Өздеріңсің әріптер.
Хор «МҰҒАЛІМ ОЛ БІЗДІҢ».
Мұғалім: Ой, балалар, ортамызға бүгін тентек әріптер келіпті. Енді соларды тыңдап көрелік.
Тентек әріптер.
Саяжан
Ал сонымен әріптер
Шежірені бастайық.
Командирі Әліппе
А-ға сөзді тастайық.
Үміт (А әріпі):
А әріпіне, Т әріпін
Қосып едім-«АТ» болды.
Қосып едім АТ-ға А-ны
Атам оқып шаттанды.
Марғулан (М әріпі):
Еркелеймін мен әлі
Мамам артық бәрінен.
Мухамет:
Адал болсын, аппақ болсын.
Тілектері әр елдің.
Адам болсын, аман болсын,
Бөбектері әлемнің.
Мұқит:
Жалауына жарасқан
Күні менен бүркіті
Әлемге аян аты шыққан
Елім менің Қазақстан.
Айжан:
Білім қуған баламыз,
Оқып білім аламыз.
Айдана:
«Т» қасына «Ай» қонып,
Шыға келді «Тай» болып.
Аманисахан:
«Х» мініп атты.
Таратты хатты.
Алмас:
«M» мінгесіп түйеге,
Кетті айналып күймеге.
Мейрамбек:
«П» келіп алауға,
Айналды палауға.
Ханзат:
Мамам менен папам да,
Атам менен апам да,
Шопан, ұшқыш, ғалым да,
Небір мықты, дарын да.
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе.
Мерей (қыз):
Әнімізге ұласар
Әннің аты «Әліппе».
Бәріміз де тіл ашар,
Кітап аты «Әліппе».
Марғұлан:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты, міне, балаңыз.

Дидар:
«Әліппем» менің «Әліппем»,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Үміт:
Қош бол құтты «Әліппем!»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Саяжан:
Сөйледі олар тіл бітіп,
Небір қызық сырларды.
Тыңдай бердім мен жұтып,
Тіл біткен тақпақ, жырларды.
Алмас:
Арта берді кітапқа
Бойымдағы қуатым.
Бірге жүрген қасымда,
Кітап болды сыңарым.
Шырын:
Ашыла берді алдымнан,
Кең дүниенің есігі,
Соғылған сомдап алтыннан
«Әліппе»-білім бесігі.
Айдана:
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық, тойладық.
Айжан:
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Мерей(қыз):
Әлдиден кейін әліппе бетін аштым мен,
Бүлдіршінмін мен, жаспын мен.
Мұқит:
Әлдиден кейін Анама ұқсап Әліппе
Дүние бетін жөнелдім дейсің танып мен.
Әлдиден кейін Әлемдік барлық құпия
Әріппен сіңді, сіңген жоқ ешбір басқа үнмен.
Мейрамбек:
Өзгеріп жатыр бүгін қала қырым
Ірі алып ағалардың даналығын
Бет алып бара жатыр болашаққа
Аяулы жеті жасар балалығым.
Мұхамет:
Мен бүгін бұрынғыдан саналымын
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім
Дәптердің жазылмаған ақ парағы
Ақ көйлек жеті жасар балалығым.
Аманисахан:
Алфавитті біліңдер
Онда жиі қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Әліппе: Балалар, Әліппеде менің тапсырмаларымды дұрыс орындағандарыңды білемін. «Мектеп-кеме білім-теңіз» демекші әліппеден тағы не үйрендіңдер, соны білгім келіп тұр. Тек әріптермен танысып қана қоймаған боларсыздар?
Мерей (қыз):
Иә,біз ережелерді айтып үйрендік. Мысалы: сөз дыбыстардан құралады.
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.
Айжан:
Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріптерді көреміз, жазамыз.
Мерей (ұл):
Кісінің аты жөні бас әріптен басталып жазылады.
Жер- су аттары бас әріптен басталып жазылады.
Дидар:
Үй жануарлрына қойылған аттар бас әріптен басталып жазылады.
Марал:
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жун айтылады, сөздегі дауысты дыбыс жіңішке болса жіңішке айтылады.
Буын дауысты дыбыс арқылы жасалады.
Айдана:
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе!
Хор: Қош бол, сүйікті Әліппем!
Әліппе: Ал, достар, енді Әліппенің жолын әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысамыз.Ана тілін ортаға шақырайық.
Фируза. Ана тілі: Саламатсыздар ма, балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылменен танылам.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі мен болам.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
-Ата-бабамыз ежелден үш нәрсені бой тұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол-ел, жер және тіл.Ана тілі-әр халықтың төл бесігі.
Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы үйренеді.Ана тілі деп атаудың себебі-анасындай қастерлесін дегені. Өз анасын сыйлайтын әр адам өз тілін де құрмет тұтады.
Аяулы жыр-әніміз
Аялайтын бәріміз.
Алу үшін сана- білім
Ардақтаймыз ана тілін.
Үміт: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Мұғалім:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір таңың, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!- дей отырып ертеңгілігімізді концерттік бағдарламамен жалғастырайық.
Концерттік бағдарлама:
-Құрметті ата-аналар мен ұстаздар!
Уақыттарыңызды бөліп, қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге үлкен рахмет.
Мектеп басшылары мен ата-аналарға сөз беру.
Тиірмен қазақ орта мектебі

1 сынып
М.Акбарова