?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі.


Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.Мақсаты:Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.Автор: Жеті жасар баласын,Жетпісте шал жетектеп. Келе жатыр көшеде,«Қайда әлгі мектеп»-деп.Ата:Балам,балам, жақсы бол,Міне,сенің мектебің.Сабағыңа зейін салАқылды бол тентегім.Немере:Қыркүйекте келдім деСыныпқа кірдім қуанып,Қарсы алды ұстаз мейірімменҚадамымды құп алып.Мұғалім:Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.І-жүргізуші: ГульназҚайырлы күн, уа, халайық!ІІ-жүргізуші:БақтиярАрмысыздар, мұғалімдер , әз жандар,Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.І-жүргізуші: ГульназКөз салып қараңызшы бойымызғаОртақ боп бүгінгі өскен ойымызға.Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға.Мұғалім:Өсті міне бойларың,Өсті ақыл- ойларың.Қуанышқа ортақпын,Құтты болсын тойларын!Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.Іші толы әріпке,Білімдегі жарық не?Хормен:Болашаққа жол ашар-Ол сүйікті- Әліппе!Ол сүйікті -Әліппе!Мұғалім: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!Әліппе:Армысыздар жас достар!Армысыздар, ата-ана!
«Ыбырай ата»
Жырын жаттап саламыз,Жалықпастан қыс-жазы.Ұлы Ыбырай атамыз-Ұстаздардың ұстазы.Ұран тастап көп елге,«Кел, балалар оқылық!»Деген сөзін көңілге
Ықыласпен тоқылықОқығаннан кезіндеОзған алғаш сол екен.Әліппенің өзін де,Жазған алғаш сол екен.
Аяулым:
Әліппем менің Әліппем,Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің,Ертеңгі сәуле жарықпен.Данара:Келгенде алғаш мектепке,Білмеуші едік әріпте,Оқимыз қазір ертекте,Үйреткен оны Әліппе!Адина:Әліппе деген алтын жолАпарар сені алысқа.Жеңіл емес ауыр жолТырысып бақ намысқа.
Олжас:
Бітті әліппе сан сабақБүгін үлкен салтанатӨзге оқулық достаспақӘліппемен қоштаспақ
Айсулу:Әліппемен қош айтысып қаламызЕнді қолға басқа кітап аламызАта – ана қуанышқа бөленгенСауатты боп шықты міне балаңыз
Ақбота:Бар кітапқа бас болғанӘліппе ғылым анасы
Әліппеден басталғанДаналықтың данасыӘн: «Қарлығаш»
II-жүргізуші: Құрметті қадірлі қонақтар енді әріптер сырын тыңдайық!
Азиана:Ардақтымыз анамызАялаған баламызАқыл - саны ой бергенАна тілін аламыз
Аимжан.Әдеп деген неменеӘдеп тәртіп білемізӘдеппен сөйлеп күлемізӘрқашан жұрт алдындаӘдеп сақтап жүремізФариза:Бабаға қарт киеліБаласы бас иедіБала бауыр еті депБаласын ол сүйеді
Алдияр:Досты сыйлау салтымызДостық жасау шартымызДостық деген ынтымақДостасады халқымызРаимбек:Жақсы көрем інімдіЖақын тартып күнімдіЖалынды жас әдептіЖарқын інім білімдіАмир:Заң тәрбие жүйесіЗаңның халық иесіЗаңға әркім бағынарЗаңға тәртіп тиесіДанияр:Отан менің - ата анамОтан - досым, бауырымОтан - өлкем астанамОтан туған ауылым
Би: «Қамажай»
Мадияр:- Тек деген ол немене?- Тек деген түп – тамырың,Отқа түскен жаны мыңТектілік боп саналарЕлің жайлы танымыңКамила:- Спорт деген немене?- Спорт сенің серігіңСаулығың мен сенімің.Спортпенен шыңдаларЖігерің мен ерігіңАйзере:- Салауаттылық деген не?- Салауаттылық – сергектікТаза жүру өмірдеАдамзаттық келбеткеДақ түсірмеу тегінде.Ардана:- Әдет деген немене?- Әдет деген бұл ұғым,Іс - әрекет қылығыңҚалыптасқан жастайданЖайлы мінез - құлығыңӘн: «Жауқазын»
Гульназ: Балалар, біз тек әріп қана танып қоймай, сонымен қатар сандар әлеміне тоқталайықАмир:1 дегенім – баспанаНанды жерге тастама2 - дегенім – ирекҚар жауады сирек3 дегенім – үтікҚұрбымды көп күттік4 дегенім – туАйлакер қу түлкі5 дегенім – бақТайға мініп шап6 дегенім бауБалық аулайтын ау7 дегенім жұлдызАспандағы құндыз8 дегенім – серке,Ән салайық, ерке9 дегенім – талғамДосым, дұрыс ойлан10 дегенім – орақАй деп қалма бірақ.
Би: «Қара жорға»
Бақтияр: Өтірік өлең айту да бір өнер екен, балалардың дайындаған өтірік өлеңдерін тыңдайық.Ерасыл:Тауықпенен ұшыпАйға қонып келдімҚасқырларға ұрсыпТышқан сойып бердімКөбелектер қыстаКиіп алып тондыІлесіп ап құсқаГүлден гүлге қондыАрай:Қоян түнде жортадыҚасқыр одан қорқадыБұлттың жүнін жұлып апӘжем шұлық тоқыдыКім айтады, қызық – ақӨтірік деп осыны.Гульназ:Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)Ұлдардың орындауында би «Ковбой»Әліппе:-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.Мұғалім: -Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
Тапсырмалар: «Математика еліне саяхат» «Жұмбақ» сайысы: (математика: Ата-ана, балаларға).1.Бес бұтақты қайыңда,Бұтақ сайын бес алма.Біреуін бер сайынға,Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).2.Тепсең-ақ секіріп,Ұстатпай қашады.Бір жерге бекініп,Тұра алмай сасады. (доп).3.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)4.Адам есектен неге құлайды? (жерге).5.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)6.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).7.Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)8.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)9.Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады).
Би: «Цыганский»Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.Ана тілі:-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Туған елдің тілімін,Ақылымен танылам.Түсіндірер бәрінеАна тілі мен болам.Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!«5» болсын алар бағамыз,Біліммен бақыт табамыз, Өнер-білім көп тоқып,Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!Ән: «Әліппе»Мұғалім:Әліппемен қош айтысып қаламыз,Енді қолға ана тілін аламыз.Ата-ана қуанышқа ортақ бол,Сауатты боп шықты міне балаңыз!