?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі


Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Жадыраː Қуаныш бүгін мереке
Шуағын шашып тұр әлем
Тойға келген қуанып
Қонақтар сізге мың алғыс
Темірланː Қайырлы күн халайық
Жадыраː Армысыздар, ардақты ата-аналар,
құрметті қонақтар
Темірланː Бүгінгі білім мерекесі ̎Әліппемен қоштасу тойы ̎ құтты болсын!
Жадыраː Ортамызға 1д сынып оқушыларын шақырайық! (1д сыныбы мұғалімімен ортаға шығады)
Мұғалімː Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар.
Бүгінгі әліппемен қоштасу атты мерекемізге қош келдіңіздер. Осыдан 4–ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл- қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған
әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.
Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта мерекемізге тағы бір мереке қосылмақ. Бұл мереке бүгінгі қуанышты күн Әліппемен қоштасу мерекесі. Кеше ғана мектеп табалдырығынан аттаған бүлдіршіндер бүгінде сапалы оқушы болып, ғылымның атасы- Әліппені бітірді. Бұдан былай да білім жолындағы белестерге қанаттары таламай көтеріле берсін дегім келеді.
Жадыраː Балалар мен бір жұмбақ айтайын, сендер жауабын айтыңдар.
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хорменː Болашаққа жол ашар, ол сүйікті Әліппе!
ТемірланːОлай болса бәріміз Әліппені ортаға шақырайық.
ХорменːӘліппе, Әліппе
Әліппе келедіːАрмысыздар жас достар
Армысыздар ата-ана
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға!
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
ЖадыраːҚұрметті Әліппе!
Келгенің жақсы болды. Ортамызға
Қосылып балалардың өнерін тамашала
ЖадыраːХор – Әліппе.
ТемірланːБалалар Отан дегеніміз не?
ХорменːОтан деген ата-анамыз, туған жеріміз
ЖадыраːБіз қай Республикада тұрамыз?
ХорменːҚазақстан Республикасында.
ТемірланːБіздің Қазақстанның елі де бай, жері де бай, ҚР-ның ел ордасы қай қала?
ХорменːАстана
ЖадыраКеше ғана еліміздің егемендік алған күнін тойладық. Тәуелсіз Қазақстанның президенті кім?
ХорменːНазарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
ТемірланːРәміздерімізге не жатады?
ХорменːТуымыз, елтаңбамыз, ән ұранымыз.
ЖадыраːОртаға Перизат пен Жарқынайды шақырамыз.
ЖарқынайːАтам, әжем, әкем, анам
Төртеуі де Отан маған
Төртеуі де ботам дейді
Мақтанамын Отаныммен
Отаныма ботамын мен.
Перизатː Отан – анам
Отан – әкем
Осы сөзім қате ме екен,
Қате болса неге біздер
Дейміз оны Атамекен.
Темірланː Хор – Отан.
( Әннен кейін сахнаға Жалқаубек кіреді.)
Жалқаубекː Балалар, сендер неге жиналып тұрсыңдар?
ЕрасылːӘліппемен қоштасу мерекесін өткізіп жатырмыз.
ЖалқаубекːӘліппе? Әліппе деген кім?
ЕрасылːКім емес, не деу керек.
ЖалқаубекːА-А-А мынау ма? (теріс ұстап). Мен сендер сияқты оқымай-ақ, мектепке бармай-ақ, ақылды боламын
Жадыраː Жалқаубек, Әліппең бар екен, жарайсың.
Бірақ оны былай дұрыстап ұстау керек. Ұқып-
ты таза, күтіп ұстау керек.Біздің балалар
Әліппені түгелдей бітіріп шықты. Енді ана ті-
лін бастайды. Әріптердің бәрін біледі. Кітап-
ты өздері оқи біледі. Солай ғой балалар.
Жалқаубек сен біздің қонағымыз бол, бала-
лардың барлығы шетінен ақылды, өнерлі.
Олардың өнерлерін тамашала.
Жалқаубекː Жарайды, көрсем көрейін.
Жадыраː Енді Әліппеге арналған тақпақтарға кезек берейік.
Ортаға
1.Еламан
2.Нурмухан
3.Қайпназаров Асылбек
4.Анеля
5.Ерназар
6.Аружан
7.Аруна
8.Арсен
9.Перизат шығады.
Жадыраː Балалар қараңдаршы мына жерде ағаш тұр – бұл жай ағаш емес, ̎білім ағашы ̎ екен. ̎ Ерте, ерте ертеде бір жаханда ̎Әліпби ̎
атты ел болыпты. Бұл елде Ханзада мен Ханшайым ұзақ жылдар бойы өмір сүріпті. Содан екеуі елдің орта шетіне көшет отырғызады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып, көкке шарлап өседі. Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені, оның себебі де бар еді.
ТемірланːОл қандай себеп екен? Ол алма ағашы ның тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді екен. Сыры неде? Менің қатты білгім келіп тұр.
Жадыраːсықпа, өз уақыты келеді, сонда біле жатармыз.
Темірланː Ал құрметті көрермен қауым, ендігі
кезекті алфавиттерімізге берейік.Ор-
таға Томирис пен Алтынбек шығады.
ТомирисːАлфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба? Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші.
АлтынбекːА деген ол – аналар ғой ардақты
Ә деген ол – әкелер ғой салмақты
Б деген ол – балалар ғой әдемі
Біздің елде – үшеуі де қадірлі.
Алфавиттер.
А - ЕрасылАтыраудың айдыны
Алтай таудың айбыны
Астанамыз – астана
Болды әлемге – әйгілі
Ә - АнеляАта баба жерінің
Қасиетін мен білдім
Әжеміз ғой үйреткен,
Әліппесін өмірдің
Б - ПеризатБалқаш деген көл екен,
Қазынасы көп екен
Байқоңырдан ғарышқа
Көз тігемін алысқа
Ғ - АлтынбекҒарышкері ғаламның
Намысшы ері даламның
Тоқтар сынды ағамның
Ізбасары боламын
Д - ДианаСол аяқ пен оң аяқ
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап
Зыр жгіре береді.
Е - АружанЖорға шығып ойнайды
Ойынға бір тоймайды
Болса-дағы сақалы
Секеңдеуді қоймайды
Ж - ЕламанЖайық – Еділ екі су
Дұшпан тізе бүккен жер!
Жер жәннаты Жетісу
Елім туым тккен жр.
З - Аруна Заузадан көре аласың
Заңғырдан да табасың
Байқамасаң анықтап
3-екен деп қаласың.
К - ДамирКітап білім қайнарыКөгілдір – аққу баласыКөңілді адам жайдары
Көңілінде жоқ аласы
Қ - ОлжасҚиындықтан қорықпа
Қаймығып еш тарықпа
Қайратың мен жігерің
Қолғанатың жорықта
М - АсылбекМұғалім, мектеп, мекеме
Молда, мешіт, мекке де
М әрпінен басталар
Мемлекет, мекен десе де
Н - ТомирисАс біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
Қайсы әріптен басталып
Аяқталған қарашы.
Ң - НұрсұлтанН-әрпінен Ң-әрпінің
Айырмасы бар қандай?
Оң аяқтың басына бір
Тұзақ іліп алғандай.
О - НұртуғанОтан менің ата-анам
Отан досым, бауырым
Отан өлкем Астанам
Отан туған ауылым
Ө - Алмат Өрікте бар көріңдер
Бөрікте бар көріңдер.
Бұл қай әріп екенін
Енді тауып беріңдер
П - ДауранАта- анаңмен барып сен
Пілді көрдің парктен
Осы атауға зер салшы
Басталған қай әріптен
Р - ҚосбергенРаушан – гүлін Раушан
Өте жақсы көреді
Үй маңында болсын деп
Деп өсіріп келеді
С - ЕрназарБананда - ̎̎С ̎ тәрізді
С бастап тұр сағызды
С – дан бастап жазасың
Садақ, сақа, Саматты
Т - НурмуханАйнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық өашанда
Биікке іліп қояды.
У - АсылбекУықтардың барлығын
Уыққапқа сал күнім
Уыққапқа салған соң
Уыздан жеп ал күнім
Ұ - НұрланТемір құсты алып батпан
Көк аспанда қалықтатқан
Ағаларды кімдер дейді
Алдымен тез тауып мақтан
Х - ПеризатҚорада жоқ ханда бар
Қағазда жоқ хатта бар
Кәне ойланып көрейік
Бұл әріпті кім табар
Ш - АнеляШындықты жақтаймыз
Шыншылды ақтаймыз
Жалпы топ алдына
Шығарып мақтаймыз.
Ы - АрсенКесе, шыны, пиала
Оларсыз шай құя ма
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз
І - ЖарқынайБосағдан табылған
Кейде перде жамылған
Бұйымның бас әрпі не?
Киімге арнай қағылған.
(осылайша, әр бала тақпағын айтқан сайын дауысты
немесе дауыссыз әрпін білім ағашына іліп кетеді. Солай білім ағашы жемісін береді)
Жадыра:Міне көрдің бе Темірлан, "білім ағашы" жемісін
Берді. Мен сырын енді түсіндім.
Темірлан:Иә, оқушылар Әліпби елінің әріптерін меңгеріп
Шығып еді, білім ағашы жемісті болды. Рахмет
сендерге оқушылар
Жадыра:Ендігі сөзді әліппеге берейік
Әліппе:Мен бүгін өзім келген жоқпын. Достарым ана тілі мен математиканы да ала келдім.
Ұстаздар мен балалар
Аталар мен аналар
Танысыңдар досыммен
Достасыңдар осымен
Аттанғанда бүгін мен
Ана тілін таныңдар
Оқып ана тілін
Ақыл, білім алыңдар
Ана тілі келеді:Амансыңдарма достарым
Сөйлетер сөзді шеберлеп
Өзіңнің ана тілімен
Байыптап жақсы сөйлесең
Негізі менде білімнің
Ана тілің құралың
Ана тілің ұраның
Ана тілің болмаса
Мықты болмас тұрағың
Әліппе:Еңбек білім мәнінде
Есептейтін бәрінде
Шақырамыз ортаға
Математика пәнінде
Математика келеді:Сәлеметпе? Достарым
Сабағы көп жоспардың
Төрт амалды қолданған
Математика достарың
Қане қайсың- жүйріксің?
1.Екі сиырдың мүйізі нешеу?
Үш қаздың аяғы нешеу?
Жадыра:Балалар енді алған білімдерімізді көрсетейік. Бізге Әліппе не үйретті? Математикадан не үйрендік?
АсылбекАлфавитте қанша әріп бар?
АрунаДыбыс қаншаға бөлінеді?
ЕрасылТабиғаттың тірі денелерін ата.
ТомирисӘліппе сөзін талда.
АлтынбекҚосынды дегеніміз не?
ПеризатТабиғат құбылыстарына не жатады?
Нұртуған1 таңбалы сандарды ата.
Анеля10 санының құрамын ата.
Оқушылар ал ағылшыннан не үйреніп жатырсыңдар?
1. Нурмуханешкі
2. Перизатқыз
3. Еламангитара
4. Дианаалма
5. Дамирәріп
Жалқаубек:Балалар сендер кө-ө-өп нәрсе үйреніпсіңдер
ғой. Осының бәрін үйреткен кім?
Нұрсултан:Ол алтын ұя мектебіміз
Дауран:Ата-анамыз
Олжас:Ұстазымыз
Ерасыл:Ең алғаш қолға алғанда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалармеді
Ұстазым оның кілтін алып берді
Темірлан:Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе даңғыл жол ашты
Рахмет ұстаз алғашқы – дей отырып кезекті әнге берейік хор – Мұғалім ол біздің
Әліппе:Балалар аз уақыттың ішінде көп табысқа жетіп-
сіңдер. Мен сендерге ризамын. Сендерді білім жолына жетелейтін достарың Ана тілі.
Оны да жақсы оқитындарыңа сенемін. Қош сау болыңдар жас достар!
Хормен:Қош, сау бол, сүйікті Әліппе!
Жалқаубек:Балалар мені де өз қатарларыңа қосыңдаршы. Мен енді түсіндім. Бұдан былай ұқыпсыз, жалқау болмаймын. Тәртібімді де түзеймін, сендер сияқты әріптерді танып, жазып үйренгім келеді.
Жадыра:Балалар алдымен Жалқаубекке "қандай бала болуға болады" айтып беріңдерші
ЕрназарКүйші болуға болады
АрсенБиші болуға болады
НұрланЕрке болуға болады
АсылбекСерке болуға болады
ЖарқынайПысық болуға болады
АсылбекКішік болуға болады
АрунаӘкім болуға болады
ЕрасылАқын болуға болады
ТомирисМаман болуға болады
АлтынбекЖаман болуға болады
ПеризатАйтпақшы, жаман болуға болмайды
Хормен:Ондай бала оңбайды
Темірлан:Балалар, Жалқаубек өз қателігін түсінген
Сияқты, ортамызға қосамыз ба?
Хормен:Иә
Жалқаубек:Рахмет, алақай, алақай–деп шығып кетеді
Жадыра:хор – Домбырасыз ән қайда ?
Темірлан:Құрметті ұстаздар мен ата-аналар ары қарай 1д сыныбыныңконцерттік бағдарламасын тамашалаңыздар.
2-бөлім
Жадыра:1д сынып оқушысы Әділбай Алтынбектің орындауында- Ұстазым әні.
Темірлан: Ендігі кезекті 1д сыныбының мың бұралған биші қыздарына берейік. Восточный биі.
Жадыра:Ендігі кезекті 1д сынып оқушылары: Ерасыл мен Перизатқа берейік. Ағылшын өлеңі.
Темірлан:Ендігі кезекті 1д сынып оқушыларының бишілеріне берейік. Зарубежный би
Жадыра:Келесі ортаға шығатын 1д оқушысы Әділбай Алтынбектің орындауындағы әнге береміз.
Темірлан:Келесі кезекті 1д сынып жігіттерінің Боз жорға биіне берейік
Мұғалім:Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, осымен бүгінгі мерекеміз өз мәресіне келіп жетті. Ата–ананың тілегі – адам болып өскенің, адамдықтың тірегі – адал болып өскенің-деп аяқтағым келеді. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.