?ліппемен ?оштасу ерте?гілі ?ош, с?йікті ?ліппе!


Тақырыбы: «Қош, сүйікті Әліппе!» Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері  арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру, оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеуКөрнекілік: Әліппе, Ана тілі, нақыл сөздер, шарлар, әріптер мен цифрлар т.б., презентацияМузыка ойнап тұрады.   Сахнаға хан (Ересіл) мен оның кішкене қызы(Ақару) шығады. Ересіл: Уа, халайық! Армысың,Ағайын туған, бармысыңЖарлығымды тыңдаңдар, Босқа қарап қалмаңдарМен сендерге сенемінҚызымды мектепке апарғанғаАт басындай алтын беремінАқару: Жоқ, әкеБұл не дегенің?Оқымай-ақ мен бәрін білемінСабақ, оқу, әріп, жазуДәптер, кітап – ол не керек?Ол не беред?Мен сұлумын, ханшамынТәтті қыздың бірімінОқуыңа өзің бар, Керек емес біліміңАйдос: Уа, тақсыр, армысыз, Ханшайымда бармысыз,Жақсы хабарым бар, 1 сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.Ересіл: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!Ақару: барсақ, баралық, көрсек, көрелік! 1-жүргізуші: Армысыздар, аналар!2-жүргізуші:Бармысыздар балалар!1-жүргізуші:Сөзіме құлақ салыңыз,2-жүргізуші:Бір серпіліп қалыңыз1-жүргізуші:Әліппеге арналмақ.2-жүргізуші:Бүгінгі жыр әніміз 1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу». 2-жүргізуші:Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Қош, сүйікті Әліппем!» ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Ақ сандықты ашайық Шашу, шашу шашайық!1-жүргізуші: Кешегі сәби балаңыз,  Жарады міне қараңыз.  Ғылым, білім жолына  Енді қайық саламыз.  2-жүргізуші: Енді 1-сыныпқа келер кезімізді еске алайық.Көрініс «Портфель»Жүргізуші-мұғалім:Биік те емес аласа,Бір портфель тұр жарасаҚызыққандар кіре алмайСыртында жүр таласаСонда мұны кім алғанІшіне оның не салғанҚұлпын ашып көрейікНелер барын білейікПенал: МақсатПай, пай, пайТүсім бе, әлде өңім бе?Жай портфель емес тегіндеБолса болар тек қанаЕртегілер еліндеЖақынырақ барайынІшіне көз салайынКім тұрарын портфельде Жайлап біліп алайын (ішіне кіріп кетеді!Жүргізуші:Енді әліппе келедіПортфельді ол да көредіӘліппе: ГүлнұрАшық екен есігі Ішіне жайлап кірейінКімдер барын білейінЖақсы достар болса егер,Бірге өмір сүрейін.Жүргізуші:Есікті ашып осы сәтПенал шықты ақылдыӘліппені өзімен Бір тұруға шақырды.Пенал: МақсатКір әліппе бас қосайықБірге тұрып достасайықЖүргізуші:Жүгіріп дәптер келді деКіргісі келіп ішінеҚарады ол да телміреДәптер: АқаруЖазу жазар болса кімОнда мсен де керекпінКіргізіңдер мені деБір тұрайық демекпінЖүргізуші:Әліппе де жөн көргенАдал достыҚатарына дәптердіЖедел қостыӘліппе:Кел дәптерім, келіңізПортфеліме кіріңізОқушы үшін әрқашанКерекпін деп біліңізЖүргізуші:Түгелдесіп бір-бірінДостар күтіп алаңдарКеліп жатты жүгіріпТүрлі-түрлі қамдарПайда болды «4»-тік теКөп ұзамай «5»-тік теАтып жатты жарысып,Өз ойларын естіртпе«5-тік, 4-тік»: ЕресілЖақсы оқитын балалар«4» пен «5»- ті аладыҰқыпты өзі ынталыТәрбиелі боладыОқушының бәрі деМені жақсы көредіПортфельдің дәл төріненМаған орын береді.«Қызы қалам, көк қалам»:НұрасылӘрине, әринеКерексіңдер бәрің деКөңіл сиса сиямызТар болса да ұямызТәртібінен сабақтан«4,5» алып жарыссынКіріңдер жақсы бағаларОқушылар таныссынЖүргізуші:Міне осылай портфельдіңЛезде іші толып кеттіАрттарынан жүгіріп«2-лік» те жетті«2-лік»: АйшаПортфелім мені қалдырмайКіргізіп ал ішінеЖалқауларға жайлымынЖалынабаймын үшіне.Жүргізуші:Сұрланып босағаданПенал шықтыҰрысып «2»-ніЖерге тықтыПенал:  МақсатСөздеріңді жөн көретінБізді аңқау кім деп едіңБалалардың досы мықтыСендерсіз- ақ күн көретін.Еңбек етпей ерінсе,Ол оқушы бола маДостарымыз «4» пен «5»Кететіңіз бізге жоламаЖүргізуші: Кіргізбей «2»-ніСарт етіп есік жабылдыОқушы екен иесі (оқушы қыз жүгіріп шығады)Оқушы тұрып түсіндіПортфелімнің мән-жайынКішірейік бала қолындаЖүруге тұр дап-дайын Би: «Буги-вуги» 2-жүргізуші: Балалар, біз осы уақыт аралығында не үйрендік? Хормен: Оқуды, жазуды, ән айтуды, ертегі айту.1-жүргізуші: Іші толы әріпке,Білімдегі жарық не?Хормен: Болашаққа жол ашар-Ол сүйікті- Әліппе!Ол сүйікті -Әліппе!2-жүргізуші:  -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!Ән: «Әліппе» Гүлнұр Әліппе: Сәлеметсіңдер ме,құрметті оқушылар! Құрмет көрсеткендеріңізге рақмет. - Иә, балалар! Сендер бүгін мені бұрынғыдай қолдарыңа алып оқымай отырсыңдар ғой, мені ұстауға да асықпай отырсыңдар, әлде ұмыттыңдар ма?Айша: - Жо-жоқ!Ол не дегеніңіз.Әліппе: Бұл қалай? Сендер көпсіңдер ғой, ата-аналарың да әдеттегідей көп жиналыптыМақсат: - Иә, Иә! Қымбатты әліппем! Бүгін ата-аналарымызбен бірге сізбен қоштасу мерекесін өткізбекпіз.Әліппе: - Неге қоштасасыңдар? Әлде маған өкпеледіңдер ме? Менің сендермен қоштасқым келмейді. Сендермен бірге болу маған өте көңілді.Нұрасыл: - құрметті әліппе біз сізбен әрқашан бірге жүрер едік. Әттең...Әліппе: - Шынымен менен безгілерің келіп тұр ма? Керек болмасам, өзім-ақ кетіп қаламын.Ересіл: -Кетпеңіз, кетпеңіз! Біздердің не үшін қоштаспақ екенімізді білсеңіз сіз де қуанасыз. Ақару: Әліппем, қараңыз, сізде жазылған әріптерді біз толығымен үйреніп сауатты адам болдық, шағын әңгіме, өлеңдерді оқи алатын болдық. (әліппе отырады) 1-жүргізуші: Ән: «Әліппе» Әліппе: -Балалар, енді басқа да ұлы адамдар туралы сендер «Ана тілі» оқулығынан оқитын боласыңдар. Олай болса, «Ана тілін» ортаға шақырайық. Ана тілі: Құралай Армысыңдар жас достар!Туған елдің тілімінАқылы мен танымын,Түсіндірер бәріңеАна тілі пәнімін.Ана тілім-елдігім,Ана тілім болмаса,Бүтінделмес кемдігі Кітапханашы: Бекенова Р.Ә. (ана тілі)Кір шалмасың беттерін,Таза болсын оқулық пен дәптеріңОқығандарың есте болсын,Күнделіктерің «5»-ке толсын! 2-жүргізуші: Уақыт-жарыса аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 2 тоқсан тез зымырап, өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер.Бұрынғы сәттеріміз кімнің есінде қалған екен? Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан кейін «Тілдер» мерекесін өткіздік. Тілдер мерекесінде айтқан өлең шумағы кімнің есінде. Олай болса оқып берейік. Нұрасыл: Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте. Айша: Өсірген ой-білімді, Сүйем туған тілімді.Мақсат етем әр сөздің,Мәнін терең білуді.Мақсат: Ана тілім-қазақ тілім, туған тіл, Қасиетті тіліміздің мәнін біл. Ана тілді құрметтеңдер адамдар Заманға сай өзге тілдің бәрін біл. Ақару: Ана тілің-біліп қой, Бостандығың, теңдігің.Ана тілің-біліп қой,Мақтанышың,елдігің. Ересіл: Ақыл-ойын дананың, Ана тілден аламын. Ана тілім ардақты Ақ сүтіндей анамның. 1-жүргізуші: Ән: «Рух пен тіл» Ересіл:Үйреттің бізге Әліппе, 42 дербес әріпті. Сөз , сөйлем құрап әріптен, Жаздырдың бізге Әліппе. Нұрасыл: Әліппем менің Әліппем,Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің,Ертеңгі сәуле жарықпен Ақару:Әліппе даңғыл жол ашты, Жаңадан пәндер жалғасты. Әліппе сырын ұқтырған Барлығы хормен: -Рахмет, ұстаз алғашқы! 2-жүргізуші: Ән: «Ұстазым» Әліппе:-Балалар, сендер мені 4 бойы оқыдыңдар, осы 4 айда не үйреніп, не білдіңдер соны ортаға салыңдар! -Ойын «Әріптер әлемі». Үстелдің үстіндегі әріптерді ала отырып, әр әріпке сөз ойлап, оны тақтаға жазып, буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз. Жүргізуші: -Балалар қазір біз «Тамшы» ойынын ойнаймыз. Ол үшін тамшылардағы сұраққа жауап беру керекпіз. Дүниетану пәні бойынша сұрақтар: -Балалар, жаңбыр басылғаннан кейін кемпірқосақ шығады, одан кейін не шығады? -Дұрыс айтасыңдар. Күн шығады. Ендеше, күннің шуақтарындағы тапсырмаларды орындай отырып, тақтаға ілейік. Математика пәні бойынша сұрақтар: Кезек-кезекпен: -Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз: 1-жүргізуші:   -Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана!  -Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.  2-жүргізуші: Ән: «Ақ мамам» Кезек-кезекпен: Әліппені жақсы оқуымыз үшін біздің ата-әжелерімізде өз үлестерін қосты. Олай болса, ата-әжелерімізге арнап өлең оқиық. Нұрасыл: Жанымызды жайнатқан, Сіздер сіз ғой аталар. Зор денсаулық, мол бақыт, Тілейміз біз балалар. Ересіл: Аялаймын ата-әжемді Ардақтаймын апамды Асыл тұтып атамды, Алайын мен батаңды. Ақару: Ақ батаңмен көркейіп Ертең-ақ өсіп жетермін. Арманыма асыққан Адаспай-ақ жетермін. Айша: Әже деген көп шығар Әжемдей менің жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі Қандай ғажап күлкісі. Мақсат: Құтты болсын осы шаттық күніміз, Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз. Қуанышты жүзіңізбен әрдайым, Бұл өмірде күліп қана жүріңіз. 1-жүргізуші: Ән: «Жақсы көрем атамды» Айша: Өзіңсің балауса көктемім,Мен сенен нәр алып көктедім.Өмірде алғашқы өткелім,Мектебім, мектебім , мектебім  1-жүргізуші: Би: «Хафанана» 2-жүргізуші: Ата-аналармен ойын: 1. Әліппе оқулығын ең алғаш жазған кім? (Ы.Алтынсарин)2. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? (2сағ)3. 4 жұмыртқа 4 минут піседі. Бір жұмыртқа неше минут піседі? (4мин)4. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай? (Дорбасымен алып кетеді)5. Көру мүшесі? (Көз) 1-жүргізуші: 6. Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу тойы? (Бесік тойы)7. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп)8. Басты байлық не? (Денсаулық)9. Кесінді қандай фигуралардан тұрады? (Түзу сызық, 2 нүктеден)10. Қоян сөзінде неше дыбыс бар? (5 дыбыс)2-жүргізуші: Ән: «Рахмет саған, Әліппе» Мақсат: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты, міне балаңыз. Ана тілі: Рақмет, балалар! Әліппе сендерге көп нәрсе үйреткен екен. Мен риза болып тұрмын.Хормен : Бәрімізді сүйіп өткен , Балаларға үйреткен. Әліппе мен ұстазға, Бас иеміз құрметпен! Әліппе: Рахмет, балалар! Сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер. Ана тілімен таныстырдым. Енді рұқсат болса мен кетейін.Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе! 1-жүргізуші: Ән:«Әрқашан күн сөнбесін» Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Смагулова Р.Қ. береміз. Құрметті қонақтар! «Қош, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды, келгендеріңізге көп-көп рахмет! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!