?ліппемен ?оштасу ?ліппе-білім бастауы


Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін №57 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Итибаева Жансая Қуанышбекқызы
Тәрбие сағаты тақырыбы: Әліппе – білім бастауы
Тәрбие сағаты мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдерін саралау, сөздік қорын, білімін
дамыту. Өнерлі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Әдеби-музыкалық кеш
Көрнекіліктер: слайдтар, шарлар, фотомонтаж т.б.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Ойын қуып жүрген думандатып бұл кімдер?
Сылдырлаған балаң тілмен естіледі бір үндер
Қайсар: Апам айтқан күзде мектепке барасың деп
Көп-көп оқу құралдарын аласың деп
Әдемі: Онда мына машинана неге тастамайсың?
Сен әлі ешнәрсені түсінбейтін кішкентайсың

Ақайша: Жоқ, Әдемі ол 7-ге толды,
Үлкен бала болды.
Мына машинансын інісіне сыйлайтын болды.
Томирис: Балалар, мектепке бармайсыңдар ма?
Қайсар: Мектеп,мектеп деген не өзі?Оның бар ма мұрны,аузы, көзі?
Әдемі: Онда не береді? Менің де барғым келеді.
Ақайша: Мектепте үйрендің сен нені? Көп пе оның сендерге бергені?
Томирис:
Мектепте бәріміз білім аламыз
Жан-жақты дамып өседі санамыз
Біз секілді орыс,ағылшын тілін меңгересің
Үйірме де билегенде бір ғажайып күйге енесің
Ән сабағына қатысып ән айтасың
Спорттың неше түрімен шынығасың
Қарның ашса,асханада сусын ішіп тынығасың
Міне,қажеттіліктің бәрін мектептен игересің
Мұғалім: Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Әліппе –білім бастауы » атты ертеңгілігімізді бастаймыз!Сахна сыртынан:     -Ерте, ерте, ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек. Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті. Содан екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып, көкке шарлап өседі. Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?Ханзада:    Е, ханшайым, біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?Ханшайым:Ханзада, мұның да бір себебі болар-ау!Ханзада:Иә,солай шығар! Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін бақтың іші тып-тыныш?Ханшайым:Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.Cиқыршы қыз:Бұл бақта неше жылдан бері ешқандай кеш, ешқандай мереке өтпейді. Сол себептен осындағы тіршілік иесінің бәрі ұйқыда.Ханшайым:Онда оларды оятайық. Сен бізге көмектесші.Сиқыршы Мен оларға жан бітірсем, олар осы баққа тіршілік енгізеді.
.Ханзада: біз ханшайым екеуміз осыдан бірнеше жыл бұрын жеміс алма ағашын отырғызған едік, алайда ағаш бізге жемісін берер емес. мұның сырын қалай білуге болады?
Мұғалім:  Оның сырын мен айтайын ханзада мен ханшайым. Сіздер ағаштарың жеміс бермеді дейсіңдер ме? Сендер ағаштарыңыз жеміс бергенін жақсы көрсеңдер, мен бүгін бүлдіршіндеріме берген білімімнің жемісін көргім келеді. Ал білім басы әліппеден бастау алады. Міне, біз сол әліппеден алған біліміміз .өнеріміз арқылы сендердің ағаштарынның жеміс беруіне көмектеседі. Ендеше , 1а класс оқушыларын үлгілі,өнерлі ,оқу озаттары болып жүрген мектеп мақтаныштары- бастауышта өзімнен білім нәрімен сусындаған шәкірттерім өздеріндей жақсы оқушылар болсын деген ниетпен ортаға алып шығады
5класс оқушылары, алар бағаларың бестік болсын деп 5тік бағасын сыйға тартамыз
Сиқыршы: Мектебің мынау,класың
Осында 10 жыл тұрасың
Тарыдай боп кіресің,
Таудай болып шығасың
   Ән: Мектебім          
Мұғалім:
           Іші толған әріпке, Білімдіге жарық не?
Оқушылар:
           Болашаққа жол ашар,Ол сүйікті әліппе!
 Әліппе 
          Армысыздар, жас достар,
          Армысың ата-аналар.
        Болашаққа жол бастар,
         Әліппең келді ортаға.
Мұғалім: Әліппе оқушылардың өзіңнен үйренгені көп. Оған өзің куә боласың
Арай: Келгенде алғаш мектепке
  Білмеуші едік әріп те
   Оқимыз қазір ертекті
   Үйреткен оны әліппе
 Арман:   Бірінші беттен елімнің
                Елтаңбасын таныдым
                Көк байрақты қазақтың
                Ұрпағымын, сәнімін 
Әмина:   Енді біз жаза білеміз
               Әріпті қосып әріпке
               Риза боп саған жүреміз
               Сүйікті біздің Әліппе
Хор: «Әліппе» ән
Әліппе:Жарайсыңдар,балалар менің сендерге қояр сұрақтарым бар, (балаларға қарап)
    Сыйлап үлкен ағаны   
Сәлем берген баланы Кім дейміз?
--Әдепті екен бұл дейміз
Кітап,дәптер,қаламы
Кір шалмаған баланы кім дейміз?.
---Ұқыпты екен бұл дейміз
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы кім дейміз?
----Үлгілі екен бұл дейміз
Өтірік сөз айтпаса
Уәдесінен қайтпаса Кім дейміз?
----шыншыл екен бұл дейміз
  
Әліппе: Кім өнерлі шығыңдар!
Бастайық кәне айтысты,
Жібермейік намысты. 
Біржан мен Сара сияқты айтыса аламыз. Әріптер айтысы
Ән: Қош бол, әліппе.
Орындайтын: Қайратқызы Жауқазын
Оқушы қолында дүрбі теңізде кемемен жан-жағына қарап жүреді
Сиқыршы: Дияр,сен не іздеп жүрсің?
Апай «Мектеп-кеме, білім-теңіз» - деп түсіндіріп еді, кемемен теңізден білім іздеп жүрмін.
Сиқыршы: - Сен дұрыс түсінбегенсің, Дияр білімді мектеп және ұстаздан үйрен.
Теңізшілер : Мектеп – кеме, Білім – теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
Би: Теңізшілер биі
Мұғалім: Дияр,тағы не қарап тұрсың?
-Апай ұшып келе жатқан аққуларды көріп тұрмын.
Аққулар да біздің тойымызға келе жатқан болар
Қыздардың орындауында «Аққу» биі.
Отан сөзі:
О – Шахриза: О-дегенім,орман ғой,
Отаныма қорған ғой
Т -Дияр: Т-дегенім ,тілім менің,
Осы тілде шежірем ,жырым менің
Тұнығым,рухани жан азығым
Ол бүлінсе ,менің де бүлінгенім
А - Назира: Ата-ана тілегі ,Адам болып өскенің
Адамдықтың тірегі,Адал болып өскенің
Н - Ақмарал: Нан әлемнің азығы,
Дастарқанның азығы.

Ән: Отан
Мектеп сөзі:
М - Нұрай: М-дегенім мектебім
Мектеп біздің панамыз,
Оқушының анасы.
Әдемі ғой,қарашы
Е- Қайсар: Ерлік, еңбек,елдікпен,
Егеменді теңдікпен,
Емендей мықтымыз,
Е дыбысын білдік біз.
К - Ақайша : Күндей күліп өсеміз,
Көңілді кең көшеміз.
К әрпі көп екен,
Кітабымды көрсеңіз.
       
Т – Дияр: Тәртіпті бала сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
Е - Әдемі: Есті бала ер жетіп,
Елдің қамын ойлайды.
Ессіз бала еркелеп,
Есерлігін қоймайды.
П - Досжан: Бала отыр партада,
Оқы,үйрен,шаршама.
П дыбысы –дауыссыз,
Мәлім болды баршаңа.
Ән: Маленькая страна
Ұ - Аида: Ұлан біздің ұқыпты,
Ұлар,ұзақ,торғайдың.
Ұстаз сөзін ұғыпты,
Ұяларын қорғайды.
С - Әзиза: Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.
Т – Дияр: Тәуелсіз елде тұрағым,
Тәуелсіздік жыр-әнім
А - Назира: Арым таза ,ақкөңіл
Абыройлы ақ ниет
Адалдыққа сенемін
Адамдыққа сенемін
З - Әлия: Зейінге бәрін тоқимыз,
Сабақты беске оқимыз.
Ән: Ұстазым
Би: Айгөлек
Ханшайым:   Ой, қандай керемет! Біздің ағашымыз жемісін берді.
 Ханзада:Балалар рахмет сендерге, сендердің білімдеріңнің арқасында біз ағашымыздың жемісін көрдік. Осының барлығы әліппенің арқасы екенін ұқтық. 
Әліппе:    
Рахмет балалар! Әріп танып, білім алып, міне ағаштың жеміс беруіне көмектеріңді тигізіп жатырсыңдар. Мен сендерге ризамын. Сау болыңдар! 
 Мұғалім:
Біздің балалар әліппеден алған білімдерін одан әрі Ана тілі оқулығымен жалғастырмақ. Ән: «Бала тілегі»
 О,ата-анам ,таянышым,тірегім
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болса екен деп әрқашан
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің
Мұғалім: Біздің әліппені жақсы аяқтауымызға көмегін беріп ,бірге қуанып отырған ата-әжелерге,ата-аналарға алғыс айтамыз.