Т?уелдеулі зат есімдерді? септелуі


Күні:30.01.16 ж.
Әдіскер: Жахметова Б.К.Сабақтың тақырыбы: Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Білімділік: Оқушыларды тәуелдеулі зат есімдердің септелу жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік,есте сақтау ,ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқу мен жазу арқылы оқушыларды шығармашылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың  көрнекілігі: тақырыптық суреттер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.
Жаңа сабақ
І.Ұйымдастыру  бөлімі.
Оқушылар  назарын  сабаққа  аудару. 
Психологиялық дайындық.
Мен оқушы баламын,
Оқу ,білім аламын.
Септік түрін игеріп,
Сабақта белсенді боламын.
Ендеше,отырыңдар.
Әр ісімізге мұқият болайық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
-Алдыңғы сабақта қандай тақырып өттік? –Септіктердің сұрақтары мен жалғаулары арқылы кім айтады? Мысалдар келтіріңдер.Енді сол сөзді қатыстырып сөйлем құра.
-Жарайсыңдар балалар!!!
ІІІ. Жаңа сабақ.
Коллиграфиялық жазу.
Ғғ Ғғ .....
Ғалым ғарыш аға саға
Бұғы – сиырға ұқсас мал.
-Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі».
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуінде ерекшеліктер болады. І,ІІ жақ тәуелдеулі зат есімдерге барыс септікте –а, - е жалғаулары жалғанады.
84-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Тәуелдеулі зат есімдерді тауып, қай жақта тұрғанын айт. Тәуелдік жалғауларын ата.
Туған жер
Туған жер, алтын бесігім,
Тербеттің мені төсіңде.
Жүреді сенің есімің
Мәңгі бақи есімде.
Жүреді мәңгі есімде
Көгорай далаң, тауларың,
Жайылған аспан төсінде
Жұлдызы тұнық таңдарың.
Туған жер, алтын мекенім,
Бақытым сенің аңсаған.
Мәңгі де бақи өтемін
Қарыздар болып мен саған. ( Қуандық Шаңғытбаев )
85-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Олардың қай септікте тұрғанын айт. Сонда не байқадың?
1.Оқушылар мұражайға барды. 2.Оқушылар Жамбыл мұражайына барды. 3.Жұмыртқаны тоңазытқышта сақтайды. 4.Көкек жұмыртқасын кез келген торғайдың ұясына тастап кетеді. 5.Көшеде машина көп. 6.Әсия Төле би көшесінде тұрады.
87-жаттығу. Берілген сөздерді барыс септігіне қойып жаз. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Ініме, дәптеріме, әжеме, қызыма, атама, досыма.
VІ.Қорытынды.
-Септіктердің сұрақтары мен жалғауларын айтыңдар?
-Бүгін сабақта не үйрендіңдер?
-Сабақ ұнадыма?
VІІ.Үйге тапсырма. 88-жаттығу 139 бет.
VІІІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Баға:
Мұғалім: