«Арулар асыл жандар» внеклассное мероприятие на 8марта


Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы
«№44 жалпы негізгі білім беретін мектеп»КММ
00 «Арулар асыл жандар»
«Арулар асыл жандар»

center10410700
1502644214248 наурыз
08 наурыз

Сыныбы: 6-сынып
Сынып жетекшісі: А.Ж.Искакова
Семей қаласы
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: «Арулар асыл жандар»
Мақсаты: Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу. Достық қарым-қатынас қалыптастыруКөрнекілігі: Слайд,видео, гүлдер, шар.
Сабақ түрі: караоке кеш
Жоспарланған уақыты: ~ 1сағат, 15минут.
Жүргізуші:Бүгін біздің мектепте дүбірлі тойДен қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.Балаларға ең жақыны сіз ғой ана,Сіздің ыстық құшағыңыз бізге панаСіздерге теңестірер ешнәрсе жоқТеңесе алар бірақ нәрсе, Отан ғанаЖүргізуші:Құрметті ата - аналар, қыз - қызғалдақтар,! Қар астынан қалқиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келді.Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік атады. Біздің асыл аналарымыз да бәейшешектей барлық қиыншылыққа төзімді.Аналар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!«Арулар асыл жандар» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Ал құрметті халайықМерекені бастайықАруларды әуенменҚошеметпен қарсы алайық
Абишева Айсулу
Байгаметова Махаббат
Байболова Айдана
Болатова Айту
Джанисова Дильназ
Қасымова Мәдина
Қызырбекова Ақнұр
Масалимова Аяжан
Оспанова Аяулым
Тлеуғалийқызы Арайлым

Жүргізуші: Бар әлем сүйіп ұнатқан,Шапағат нұрын шұбатқан,Қаймықпай шыққан жайраңдап,Қыстайғы суық - сынақтан,Көктем таңы бұл атқан.Көктем арулары қош келдіңіздер!
Жүргізуші:Құтты болсын осы шаттық күніміз.Бақытты да ұзақ өмір сүріңізҚуанышты жүзіңізбен әрдайымБұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Жүргізуші:‒Ана‒біздің күнімізАнаның біз гүлімізБалаларды қуантып,Ұзақ өмір сүріңіз‒ деп, «Ана» туралы тақпақтар айтайық.Ән: «Ана туралы жыр» . Орындайтын тобымыздың әнші ұлдары.
2978150571500
1-оқушы:8 Наурыз 2015 жыл көктемі,Қыстың кетті аязының өктемі.Мерекеңіз құтты болсын аналар,Күндей болып жарқыраңдар көктегі!2-оқушы:Құтты болсын аналардың мейрамы!Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,Бақыт берсін әр көктемнің айлары!3-оқушы:Той - тойлап дала мен қалаларымМерекең құтты болсын аналарым.Қаракөз қыз, абзал ана мерекесінҚұттықтап жатыр бүгін балаларың.Ширату сұрақтары1 - жүргізуші: «Ширату сұрақтары»сайысында әр сайыскер қыздарымыз ортаға шығып, бір әріпті таңдайды. Берілген сұраққа сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.1. Атың кім?(С)- Самал2. Құрбыңның аты кім?- Саяжан3. Қайдан келдің?(қала, ауыл аты)- Сараннан4. Нені жақсы көресің?- Самсаны5. Фамилияңды(тегіңді) айт.- Смағұлова6. Жануардың атын айт.- Сілеусін7. Қандай өсімдікті білесің?- Сәбіз8. Ер баланың атын айт.- Саят9. Қандай көлікке міндің?- Самолетке10. Нешеге дейін санай аласың?- Сегізге дейін.

Ойын1. Аналармен « Әндер сақинасы» (бір ана ән бастайды келесі ана жалғастырады)
2. Ер балалармен «Ана деген кім?» (ұлдар анам қандай? деген сұраққа жауап болатын сөздер тізбегін айтады) мейірімді, ақылды, әдемі,сабырлы, әйбат, т. Б

Жүргізуші:
Жас ару‒жас ғұмырдың талғамысыңҚуантқан әрбір үйдің арманысың.Дәл бүгін қанат қағып сыналарда,Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын,‒дей келе сұрақ‒жауапқа шақырамын. Конвертте жасырылған сұрақтарды алып кезекпен жауап бересіздер.

Жүргізуші :Кел бірге айтайық! Ән: «Шоқ қыздар». Орындайтын:сынып ұлдары
Флеш моб

Жүргізуші :Тамызып мақал тілініңБілімді болсаң жарарсың.Ұшқыр ой, талап, білімменӘлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.Мақалдарды жалғастырыңдар.1. Ауылдан асқан байлық,________ қымбат қазына жоқ. /кітап/2. Талапсыз жас,Қанатсыз_________. /құс/3. ________ қылығымен көркем. /қыз/1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/2. _______ көңілі балада. /ананың/3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/4...... бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы /
4-оқушы:Жамандықтан сақтандырып,Жақсы ісімді мақтан қылып.Мәпелелеген ақ мамамды,Жүрсем деймін шаттандырып.6-оқушы:Жас ару алынбаған асуларсың,Бүгінгі мерекеде тасудасың.Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,Күш қайратың әрқашан тасқындасың.7-оқушы:8 Наурыз тамаша күнАналар күні ерекше күн.8 наурыз құтты болсынүНурыз ай құт әкелсін.Жүргізуші :
Кел бірге айтайық! Ән: «Миллион қыздар -ай». Орындайтын:сынып ұлдары
Ойын-жағдаяттар «Қыздарға арналған»1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінэлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?3.Ата-аналар жиналысыболатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?Жүргізуші :
Кел бірге айтайық! Ән: «Бойжеткен қыздар». Орындайтын:сынып ұлдары

Жүргізуші :
Келесі ән қыздардың орындауында болсын! Кел бірге айтайық! Ән: «Махаббат тек бұл, махаббат».
Жүргізуші :
Біздің сыныптың мың бұралған бишілер тобы жігіттерге алғыстарын бимен білдірмек! Қарсы алыңыздар, «Испан» биі!

Жүргізуші :
Кел бірге айтайық!жалғастырамыз! Ән: «Жарай ма?!». Орындайтын:сынып

Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
524576963810800323485763971800center62143100103705562291900left62189900Жүргізуші: Ендеше,аналарымызды мерекелерімен құттықтауға ұмытпайық достар!
Сөз кезегін сынып жетекшімізге ұсынамыз. Сайысқа қатысқан арулар марапатталады.1. Өнерлі ару – Масалимова Аяжан2. Шебер ару- Байгаметова Махаббат3. Биші ару- Қасымова Мадина4. Ақылшы ару – Байболова Айдана5. Инабатты ару –Қазырбекова Ақңұр6. Сыпайы ару- Джанисова Дильназ7. Үлгілі ару – Тлеуғалийқызы Арайлым8. Пысық ару – Болатова Айту.9. Данышпан ару – Оспанова Аяулым10. Жайдарлы ару –Абишева Айсұлу
Жүргізуші: Караоке кешіміз бимен жалғасын таппақ...
Бірге: «Қара! Оқы! Тұрма! Биле!»
25613891206500