Сценарий аналар асыл жандар


Бекітемін:
КМКҚ «Айналайын» ясли бақша
Әдіскері : Мушакулова С.Б
«Балбөбек»тобы

«Аналар асыл жандар!»
ертеңгілік


Дайындаған: Беккулова Бақыт Ережепқызы
Құлсары қаласы
2016жыл
Тәрбиеші: Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де,гүлі-Аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыңдар,қасиетті аналар!
Қош,келдіңіздер!Аяулы аналар,қызғалдақ қыздар,қадірлі апайлар!Көктемнің алғашқы мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік,ақылды,сымбатты,мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Олай болса,бүгінгі аналарға арналған «Балбөбек»тобының бүлдіршіндерінің «Аналар асыл жандар!»ертеңгілігіне бастаймыз!
Тәрбиеші:Балалар бүгін біздің мерекеге қонақ келе жатқан сияқты.( әсем әуенмен залға «Кәмпит-Ханшайым» кіреді. )
Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін.
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.
-Сәлеметсіздер ме,балалар,мені таныдыңдар ма?Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын».
Тәрбиеші: Кәмпитті балалар да,үлкендер де жақсы көреді.Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді.
Кәмпит-Ханшайым :Балалар сендер өнерлеріңмен,үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар,онда әртүрлі тапсырмалар берілген.Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді.Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін.( бір балаға ыдыстағы кәмпитті аштырады,тапсырманы барлық бала орындайды )
Тәрбиеші: –Қараңдаршы,кәмпиттері көп екен,тәтті десе тәтті екен.Қане өнерлерімізді көрсетейік,тапсырмаларды орындайық.
1-кәмпиттегі тапсырма.(Ана туралы ән)
Ән: « Мерекеңмен,анашым»
2-кәмпиттегі тапсырма ( Аналар туралы тақпақтар)
1.Айару
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.
2.Жансұлтан
Сеннен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің аналар.
3.Нұрислам
Ақ анашым,аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнімде.
Арнадым саған бәрін де.
4.Нұрзила
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
5.Іңкәр
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,күн әжем.
Апам үшін,мен үшін.
Нағыз ана тілі-әжем.
6.Мұхаммедәли
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
7.Фатима
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
8.Дінқуат
Жарқын жүзді,жан анам
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
9.Әли
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
3-кәмпиттегі тапсырма .
Би : «Қуыршақтар»
4-кәмпиттегі тапсырма.(Ертегі )
Бауырсақ ертегісін сахналау.
Ән: «Мамамның мерекесі»
Кәмпит-Ханшайым :-Балалар,сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар.Сендерге көп-көп рахмет айтамын.Өздерің өнерлі,әдемі,тәртіпті екенсідер,мен сендерге ризамын.Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін.Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар.Соны сыйлыққа бергім келіп тұр.Мен енді сендермен қоштасайын,басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын.(Кәмпит-Ханшайым балалар қоштасып шығып кетеді).
Тәрбиеші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейміз жас сәби де жарқылдап.
Ана деген-бәйтерегі өмірдің,
Ана деген-алтын қазық,алтын бақ.
Аналар,қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа-дей отырып бүгінгі «Аналар асыл жандар!»атты ертеңгілігіміз аяқталды.Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!Кортынды сөз кезегін балабақша меңгерушісі Сәуле Майшақызына береміз.