О?УШЫЛАРДЫ ?ЛТТЫ? БІРЫ??АЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУ Ж?ЙЕСІ баяндама


ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІ Қ а з а қ т і л і Беспаева Алия Капеновнақазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміПавлодар Монтаждау колледжі Қ а з а қ т і л і ДАЯРЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ЕРЕЖЕЛЕР БОЙЫНША Қ а з а қ т і л і Оқу жылы басталатын ай - қыркүйекЖапырақтар қашан сарғаяды? – күздеСынып жабдықтары – парта, тақта, карта«Мектеп» - араб сөзі, оқу орныОқу құралдары – қалам, сызғыш, өшіргіш, күнделікҚазақстан Республикасын кім басқарады? – ПрезидентРеспубликаның ең жоғарғы өкілді органы – ПарламентПарламент неден тұрады? – екі Палатадан: Сенат және Мәжілістен Үкіметті кім басқарады? – Премьер - Министр Премьер-Министрді кім тағайындайды? – Қазақстан Республикасының ПрезидентіҮкімет құрамына кімдер кіреді? - Министрліктер Алматы қаласының экономикасыАлматы – ірі өнеркәсіпті қала. Алматы – еліміздің экономика саласында ерекше орын алады. Мұнда машина жасау және металл өңдеу зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары бар. Бұларда металл кесетін станоктар, автоматтандыру құралдары мен көліктерге қосалқы бөлшектер шығарылады. Ет, сүт тағамдарын өңдейтін, шай өлшейтін, аяқ киім, жиһаз, басқа да өнім өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді. Қала кәсіпорындары АҚШ пен Италья, Түркия мен Ресей, Қытай және Корея фирмаларымен іскерлік қарым-қатынастарды дамытып келеді. Қ а з а қ т і л і Мәтінге талдау жасау Интонациясына қарай сөйлем түрлері (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты) – хабарлы Сөйлемдердің құрамына қарай түрлері (жай, құрмалас сөйлемдер) - жай сөйлемдер;Тыныс белгілер (үтір мен сызықша) – үтір-сөйлемнің бірыңғай мүшелері арасында, бастауыш пен баяндауыш арасында-сызықша;Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - бірыңғай бастауыш (нелер бар?), бірыңғай анықтауыш (қандай?);Мәтінде кездесетін жалқы есімдер - Алматы, АҚШ, Италия, Түркия, Ресей, Қытай, Корея; Күрделі зат есімдер (біріккен, тіркескен, қысқарған, қосарланған сөздер) - өнеркәсіп, аяқ киім, кәсіпорын, АҚШ, қарым-қатынас;Шылаулар (жалғаулықтар, демеуліктер, септеуліктер) - мен, пен, және - жалғаулықтар;Үндестік заңына бағынбайтын сөздер - кәсіпорын – біріккен сөз, фирмаларымен – көмектес септігінің жалғауы үндестік заңына бағынбайды. Қ а з а қ т і л і Қ а з а қ т і л і ДАЯРЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ЕРЕЖЕЛЕР БОЙЫНША Қ а з а қ т і л і Қазақ тіл білімінің салалары Елтану Тест Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлық үшін электронды көмекші құрал ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ САЛАЛАРЫ Қ а з а қ т і л і глоссарий Қ а з а қ т і л і Фонетика – қазақ тіл білімінің тіл дыбыстарын зерттейтін саласы.Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбыстарды айтады және естиді. Әріп – дыбыстардың таңбасы. Әріпті жазады, көреді. Алфавит (әліпби) - әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығы. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады. Қазақ тілінде дыбыстар саны – 37. Дыбыс бола алмайтындар – 5 я (йа), ю (йу), ё (йо) қосарлы дыбыстар және ь – жіңішкелік белгісі, ъ – жуандық белгісі. Қазақ тіліне тән әріптер саны – 9 (10)ә, ө, ү, ұ, і, ғ, қ, ң, һ, (ы). Қ а з а қ т і л і Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.Дауысты дыбысқа екпін түседі.Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі. ДАУЫСТЫ ДЫБЫС Қ а з а қ т і л і Тілдіңқатысына қарай Жуан: а, о, ұ, ы. Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и. Жақтыңқатысына қарай Ашық : а, ә, о, ө, е, э. Қысаң : ы, і, и, у, ү, ұ. Ерінніңқатысына қарай Еріндік : о, ө, ұ, ү, у. Езулік : а, ә, е, ы, і, и, э. ДАУЫСТЫ ДЫБЫС Қ а з а қ т і л і Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у). ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС Ұяң (8): б, в, г, ғ, д, ж, з, һ Үнді (7): й, л, м, н, ң, р, (у) Қатаң (11): к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ Қ а з а қ т і л і ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ Кейбір қ атаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж. З, қ, к, л, м, н, п, р, с, т, ш дауыссыз дыбыстары сөздің барлық буындарында кездесе береді. Й, ң, һ әріптері сөздің басында қолданылмайды (йод сөзінен басқасы), тек сөздің ортасында және аяғында қолданылады. Мысалы: жаңа, аң, жай, қайрат, қаһар т.б.В, ф, ч, ц әріптері қазақтың байырғы сөздерінде қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздерге барлық буындарда қолданылады. Мысалы: Автор, дифтонг, диспечер, концерт, цех, матрац т.б.Щ әрпі қазақтың ащы, тұщы, кеще деген байырғы сөздерінде ғана жазылады.Й әрпіне біткен сөзге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанса, бұл екі әріп бірігіп, ю болып жазылады. Мысалы: сой+у=сою, жай+у=жаю. АлЙ әрпіне біткен етістікке көсемшенің –а жұрнағы жалғанғанда, бұл екі әріп я әрпіне өзгереді. Мысалы: жой+а=жоя, жай+а=жая.Орыс тілінен енген нд, мп, кт, мб, ск, фт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның аралығына дәнекер ы, і әріптерінің бірі жазылады. Мысалы: Шрифт+і+ге, штамп+ы+лау, факт+і+ге, киоск+і+лер т.б.Орыс тілінен енген қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, қосарлы дауыссыз дыбыстың соңғысы түсіп қалып отырады. Мысалы: Прогресс - прогрестік, металл – металдар, грамм – грамнан т.б.Орыс тілінен енген ог, уг, рк, рг, нк, нг, кс, кт, нкт, кль, брь, бль сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымша жіңішке жалғанады. Мысалы: геологі, педагогтер, парктен, ансамбльге, пункті т.б. Қ а з а қ т і л і ТАСЫМАЛ Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады.Мысалы, «Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады: ке-реге, кере-ге. Қ а з а қ т і л і БУЫН Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді.Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар: Бітеу буын Дауысты дыбысты екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын. Бал, таң, қант, бұлт, мек-теп, жыл-дам. Тұйық буын Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Ат, ет, от, ант, өрт, арт. Ки – ік, ти – ын, әдеби-ет, мәдени – ет. Ашық буын Бір дауысты дыбыстан болады. Дауыссыздан басталып, дауысты дыбысқа аяқталады А-ға, а-та, а-на, ба-ла. Қ а з а қ т і л і глоссарий Қолдану аясы шектеулі сөздер Эвфемизм мен дисфемизм Қанатты сөздер Сөз мағыналары Қ а з а қ т і л і Сөздің тура және ауыспалы мағынасы ОмонимСинонимАнтоним Қ а з а қ т і л і Тура мағына дегеніміз не? Ұғымға берілген бастапқы атау сөздер. Мысалы: Арыстан, - аңға қойылған ат. Тура мағына Ауыспалы мағына терең көлашық терезеөткір қайшыдомбыра шертумайлы төстік терең ойашық мінезөткір көзсыр шертумайлы дастархан Ауыспалы мағыналы сөз деген не? Бастапқы атау сөздің басқа мағынада қолданылуы. Мысалы: Арыстан еді-ау, Исатай. (батыл, ержүрек).Бас –адамның басы (тура мағына);Таудың басы – (ауыспалы мағына);Алтын жүзік – (тура мағына);Қолы алтын – (ауыспалы мағына). Қ а з а қ т і л і АНТОНИМмағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер.Мысалы: аласа – биікҰзын – қысқаСуық – ыстық Ақ – қараЖақын – алыс СИНОНИМайтылуы әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Әдемі – көрікті – сұлу;Сабырлы – байсалды – ұстамды – салмақты - байыпты. ОМОНИМдыбысталуы бірдей, бірақ мағынасы әр түрлі сөздер.Мысалы: ат – адамның аты; ат – жылқы; ат – оқ ату Сәуле – адамның атыСәуле – күннің сәулесі Қ а з а қ т і л і синтаксис морфология Қ а з а қ т і л і глоссарий Сөздер Сөз таптары Қосымшалар Қ а з а қ т і л і Сөз таптары Қ а з а қ т і л і ЗАТ ЕСІМ СЫН ЕСІМ САН ЕСІМ ЕСІМДІК ЕТІСТІК ҮСТЕУ ШЫЛАУ ЕЛІКТЕУ СӨЗ ОДАҒАЙ ЕСІМДІК Қ а з а қ т і л і ЕСІМДІК МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ 7 ТҮРЛІ БОЛАДЫ: ЖІКТЕУ СІЛТЕУ СҰРАУ ӨЗДІК БЕЛГІСІЗДІК БОЛЫМСЫЗДЫҚ ЖАЛПЫЛАУ Қ а з а қ т і л і ЕСІМДІК МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ 7 ТҮРЛІ БОЛАДЫ: ӨЗДІК ЕСІМДІК Қазақ тілінде өздік есімдік өз сөзінен жасалады. Өздік есімдегіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі және септеулі түрде қолданылады. глоссарий Сөйлем Сөз тіркесі Сабақтас құрмалас Жай сөйлем Сөйлем мүшелері Салалас құрмалас Қ а з а қ т і л і Бақылау тесті Жаттығу тесті Қ а з а қ т і л і ҚАЗАҚСТАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР МЕРЕКЕЛЕР ТАРИХ ӨНЕР ОТБАСЫ ТАБИҒАТ Қ а з а қ т і л і Қазақстан туының түсі – КөгілдірҚазақстанның жер көлемі – 2700 мың шаршы шақырымЕлтаңбаның түсі – Алтын және көгілдір түстіҚР- ның Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген? – ПырақтарМемлекеттік туымыздың түсі ненің белгісі? – АспанМемлекеттік тудың авторы кім? – Ш.НиязбековҚазақстан Республикасының рәміздері – Елтаңба, ту, әнұранҚазақтың ұлттық теңгесі шыққан жыл – 1993 ж Мемлекеттік Елтаңбада шаңырақ бейнесі нені білдіреді? – Отанымыздың біртұтастығынЕлтаңбаның жоғарғы жағында не бейнеленген? – ЖұлдызҚазақстан қандай ел? – Егеменді, тәуелсізМемлекеттік Тудың ені мен ұзындығы – Ені - 1 метр, ұзындығы – 2 метрҚазақстанда неше облыс бар? – 14Қазақстанның орналасқан жері – Еуразия құрылығы Қазақстан Қ а з а қ т і л і ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР «Музыканың ұлы кітабын» жазған ғалым - Әбу Насыр Әл Фараби«Диуани лұғат-ат түрік» кітабының авторы – Махмұд Қашғари«Екінші Аристотель - Әл-Фараби Орта жүздің биі – Қазыбек биҚазақ - қырғыз халықтарының әдеби мұраларын зерттеген ғалым – Шоқан Уәлиханов«Жеті Жарғы» заңдар жинағын жазуға қатысқандар – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке биАбылайханның кеңесшілері болған билер – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек биЖәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы – ТәукеҰлы жүздің биі – Төле биXVIII ғасырда қазақ халқының бостандығы үшін күрескен хан – Уәлиұлы АбылайханҚазақтың көне музыка мәдениетінің өкілдері – Қорқыт, Әбу Насыр әл-Фараби Қ а з а қ т і л і МЕРЕКЕЛЕР Қазақстан халықтарының Тілдері күні – 22 қыркүйек 30 тамызда өтетін мемлекеттік мереке – Конституция күні Әжелерді, аналарды, апа, қарындастарды құттықтайтын халықаралық мереке – Халықаралық әйелдер күні Қаңтар айының 1- ші күні қандай мереке? – Жаңа жыл Қазақстан тәуелсіздігі күні – 16 – 17 желтоқсан Наурыз мейрамы – 22 наурыз Наурызда не тойланады? – Жылдың басы1 мамырда болатын мейрамның атауы – Қазақстан халықтарының бірлігі күні Соңғы қоңырау мерекесі өтетін ай – Мамыр Республика күні – 25 қараша Еуропаша Жаңа жыл – 1 қаңтар 4 маусым – Қазақстан Республикасының рәміздер күні Жеңіс күні – 9 мамыр Қ а з а қ т і л і ОТБАСЫ Отбасы мүшелерінің атауы - Әке, шеше, ата, анаДүниеге ең қымбат адам – АнаӘкеңнің шешесі сізге кім? - ӘжеБір отбасындағы 2 ұл бала бір-біріне кім? – Ағалы-ініліШешесінің әкесі балаға кім болады? – Нағашы атаЖоғары оқу орнына түсетін бала – ТалапкерМектепті бітіргенде оқушы қандай білім алады? – Орта білімБаланың ең алғашқы қадам басуына байланысты дәстүр – Тұсау кесуБала неше жаста мектепке барады? – 7Үй ішіне қатысты сөздер – Еден, қабырғаБір отбасындағы екі қыз бала бір-біріне кім болады? – апалы-сіңіліШешенің туыстары балаға кім болады? – нағашыӘкенің әкесі кім?– атаОтбасындағы ұлға жасы кіші қыз кім болады? – қарындас Қ а з а қ т і л і ТАРИХ Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші – ХанРеспублика астанасы Астана қаласына қашан көшірілді? – 1997 ж.Елбасының «Қазақстан - 2030» Жолдауы жарияланған жыл – 1997 ж.Қабанбай батырдың шын есімі – ЕрасылXIX ғасырдың басында «Ақмешіт бекінісі» атанған қала – ҚызылордаЖелтоқсан оқиғасы болған жыл – 1986 ж.Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр – Р.ҚошқарбаевАстанаға дейінгі Қазақстанның астанасы – АлматыОтырар қаласының алғашқы атауы – Фараб«Билеушілер» деген мағынаны білдіретін синонимдер – Хан, патша, сұлтан Қазақстанның ең алғашқы астанасы – ОрынборXVIII ғасырда қазақ халқының бостандығы үшін күрескен хан – Уәлиұлы АбылайханҚазақ халқының ежелгі баспанасы – Киіз үй Қ а з а қ т і л і ТАБИҒАТ Көктемдегі табиғат өзгерістері – Қар ериді, күн жылынады, жер көгередіЖаңбыр жиі жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді – Күз «Қансонарда бүркітші шығады аңға ...» өлеңінің авторы – АбайКүзден кейін келетін жыл мезгілі – ҚысЭкологияның анықтамасы – Қоршаған ортаны зерттейтін ғылымҚазақстанның табиғаты қандай? – Алуан түрліҚазақстанның “Швейцариясы” – Көкшетау, БурабайАрал теңізінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан қорық – БарсакелмесҚазақстандағы ең терең көл – АлакөлБалқаш көліне ең жақын қала – Балқаш қаласыҚазақстанның ең ірі өзендері – Ертіс, Сырдария, Іле, ЖайықҚазақстанның жеміс-жидекке, мақтаға бай өлкесі – Оңтүстік ҚазақстанАстана қай өзеннің бойында орналасқан? – Есіл Қ а з а қ т і л і ӨНЕР Қазақ музыкасын әлемге тұңғыш танытқан әнші - Ә.Қашаубаев «Қазақфильм» киностудиясынан шыққан тұңғыш фильм – «Аманкелді»Қазақ театрының алғаш шымылдығын ашқан пьеса – «Еңлік-Кебек»Ә.Қастеевтің «Қарындасым» портреті қай өнер түріне жатады – ГрафикаҚазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы - Ә.Қастеев1925 жылы Парижде ән шырқаған әнші - Әміре ҚашаубаевАлматыдағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры – М.Әуезов атындаСахнада Еңлік, Қыз Жібек бейнелерін ойнаған бұлбұл әнші – Күләш БәйсейітоваШ.Айманов еңбек еткен саласы – Кино өнеріАлматыдағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры – Абай Құнанбаев атындаАтақты «Отырар сазы» оркестрінің бас дирижері – Нұрғиса ТілендиевҚазақтың ұлттық аспаптары – Домбыра, қобыз, жетіген Қ а з а қ т і л і оқушы қатемен жұмыс дәптеріне жіберген қателерін тізеді; жіберген қатенің қазақ тіл білімінің қай саласына жататынын анықтайды; электронды көмекші құралдан жіберген қатеге сай ережені тауып алып қайталайды; жаттығулар орындайды; жаттығу тестін орындау арқылы білімін бекітеді. Қатемен жұмыстың алгоритімі: А) КімгеВ) ОғанС) ӨзінеD)Бүкілінің Е)Емханаға + Қ а з а қ т і л і Мысалы: Барыс септігінде тұрған өздік есімдігін табыңыз: оқушы қатемен жұмыс дәптеріне жіберген қателерін тізеді; жіберген қатенің қазақ тіл білімінің қай саласына жататынын анықтайды; электронды көмекші құралдан жіберген қатеге сай ережені тауып алып қайталайды; жаттығулар орындайды; жаттығу тестін орындау арқылы білімін бекітеді. Қатемен жұмыстың алгоритмі: А) КімгеВ) ОғанС) ӨзінеD)Бүкілінің Е)Емханаға (барыс септігіндегі сұрау есімдігі) (барыс септігіндегі жіктеу есімдігінің ІІІ жағы) (барыс септігіндегі өздік есімдік) (барыс септігіндегі жалпылау есімдігі) (барыс септігіндегі жалпы зат есім) + Қ а з а қ т і л і Мысалы: Барыс септігінде тұрған өздік есімдігін табыңыз: ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры. Оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану – біздің қазіргі заманымыздағы маңызы зор мүмкіндік. Сондықтан сабақта электронды құралды пайдалану оқу жұмысының жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды. Оқушының біліктілігі мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етеді, өзін-өзі реттеуді дамытады, оқушының мақсатты қызметін ынталандырады. Жанбасаң жарық бермейсің,Жалынсыз бекер терлейсің,Жігерлі жанға ергейсің.Ұлым-ау, жердің бетіндеЖақсылық сырын тегейсің,Өмірге екі келмейсің. К.Салықов Ештеңе де өзінен-өзі, ерік-жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз келмейді. Адам еркі, соның ішінде берік адамның еркі – ғаламат күш. А.И.Герцен Кішкентай бастамасыз үлкен нәтижеге жету мүмкін емес. Кішкентай дене ішінде көбіне үлкен рух болады.Үлкен заттар майда бөлшектерден тұрады.Үлкен кеменің батуына кішкентай тесік себеп бола алады.Майда отын отты күшейтсе, үлкен отын сөндіреді.Әр майда нәрсе міндетті түрде бір іске жарайды. Республикалық семинарға қатысушы құрметті әріптестер, қонақтар! Сөзімді қорытындылай келе, оқушы мен ұстаз арасындағы тұлғалық қарым-қатынас, олардың жан дүниесін сезіну, мақсат қоя білуге, оның нәтижесіне жету үшін жұмысты жүйелеуге үйрету, оқыту мен тәрбиенің бірізділігі оқушылардың өзіне деген сенімін арттырады. “Мен білмеймін”, “маған өте қиын”, “түсінбеймін” дейтін шәкірттердің өзінің жанына жылылық ұялатады. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ