Жалпыадамзатты? ??ндылы?тар-мектепті? т?тас педагогикалы? ?дерісіні? негізі.


Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
Мектеп №212 мектеп-гимназия Семинарды тыңдаушылардың саны______
Мерзiм 18.11.2015ж Мұғалiм Садықова Шаттық
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар-мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің негізі.
Мақсаты: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің негізі ретінде жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу.
Міндеттері:
«Өзін-өзі» тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұны мен философиясын түсіндіру.
Семинарға қатысушы мұғалімдер бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту.
Мұғалімдерді руханилыққа, ізгілікті болуға баулу. Ресурстар:
(қалам, бейнепроектор, «Бәрі өз қолыңда» (видеоролик)
Жоспар:
Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар.
«Өзін-өзі тану» жалпыадамзаттық құндылықтарды пәндердің мазмұнына интеграциялау (мысалдар келтіру)
Шығармашылық тапсырма (өз пәндерімен интеграциялау)
Топпен ән айту.
Семинардың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену».
Жағымды көңіл – күйге келудің мәні мен мақсаты таныстырылады.
Бүкіл әлемдік даму үдерісі жаһандануға әкелмей қоймайды. Бұл дегеніміз, әлем дамуда және даму барысында дағдарысқа ұшырауда. Дағдарыс 3 топқа бөлінеді: жеке тұлғалық, қоғамдық, экологиялық. Шығу жолы: “жаңа аскетизм”. Руханилық ойдың, істің таза болуы. Аскетизм рақымшылдық жасау,материалдық құндылықтарды рухани құндылықтарға өзгерту. Іс әрекеттің дұрыс болуы.1968 жылы Жаһандық проблемаларды шешу үшін Рим клубы құрылды. Рим клубының негізін қалаушы-Аурелио Печчеи.
Қазіргі таңда, Рим клубы, геосаясат түбегейлі өзгерістері болған, әлемнің қазіргі жай-күйін зерттеулерді жалғастыруда, әсіресе әлемде экологиялық жағдай нашарлауы жалғасуда.
Маслоу бойынша “Қажеттіліктер пирамидасы”
Рухани қажеттіліктер
Өзін құрметтеу, өзін жүзеге асыру
Әлеуметтік
Қауіпсіздік
Физиологиялық
Рухани-адамгершілік білім беру
Ұстаз – нұр сыйлаушы жан иесі, адам жанын тәрбиелейтін Ұста.
Оқушы – нұрды іздеуші, шөліркеген жан.
Сабақ (педагогикалық үдеріс) – өсіп келе жатқан адамды, яғни оқушыны Ұстаздың Нұрға бөлендіретін, шабыттандыратын, өз рухының сыйын әрі қарай әлемге тарату үшін құлшындыратын, ұстаз бен оқушының кездесуінен туатын, бірлескен асқақ өмірдің айрықша жолы
Сана – ғылыми зерттеулер мен тұжырымдамалық талдауларға ұсатпайтын сүзгінің тесігінен ағып жатқан су сияқты эпифеномен.

Жалпыадамзаттық құндылықтар.
Аксиология (гр. құндылық)- құндылық категориясын зерттейтін философияның саласы.
Құндылықтар- адам үшін аса маңызды заттар,құбылыстар,қасиеттер мен жай-күйлер.
Құндылықтар:
Ақиқат
Сүйіспеншілік
Дұрыс әрекет
Ішкі тыныштық
Қиянат жасамау
Құндылықтар Т.И Петракова бойынша 3-ке бөлінеді: табиғи, жүре пайда болған, абсолюттік құндылықтар.
Құндылық ағашы: адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштық пайда болады, ішкі тыныштығы бар адам ешкімге қиянат жасамайды.
Интегра́ция ( лат.тіл. integratio «ықпалдастыру,біріктіру,кіріктіру») — жекелеген,дифференцияланған бөліктердің тұтаспен байланыс күйін әрі осы байланысқа алып келетін үдерісті білдіретін жүйе теориясының ұғымы. Сыртқы ықпалдасу (өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік тәсілдерін қолдану)
Ішкі ықпалдасу (дүниетанымдық, мәнді, мағыналы)
Ықпалдастыруға байланысты мысалдар келтіріледі.
Қай пән болмасын күнделікті сабақ барысында төмендегі әдістерді қолдануға болады:
Жағымды күйге келу формалары (сабақтың басында және соңындағы іштей жағымды күйге келу)
Сабақтың дәйексөзі (жағымды ой-пікір)
Оқиға және әңгіме айту
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Шығармашылық тапсырма. Мұғалімдер өз пәндері бойынша топтасып, ықпалдастыру мысалдарын келтіреді.
Топпен ән айту.
БӘРІНЕН ДЕ СЕН СҰЛУ
Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі
Сөзі: Мақсұтбек Майшекиндікі
Жаз күнінде жайнаған
Масатыдай жер сұлу.
Аққу, қаздар тойлаған
Айдын шалқар көл сұлу.

Қайырмасы:
Өзгеден де ең сұлу,
Өмірлік дос тең сұлу.
Өзім сүйіп ұнатқан
Бәрінен де сен сұлу.

Нұрын төккен қырмызы
Аспандағы күн сұлу.
Жымың қаққан жұлдызы
Айлы кеште түн сұлу.

Қайырмасы.

Тәрбиелі, тамаша
Бал мінезді жар сұлу.
Таңданарлық қараса
Талай абзал бар сұлу. Талдау
Үйге тапсырма. Интеграцияланған сабақтар өткізу.
Жиналыстың қорытынды сәті. Мұғалімдердің семинардан алған әсерлерін айтып, пікірлерін жазады. Мұғалім Садықова Ш.
Директор Садықов А.