Кім жылдам? 7 класс


Сабақтың тақырыбы: “Кім жылдам?”Сабақтың мақсаты:а) оқушылардың жалпы білімін дамыту, өтілген материалдарды бекіту;ә) ой-өрісін кеңейту, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, тез ойлауға үйрету, сабақты толық меңгерту; б) әдептілікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, кеспе қағаздар Сабақтың түрі: аралас сабақПәнаралық байланыс: информатика, қазақ тілі, сызу Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру2. Үй жұмысын тексеру3. Негізгі бөлім: а) “Ойлан, тап”Геометрияның негізгі ұғымдарын атаә) “Инженер” ойыны Бұрыштарды салб) “Тапқырлар” ойыны Есептер шығару “Кім жылдам?” ойыны 4. Сабақты қорытындылау5. Үйге: қайталау “Ойлан, тап” ойыны: Геометрияның негізгі ұғымдары. Аксиома деп нені айтамыз? Кесінді дегеніміз не? Сәуле дегеніміз не? Бұрыш дегеніміз не? Биссектриса дегеніміз не? Тең фигуралар деп қандай фигураларды айтамыз? Сыбайлас және вертикаль бұрыштар дегеніміз қандай бұрыштар? Параллель түзулер деп қандай түзулерді айтамыз? Түзулердің параллельдік белгілерін айт. Параллель түзулердің қасиеттерін ата. 5. “Инженер” ойыны: АОВ = 140⁰, ВОС = 55⁰ бұрыштарын салыңдар. АОВ =42⁰, ВОС = 28⁰ және олар бір қабырғасы ортақ бұрыштар болсын. АОС бұрышының шамасын табыңдар.4⁰, 25⁰, 2,5⁰; 7⁰15 ́ бұрыштары берілген. Оларды минуттар арқылы жазыңдар. 120 ́; 240 ́; 60 ́; 360 ́ бұрыштарының әрқайсысын градус арқылы жазыңдар. 6. “Тапқырлар” ойыныЕкі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың бірі 50⁰-қа тең, қалған бұрыштарын табыңдар.Сыбайлас бұрыштардың біреуі 45⁰ болса, екіншісі неге тең?Параллель екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде қандай бұрыштар пайда болады?а мен b түзулері параллель, ал с түзуі қиюшы түзу. Пайда болған бұрыштар үшін 1= 75⁰, қалған бұрыштарын табыңдар. 7. “Кім жылдам?” ойынымақал – мәтел жарысыҚызға қырық үйден ...Жүз теңгең болғаншы, ...Айдағаның бес ешкі, ысқырығың ...Бір тал кессең, ...Бір құмалақ ...Жеті жұрттың тілін біл, ...Тоқсан ауыз сөздің тобықтай ...Жігітке жеті ... 8. Сабақты қорытындылуа, оқушыларды бағалау9. Үйге қайталау, өтілген тақырыптар бойынша оқып келу. Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектеп7 “а” сыныбы Ашық сабақ Математика Пәнінің мұғалімі:Айтимбетова Л.У.