Кім жылдам?


Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі
Пән мұғалімі: Кажкенова Жанна Кенжеғұлқызы
Пәні: Бейнелеу өнері
Сынып: 5-6
Тақырыбы: «Кім жылдам?» ойын-сайысы.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі өткелі тұрған «Кім жылдам?» шапшаңдық ойындары сайысына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Сайысымыздың мақсаты:   оқушыларға оқу танымдық тәрбие беру. Шапшаң ойындар ойнату арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту, жылдамдықтарын арттыру. Ойларын жүйелі, еркін, шапшаң жеткізе білуге дағдыландыру. Топтық жұмыс істеуге, достық қарым-қатынасқа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар, Өнерлі, ұшқыр, тапқыр, шапшаң да бар.Білім де, ақыл да бар, қайрат та бар,
Жүлдені жан-жақтылар ұтып алар.
Кез-келген сайыс бағалануы тиіс. Осының ара жігін ажырататын қазылар алқасы:
1)     2) 3)      Өнер қуып оқушылар өтер деймінБір басына өнерлері жетер деймін.Бәске түссе оқушылар кезектесіп,
Таныстырып топтарын өтер деймін- деп, алғашқы шартымыз бойынша өздерін, топтарын таныстырады.
Бүгінгі біздің сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
Ойынның өткізілу тәртібі:1)      Топтастыру («Жүйрік», «Ұшқыр».)2) «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!» кезеңі а) «Бинго» ойыны (Адамның есімін жазуға сұрақтар беріледі. 1-2 минут аралығында 20 сұраққа 20 адамның есімін жазу керек. Бірінші болған топ «Бинго» деп орындарынан тұрады. )ә) «Сиқырлы әріптер» ойыны (Оқушыларға әріптер таратылады. Берілген әріптердің барлығын қолданып сөз құрастыру керек.)б) «Сен білесің бе» ойыны (Оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұраққа дәлелмен жылдам және дұрыс жауап берулері керек.)
3) «Ақылдассаң шешерсің» кезеңіа) «Ыммен түсіндіру» ойыны (Берілген сөзді ымдау арқылы басқа топқа түсіндіреді)ә) «Уақытты сағатсыз анықтау» ойыны (Сайыскер немесе топбасшы көзін жұмып 1 минут уақыт болды-ау дегенде бір адым алға шығу керек)
4) «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні» кезеңіа) «Жақсылықтан жақсылыққа» ойыны (Бұл ойында топ мүшелері бірлесіп келесі топтарға өздерінің достық сезімдерін білдіріп, ақ тілектерін жазады)
Екінші кезеңіміз «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!» кезеңі.   Бұл кезең 3 ойыннан тұрады.
А) «Бинго» ойынының сұрақтары:
1. Қазақтың алғашқы суретшісі –Әбілхан
2. Қазақтың алғашқы кәсіпқой мүсіншісі –Хакімжан
3. Қазақтың бас ақыны –Абай
4. қазақтың тұңғыш ғалымы, саяхатшы –Шоқан
5. Қазақтың тұңғыш акдемигі –Қаныш
6. Қазақтың алғашқы педагогі –Ыбырай
7. Жыр алыбы –Жамбыл
8. Күй атасы –Құрманғазы
9. Қазақ вальсінің королі –Шәмші
10. Қазақтың биші қызы –Шара
11. Үш жүздің басын қосқан қазақ ханы –Абылай
12. Кіші жүздің биі –Әйтеке
13. Қазақтан шыққан алғашқы суретші қыз –Айша
14. Күш атасы –Қажымұқан
15. Қазақстанның тұңғыш президенті –Нұрсұлтан
16. Қазақ фильм киностудиясы кімнің есімімен байланысты? –Шәкен
17. «Абай жолы» роман-әпопеясының авторы –Мұхтар
18. Қазақтың ұшқыш батыр қызы –Хиуаз
19. Құрманғазының шәкірті –Дина
20. Қобыз атасы –Қорқыт
Ә) «Сиқырлы әріптер» ойыны. Сұрақ:
1-топқа: Қазаққа тәуелсіздік алып берген «Оқиға»? ЖЕЛТОҚСАН
2-топқа: Торкөзде жауаптары жазылатын ойын түрі? СӨЗЖҰМБАҚ

Б) «Сен білесің бе?» ойыны
1. Суретшінің өз кейпін салған шығармасы –автопортрет деп аталады. Иә ма, жоқ па?
2. Суға жақсы еритін бояудың түрі- майлы бояу деп аталады... Жоқ-акварель.
3. Жануарларды бейнелейтін суретші және мүсінші –маринист деп аталады... Жоқ-анималист.
4. Әр түрлі заттар мен бұйымдарды үйлесімді бейнелеу жанры –натюрморт деп аталады... Иә-
5. Ағашқа салынған гравюраның бір түрі –литография деп аталады...Жоқ-ксилография.
Адамның бет-пішінін, келбетін бейнелеу жанры –портрет деп аталады...Иә-
Акварельмен салыстырғанда суда мөлдір емес қою езілетін бояу –гуашь...Иә-
Соғыс оқиғаларын бейнелеу жанры –маринистік жанр деп аталады...Жоқ-батальдық жанр.
Табиғат көрінісін бейнелеу жанры –пейзаж деп аталады...Иә-
Металға салынған гравюраның бір түрі –литография деп аталады...Жоқ-офорт.
ІІІ. «Ақылдассаң шешерсің» кезеңіа) «Ыммен түсіндіру» ойыны (Берілген сөзді ымдау арқылы басқа топқа түсіндіреді: күн, кемпірқосақ, гүл, ою-өрнек, кітап, сағат, қарындаш, домбыра, доп, тақия)
ә) «Уақытты сағатсыз анықтау» ойыны (1 сайыскер немесе топбасшы көзін жұмып 1 минут уақыт болды-ау дегенде бір адым алға шығу керек)
4) «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні» кезеңіа) «Жақсылықтан жақсылыққа» ойыны (Бұл ойында топ мүшелері бірлесіп келесі топтарға өздерінің достық сезімдерін білдіріп, ақ тілектерін жазады)
ІІІ. Қорытынды бөлімҚазылар алқасының берген бағаларын тыңдауСайысқа қатысушыларды марапаттау