?аза?станны? болаша?ы білімді ?рпа?ында сайыс


Ключев орта мектебі

Өткізген: Ажкаева А.Б
2016 – 2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау,
топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өзбілімдерін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру. Оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы алған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру,ауызекі тілде еркін жеткізуді қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушының алдыңғы, өткен сабақтарды қайталай келіп, тілдерін,
ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту. Оқушылардың сөздік
қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық
қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру
Тәрбиелік: Қазақстан елінің жері, рәміздері, тіл саясатына, тәуелсіздік жолындағы
белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін тудыру.
Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Жан –
жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: топ аттары жазылған қағаздар, суреттер, дайындалған сұрақтар
Сабақтың барысы
Мұғалім: Армысыздар оқушылар! ХІ ғасырдың білім мен ғылым ғасыры екені аян. Бүгінгі біздің «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында» зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер.
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік ұландарға талапкер
Дос көңілден адал, аппақ ниетпен. (жарысқа қатысушы оқушыларды ортаға шықырамыз)
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл мықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты .
Кім жеңді,кім жеңілді деп жүрмейік,
Әділ-қазы бағасына жүгінейік.
Сайысқа баға беріп, сөз айтатын,
Қазыларға төрден орын берейік. –деп сыныбымызға келген қонақтардың ортасынан әділқазылар алқасын сайлайық.
Әділқазылар мүшелерін жарыс ережесімен таныстыру. Ойынымызды бастамас бұрын сайысымыздың айналымдарымен танысайық.
– кезең: «Ұшқыр ой»
– кезең: «Тіл өнері»
- кезең : «Сыңарын тап»
– кезең: «»
1 кезең: «Ұшқыр ой»
Әр топ 10 сұраққа 60 секунд ішінде жауап жауап береді. Қай топ көп жауап берсе, 2 кезеңді сол топ бастайды.
1 – топ:
1. Мемлекеттік рәміздерді ата - Әнұран, Елтаңба, Ту
2. Әнұран қандай жағдайда орындалады – салтанатты
жиындарда
3. Есту мүшесі не - құлақ
4. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би
5. Күйді орындайтын адам кім - күйші
6. Периметрді қалай табамыз - барлық қабырғаларын
қосамыз
7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған - Ыбырай
Алтынсарин
8. Балды жақсы көретін аң – аю
9. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (кім? не?)
10. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге, жуан,жіңішке)
2 – топ:
1. Қ Р - ның әнұранының авторларын ата.
2. Ауданды қалай табамыз – екі қабырғасын көбейтеміз
3. Біз қай тілде сөйлейміз – қазақ
4. 40 пен 6 ның көбейтіндісінің мәні неге тең - 240
5. Көру мүшесі не - көз
6. Біздің президентіміз кім – Нұрсұлтан Назарбаев
7. Аюдың баласы не деп аталады – қонжық
8. Бие сүтінен не дайындалады - қымыз
9. Қазақстан Республикасының Астанасы – Астана
10. Қу аң – түлкі.
2 – кезең: «Тіл өнері»
Бұл сайыста жұмбақтың шешуін тауып, орыс тіліне аудару керек.
топ.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. ( күннің көзі- солнце)
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. ( қалам - ручка)
Өзі сондай аппақ,
Жесең оны тәтті – ақ. (қант – сахар)
Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. ( қоян – заяц)
2 – топ
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады. ( қар – снег)
Жылт – жылт еткен,
Жылғадан өткен (су – вода)
Қыс бойына жатады,
Қысқы ұйқыға батады. ( аю – медведь)
Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар. ( бор - мел )
3 – кезең «Сыңарын тап».
Мақал-мәтелдің жалғасын тап.
1 – топ
1. Тіл тас жарады, (тас жармаса бас жарады)
2. Бал тамған тілден ... (у да тамады)
3. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ)
4. Жыртық үйді жел табар, өтірік сөзді... (шын табар)
5. Тауды, тасты жел бұзар, адам-затты... (сөз бузар)
6. Шебердін қолы ортақ. шешеннің ... (сөзі ортақ)
2 - топ
1. Тіл қылыштан ...(өткір)
2. Піл көтермегенді ... (тіл көтерер)
3.Білекті бірді жығар, .. (Білімді мыңды жығар)
4.Үлкенге құрмет, .. (Кішіге ізет)
5.Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті)
6. Денсаулық – (зор байлық)
4 – кезең « Қызықты жетілік»
Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұрақтарға жауап бере аласыздар. Мына сызбаларға назар аударыңыздар. Жңіл сұрақ алғыларыңыз келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыз. Мұндағы ең күрделі сұрақтарға жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.
20. Орман дәрігері (тоқылдақ)
20. Басты байлық - ... (денсаулық)
20. Рәміздерді ата. ( Еллтаңба, Ту, Гимн)
30. Елтаңбаның авторлары кімдер ? ( Шотаман Уалиханов, Жандарбек Мәлімеков)
30. «Кел,балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім ? (Ы.Алтынсарин)
40. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қашан қабылданды ? (1991 ж 16-желт.)
40. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.
(Көк, сары)
5 – кезең « Сөз құра»
Қазақстан сөзінен жаңа сөздер құрау ( қазақ,астана, ата, ана, қазан т. б)
Мұғалім:
Ақыл көпке жеткізер
Өнер көкке жеткізер
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену , жалықпау– деп сөз кезегі әділ – қазыларға береміз.Жеңген топты марапаттау.
Қорытынды:
-Балалар, Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне иеболу” – деп білімділікке сипаттама берген. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыздар