Презентация по казахскому языку на тему Ма?сатты келер ша?


Сабақтың тақырыбы: Мақсатты келер шақ 7- сыныпҚазақ тілі Білімділік: Оқушыларға мақсатты келер шақ туралы мәлімет бере отырып, оның жасалу жолын меңгерту.Дамытушылық: Оқушылардың ауызша сөздік қорын, тіл байлығын молайту, жазбаша сауаттылығын арттыру, логикалық ойын дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды білімділік пен адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, зеректікке баулу. Сабақтың мақсаты: Сабақтың көрнекілігі: Таблица, сызба-нұсқалар, сәйкестендіру тесті, қима қағаздар.Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндірмелі, сұрақ-жауап, топтастыру, іздендіру, практикалық, Венн диаграмма.Сабақтың түрі: Аралас сабақПәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих. Сабақтың міндеттері: Теориялық білімді игеру. Мақсатты келер шақты талдау. Морфологиялық талдау. Жаттығу орындау. Мәтінмен жұмыс. Сәйкестендіру тесті. Венн диаграмма. Эссе. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын пысықтау. 119 – жаттығу. 1. Білім. Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ,Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ. 2. Түсіну. - мақ, - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек етістіктерге жалғап жіберейік. 3. Қолдану. Мақсатты келер шаққа байланысты естігендерін топтастыру. Оқулықпен жұмыс. өз айтқандарымызды оқулықтағы ережемен салыстырайық. жақ жекеше көпше I II III Келмекпін,келмекшімінКелмексің, келмекшісіңКелмексіз, келмекшісізКелмек, келмекші Келмекпіз, келмекшімізКелмексіңдер, келмекшісіңдерКелмексіздер, келмекшісіздерКелмек, келмекші 4. Талдау.121 – жаттығу. келер шақ тұлғасындағы етістіктерге морфологиялық талдау. 1 - топ.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты жолдауында биыл мерекелердің қатарында қазақ хандығының 550 жылдығы биік деңгейде аталып өтпек. Бұл мерей той тәуелсіз қазақ елінің абыройын асырып, мерейін өсірмек. Мерейтой аясындағы негізгі мәдени спорттық іс - шаралар Тараз қаласында өтілмекші. Ал, салтанатты жиналыс пен мерекелік концерттер ғылыми- практикалық конференция Астана қаласында ұйымдастырылмақ. 2015 жыл – айтулы тұлғалар, атаулы даталар 2 -топ. Мәтінмен жұмыс.Мақсатты келер шақты табу.Абай – қазақтың бас ақыны, “қалың елім қазағым!" “қазақта адам баласы ғой” деп бірде ашынып, бірде басылып халқына сөз арнаған. Тілеуін тілеген дара данамыздың дүниеге келгеніне биыл 170 жыл толмақшы. "Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс", деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиянақтаған. Біз де қазір де ұлы ақынымыздың рухымен қазақтың мәртебесін биіктен танытпақпыз. “Егемен Қазақстан” газеті Өзіндік жұмыс.122 – жаттығу. Берілген етістіктерден мақсатты келершақ жасап, жіктеп, әрқайсысына сөйлем құраңдар Шаш. Оқы. Сөйле. Қайт. “Кім зерек?” ойыны. шарты: бір бала жекеше түрін айтса, екінші бала көпше түрін айту керек. Сәйкестендіру тесті. I – топ.Есімше2. Көсемше.3. Күрделі етістік4.Болымсыздық етістік5. Мақсатты келер шақ. Аузыңа салсаң шырын сөлі тіліңді үйіреді.Әйел бұршақтай бораған оқ астына қарай келе жатыр.Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа.Көрмес –түйені де көрмес.Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек. II – топ.Есімше2. Көсемше3. Болымсыздық етістік4. Күрделі етістік5. Мақсатты келер шақ. Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек.Армансыз адам –алысқа бармас.Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізер.Арамдық – адамның ажарын бұзады.Күміс жапырақтары әлі де қағып жатыр. 5. Жинақтау. Мақсатты келер шақты қатыстырып, эссе жазу.Ұлы Жеңіске – 70 жыл!Астана – арман қала!Отан –оттан да ыстық!Кім болам? Венн-диаграмма Мақсатты келер шақ Ортақ қасиеті мақ, - мек, - пақ,- пек, шы, - ші жұрнақтары арқылы жасалады. Іс – әрекеттің келешектемақсат етіле орындалатынын білдіреді Екеуі де келер шақтың түрлері, екеуі де есімшенің жұрнағы арқылы жасалады. Болжалды келер шақ ар, - ер, -р және болымсыз етістіктен кейінкелетін – с жұрнағы.Іс – әрекетті болжай көрсетеді. Үйге тапсырма 123 – жаттығу.Ережелерді жаттау. Оқушыларды бағалау. Пайдамыз тиіп Отанға,Риза болсын халқымыз.“5” – тік болсын бағамыз,Білімнен бақыт табамыз. Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар!