«Топты? ж?мысты ?йымдастыруды? о?ушыны? білім алу м?мкіндіктері мен білім сапасына ?сері»


Өтетін күні: 16.05.2016.
Коучинг тақырыбы «Топтық жұмысты ұйымдастырудың оқушының білім алу мүмкіндіктері мен білім сапасына әсері»
Мақсаты Топтық жұмысты ұйымдастырудың оқушылардың білім алуына, оқу сапасының нәтижесіне тигізетін ықпалын,оқушының ынтасын арттыратындығы туралы мұғалімдерде түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже -Мұғалімдерде оқушылардың оқу сапасының көтерілуіне топтық оқытудың тиімді әдіс екендігі жөнінде жағымды көзқарас қалыптасады;
-топтық жұмыстың оқушылардың оқуға ынтасын арттыратынын көреді;
-топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне көмектесе отырып оқытатыны жөнінде біледі;
Дереккөздер Мультфильм  «О важности команды», «Сіздің Мұғалім екендігіңіздің 13 белгісі» ролик
Құрал-жабдықтар Компьютер, проектор, экран, презентация, маркерлер, стикер, ватман
Коучинг барысы Уақыты 50 минут Коучтың іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Кіріспе бөлім 2 минут Коучинг қатысушыларымен амандасу Бір-бірімен амандасады
7 минут Тренинг «Антиуақыт». Қатысушылар таңертең тұрғаннан бастап,қазіргі уақытқа дейінгі не істегендерін 4-5 сөйлеммен айтып шығу керек,бірақ тек кинода лента кері айналғандай бағытта айтуы тиіс. Тұсаукесер
Топтарға бөлу 3 минут Түрлі-түсті стикерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.Бір топқа «Дәстүрлі мұғалім», екінші топқа «Жаңашыл мұғалім».
«О Важности команды» бейнеролик көрсетемін. Екі топқа бөлініп отырады.
Бейнероликті мұқият қарап шығады.
Миға шабуыл 3 минут -Мультфильмнің негізгі идеясы неде?
-Адам өмірінде мұндай сәттер кездесе ме?
-Сабақ үрдісінде қалай көрініс табады?
-Ендеше бүгінгі коучинг тақырыбы қандай?
Коучинг тақырыбы айтылады.
Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыстың оқушылардың сапалы білім алуы үшін маңызы қаншалықты?Тақтаға «градусник» суреті тұр.Осыған байланысты ойларын стикерді градусниктің белгілі бір температурасының жанына жапсырып көрсетеді. Сұрақтарға жауап береді, идеялар ұсынады және коучинг тақырыбын анықтайды.
Топтастырып оқытудың білім сапасына,оқушылардың ынтасына ықпалы зор деп есептесе,қалыпты температура жанына,келіспесе одан жоғары не төмен температура шкаласның жанына жапсырады.
Негізгі бөлім
Тапсырма №1 15 минут Тақырыптарына сай кластер құру және коллаж дайындау. Коллажды жасау барысында келесі критерийлер сақталу керек:-эстетикалық, креативтілік,мазмұны,тақырыптың ашылуы Тапсырмалары бойынша кластер құрып,коллаж дайындайды, түсіндіреді,критерийлер бойынша бағалайды.
Талдау -Сіздер жаңа қандай жұмыс істедіңіздер?
-Сабақтарыңызда топтық жұмысты ұйымдастырасыздар ма?
-Сабақтың қай кезеңінде топтық жұмысты ұйымдастыру тиімді?
-Топтық оқыту әдісінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?
-Топтық жұмысты қалай ұйымдастырғанда тиімді?
-Сабақтың қай кезеңінде қолданылған тиімді деп ойлайсың?
-Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде қандай қиындықтар кездесуі мүмкін? Сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салады.
Сергіту тапсырмасы 10 минут «Хабарландыру». Қатысушылар 5 минут ішінде өзінің кәсіби шеберлігін баяндап қосымша қандай қызмет көрсете алатыны жөнінде хабарландыру жазу керек. Әр қатысушы хабарламасын оқиды,қалған қатысушы тыңдайды.Хабарландыру мазмұнына қарап бұл маманның қызметіне жүгінуге бола ма,жоқ па өз ойларын ортаға салып,түзетулер енгізуі мүмкін.
Көрсетілім 2 минут Бейнеролик көрсетемін.
«Сіздің Мұғалім екендігіңіздің 13 белгісі» Қарап шығып, өздерін таниды.Ойларын ортаға салады.
Рефлексия 2 минут Тақтадағы градусник «Топтық жұмыс- оқушылардың білім сапасын, пәнге қызығушылығын арттыратын маңызды оқыту тәсілі»- деп ойларыңыз өзгеріп жатырса,температураңызды градусник шкаласынан көрсетуін сұраймын. Бастапқы жабыстырған стикерлерінің орнын ауыстырады, не сол орнында қалдырады.
Қорытынды 5 минут Астарлы әңгіме (притча)
Табиғаты қолайлы,сұлу бір жерде ну орман болады.Орманда алуан түрлі өсімдіктермен қатар жануарлар да тіршілік еткен.Олар еш қайғысыз өсіп,өніп өмір сүріп жатты.Күндердің күнінде алыс аймақтардан ызғарлы суық жел соғып,ұзақ қыс келді.Көптеген жан-жануарлар шыдамай өле берді.Салқын түскен кезде жайра(кірпінің түрі) туыстары бір-біріне жанасып жылыну арқылы ғана тірі қалуға болатынын біліп,біріне-бірі жақындай түседі.Жанасқан кезде денесіндегі тікендері кіріп,ауыртып қансырайды.Сол себепті олар жан-жаққа бөлініп қаша жөнелетін.
Уақыт өтіп жатты.Жалғыз қалған жайралар суыққа шыдамай өле бастайды.Олардың алдында тек бір шешім тұрды.Қырылу не болмаса бір-бірінің тікендеріне шыдап,жанасып өмір сүру.Бірге жиналып,тікендерімен ауыртпайтындай етіп жанасу арқылы өмір сүруге талпынады.Нәтижесінде басқа аңдармен салыстырғанда ну орманда тек жайралар тірі қалады.