Ма?ызы бар ?нерк?сіп ж?не ауылшаруашылы?ы к?сіпорындарыны? орналасуыны? карта сызбасын ??растыру


111 Тақырыбы: Маңызы бар өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының орналасуының карта сызбасын құрастыру
Мақсаты:
Білімділік: Маңызы бар өнеркәсіп және ауыл шаруашылықтарымен таныстыру, олардың орналасу карта сызбасын түсіндіру
Дамытушылық: Ауыл шаруашылығына және кәсіптік жұмыстарға мән беруге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге, тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Күтілетін нәтиже: Маңызы бар өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарымен танысқан тұлға
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, суреттер
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Өлкеміздегі өсімдік түрлерін ата
2.Өлкеміздегі бағалы емдік шипасы бар өсімдіктер
3. Адыраспан өсімдігіне сипаттама бер
4.Қызылмия қандай өсімдік
5.Изен қандай өсімдік, мал шаруашылығында неліктен құнды азық болып табылады?
ІІІ. Жаңа сабақ меңгеру:
Жылыой ауданы – Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіретін аудан. Мұнда мұнай өндіру өнеркәсібі тұңғыш рет 1899 жылыҚарашұңғыл деп аталатын қоныстағы №7 ұңғымадан Қазақстандағы тұңғыш мұнай атқылауы басталды. Қазір мұнай (және газ) Теңіз, Құлсары, Прорва, Королев, Сарықамыс, Қаратон кендерінен өндіріледі. Теңіз кенінде мұнай мен газ өңдейтін өте ірі мұнай-газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Басты кен байлығы – мұнай мен газ. Аудан жерінің қойнауында 40-қа жуық көмірсутек кен орындары бар және олардың жалпы қоры (2,5 млрд т) бойынша республикада 1-орын алады. Ең ірі кен орындары: Теңіз, Қарамылтық, Королев, Прорва, Қаратон, Ақінген, Сарықамыс және Каспий теңізіндегі Шығыс Қашаған. Жылыой өңірінде алғаш мұнай тапқан Қызылбаев Бешім ақсақал. Ол жер бетіне шығып жатқан мұнайды барлаушы-геологтарға апарып көрсеткен. Мұнай халық комиссары Қызылбаев Бешімге осы еңбегі үшін өмірлік зейнетақы тағайындаған. 1930 жылдан бастап ауданда мұнай іздеу жұмыстары қолға алынып, Қаратон,Иманқара, Қарашүңгіл, Қосшағылға бұрғы салынды. 1935 жылы Қосшағыл кен орны игеріліп, басқа да мұнай алаңдары ашылғанан кейін, аудан орталығы Қаңбақты (Жилая каса) поселкесінің экономикалық, әкімшілік орталығы ретінде қалу мәні кете бастады. Аудан орталығы 1938 жылы Қосшағыл поселкесіне ауыстырылды. Енді Жылыой өңірінің болашағы мұнаймен байланысты болды. Аудан өнеркәсіппен, ауылшаруашылық бағытында дами бастады. Ауданда бұрғылау жұмыстары кеңінен етек алды. 
Ауыл шаруашылығына жарамды жері 2,21 млн га, оның ішінде тың жер 2,2 мың га, егістігі 534 га, шабындығы 17,1 мың га, жайылымы 2,18 млн га. Ауыл шаруашылығымен айналысатын 244 шаруа қожалығы және «Жаңа таң» ЖШС бар. Аудан бойынша барлық шаруашылықтарда 15819 мүйізді ірі қара, 87138 бас қой-ешкі, 5132 бас жылқы, 7654 бас түйе, 3492 дана құс өсіріледі. Өндірісі негізінен: мұнай және газ өндіру саласы. 2009 жылдың 1-ші қаңтарындағы есеп бойынша аудан жылына 19028,8 мың тонна мұнай, 8995,6 млн.куб.м газ өндіреді. Ауданда 4354 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 549-і заңды тұлғалар, 244-і шаруа қожалықтары, 3561-і жеке кәсіпкерлер.
IV.Жаңа тапсырмалар қалыптастыр:
1.Пайдалы қазбаларды ата
2.Ауыл шаруашылығына жарамды жері қанша га құрайды
3.ауыл шаруашылығымен айналысатын неше қожалық шаруалары бар
4.Ой толғау Сен болашақта ірі кәсіпкер болсан өлкемізге қандай үлес қосар едіңіз.
5.Өлкеміздегі жануарлар түрлерін ата
6.Жануарлардан алынатын қандай өнімді білесің?
7.Өзің білетін жануарға сипаттама бер
V. Жаңа сабақты бекіту:
1.Жылыоймыздағы мұна» тарихы
2.Өлкемізде қанша шаруа қожалықтары бар
3.Өлкемізде қанша кәсіпкерлер бар
4.Ауыл шаруашылығында өсірілетін жануарларды ата Олардың пайдасына сипаттама бер
VІ.Үйге тапсырма беру: 1.Маңызы бар өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының
орналасуының карта сызбасын құрастыру
2.Ой-толғау Сен ірі кәсіпкер болсаң өлкеңе қандай үлес қосар едің?
VІІ. Бағалау: