Коучинг Сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йрету ар?ылы табысты о?у?а ?ол жеткізу


Коучинг тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы табысты оқуға қол жеткізу
Жалпы мақсаты : Сыни тұрғыдан ойлау әдістемесі арқылы сыни ойлауға түрткі болу, бақылау және тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау,топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық 23-24 беттер,интернет желісі
Күтілетін нәтиже: Әріптестерімде сыни тұрғыдан ойлау модулі туралы түсінік қалыптасады;Оқу мен оқыту үрдісін жақсарту мақсатында сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданатын болады.
Түйінді идеялар: Сыни тұрғыдан ойлай отырып,логикалық ойлау ,шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сабақта қолданылатын материалдар: Акт,үлестірмелі А 3 қағазы ,стикер
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер,жеке,жұптық, топтық жұмыс,кері байланыс
Дерек көздері: Видео ,слайдтар
Сабақ барысындағы коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
Коучтің іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
1.Психологиялық ахуал туғызу(5мин)
Топтарға бөлу 1.«Мен елімді сүйемін» сергіту сәті. *Егер,сіздің досыңыз болса,көршінің басын сипаңыз.
*Егер сіз мысықты жақсы көрсеңіз,өз басыңызды сипаңыз.
*Егер сіз итті жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз.т\б
2.Әр түрлі әндердің аттары
жазылған қағаздарды
таратады.
1.Қатысушы мұғалімдер шеңбер жасап тұрады.
2.Мұғалімдер сұрақтарға іс-қимылмен жауап беріп отырады.
2.Әннің тақырыбы жазылған стикерді алып,сол әуенмен ыңылдап жүріп, топтарын табады.
2. Ой қозғау
Қызығушылығын ояту (10мин) 1.Коучингке қатысушыларға сұрақ қояды:
-Сергіту сәтінен, топқа бөлуден қандай әсер алдыңыздар?
3.Сыни тұрғыдан ойлау туралы түсінік беру.
4. «Көбелек»көрсетілімін ұсыну.
*мәтіннің немен аяқталғанын әр топ жалғастыру
*өз ойларын флипчартқа түсіру
*жазғандарын оқыту
*салыстыру
5.Бұл көрсетілімнен қандай ой түйдіңіздер? Әр топтан бір-бір спикер шығып,өз ойларымен бөліседі.
Бір-бірін тыңдап,қорғау жұмыстарына байланысты сұрақ қою.
Сен білесің бе? Бұл кім деп ойлайсыздар?(5мин) «Менің атым Қожа»рөлін сомдаған актердің бейнесі. Жасырылған суретті табуда,ой-пікірлер айтуда белсенділік көрсету.
Видеокөрсетілім арқылы диалогті жалғастыру
1 топ Қожаның
2 топ Сынып жетекшінің айтқандарын өз ойларымен жалғастыру.

3.Топтарға бір-біріне сұрақтар қоюды ұсыну.
-Қожа қандай оқушы?
-Фильмдегі мұғалім туралы ойыңыз,ол қандай адам? Соңынан фильмнің үзіндісінің
толық нұсқасын көріп,өз құраған диалогтерімен сәйкестігін анықтайды.
«Менің атым Қожа»фильмі жайлы топтар бір-біріне сұрақ қояды.
3.Мағынаны тану(20мин) Әртүрлі бес елдегі мінсіз оқушының сипаттамасын көрсету.-Мінсіз оқушының сипаты қандай болу керек?Әр топ постер қорғау Әр топ ойларын флипчартқа түсіреді.
4.«Қарлы-кесек»әдісі Әр топ парақшаға тілектерін жазып келесі топқа береді.Әр топтан бір мұғалім оқып береді. 5.Рефлексия Екі жұлдыз бір тілек бүгінгі коучингтен алған әсерлеріңізді жазсаңыздар .
Не үйрендік?Не білдік? Мұғалімдер берілген стикерлерге тілек,ұсыныстарын жазады.