Т?уелсіз елді? білімді ?рпа?тары т?рбие са?аты


Ақмола облысы
Бұланды ауданы
Қараөзек орта мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»
Өткізген: Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Сагнаева Э.Д.
2015 жыл

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»
Мақсаты: Тарихи мәліметтерді бере отырып,оқушылардың білімдерін жетілдіру, тексеру. Ең негізгі тарихи уақиғалармен таныстыру. Еліміздің мақтанышы,елін сүйген, жерін сүйген ұрпағы, патриоты болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Оқулықтар,сызба,сөзжұмбақ,суреттер,парақшалар,
дидиктикалық материялдар,портрет.
Кіріспе сөз :Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Тәуелсіздік күніне арналады». Қазақстан өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған мемлекет-Түркия. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Елбасымыздың мамандығы инженер-металлург. Көшбасшымызға берілген атақ «Ғасыр адамы». 1997 жылы Қазақстанның елордасы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды. 1998 жылы 6-мамырда Жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10-шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы- Астананың халықаралық тұсауы кесілді. Астананың символы-Бәйтерек. Ол 2002 ж салынды, биіктігі 97 метр. Елордамыз солтүстік Қазақстанда орналасқан. Қазақстанның жері үлкен. Әлемде жер көлемі жөнінен Қазақстан 9-орын алады. Мемлекеттік рәміздеріміз 1992 жылы 4-маусымда қабылданды. Мемлекеттік рәміздер: ту, елтаңба,әнұран. Мемлекеттік тудың авторы : Шәкен Ниязбеков. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уалиханов. Әнұранның авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. 1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валютамыз теңге қабылданды.
Енді мен сіздерді Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымен таныстырайын. 1-топ: «Тапқырлар», 2-топ «Білгірлер». Әділ-қазыларды сайлап алайық. Сіздерді сайыс кезеңдерімен таныстырайын.
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру (топтың аты, ұраны )
2. Әріптер сөйлейді (әріптерден сөйлем құрастыру)
3. Бес жолды өлең («Атамекен», « Елорда» сөздері)
4. Жылдар сөйлейді (парақшалардағы жылдардың уақиғасын айту)
5. Сөзжұмбақ
6. Кім жылдам ? (берілген суреттермен мәтін құрау)
7. Сурет сайысы (Менің болашақ Қазақстаным!)
8. Мәнерлеп оқу сайысы (Тәуелсіз Қазақстан, Отан, туған жер жайлы өлеңдер)
Сөз әділ-қазыларға беріледі. Жеңген топ марапатталады.
Қорытынды: Өзіңдікі Елің де,
Өзіңдікі Жерің де.
Өзіңді өзің еткен Бақ-
Тәуелсіздік төрінде!
Өзіңдікі Туың да,
От пен Ауа, Суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
Осымен «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» тақырыбына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көптен-көп рахмет !