М??а?али Ма?атаевты? туыл?ан к?ніне арнал?ан м?нерлеп о?у бай?ау сценарийі


Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...
/Мәнерлеп оқу байқауы/
Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту.Ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу,өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау,ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу.Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Жеке тұлғаны рухани жан-жақты болуға тәрбиелеу,үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу;
Көрнекілік құралдар: ақын портреті, слайдтар, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.
1-жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім,
Ой, пәлі - ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап бере едім өзім - ақ,
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай.
2-жүргізуші:
Иә, бүгін ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ол - бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
1-жүргізуші:
Қайырлы кеш, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
Бүгін біз ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты мәнерлеп оқу байқауына жиналып отырмыз.
2-жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келеді.
1-жүргізуші:
М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шаруа адамы еді.
2-жүргізуші:
Балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшасы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962-1972жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді./Слайд көрсетіліп тұрады/.
Ақынның өз даусымен жазылған өлең шумақтарына назар аударайық.
1-жүргізуші: Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды.
Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.
2-жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,Мұқағали – поэзия алыбы- дей келе сайысқа қатысушы 8-10 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
1-жүргізуші:
Мәнерлеп оқу байқауы мына кезеңдерден тұрады:
1.«Поэзия-жүрек тілі» (ақынның бір өлеңін жатқа ,мәнерлеп оқу)
2. «Мұқағали-поззия алыбы» (ақынның өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар)
3. «Жырлайды жүрек» (дайын ұйқастарға ақын Мұқағали Мақатаевқа арнап өлең шығару )
2-жүргізуші:
Байқауымызға әділ баға беруші әділ-қазы алқаларымен таныс болайық:
1.Балкыбекова Кулайым Айтмағанбетқызы -мектеп директоры
2.Кикаева Айжан -қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі
3.Иманкулова Айнұр Шалабайқызы-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
1-жүргізуші:
Мұқағали мұрасы - маржан поэзия , мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді.
2-жүргізуші:
Өмірін өлеңменен өрген ақын.
Тағдырдың тапшылығын көрген ақын,
Қазақтың қасиетті қара өлеңі.
Жалғаса береріне сенген ақын.
1-жүргізуші:
Өлеңді мәнерлеп оқудағы бағалау критерийлері:
-Өлеңді жатқа білу;
-Мәнерлеп, нақышына келтіре оқу;
-Интонацияны (дауыс ырғағы) ескеру;
-
Ортада 8 «А» сынып оқушысы
1-жүргізуші:
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын,- деп Мұқағали Ф. Оңғарсыноваға жанын жеген қайғыны жырмен жеткізген
Фариза,
Фаризажан, Фариза қыз
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
1-жүргізуші:
Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали Мақатаев өлеңді 10-11 жасынан жаза бастайды. Алғашқы –өлеңдері аудандық газеттерде жарық көрген. Мұқағали шығармалары 1960-70 жылдары үздіксіз басыла бастайды. Бұл жылдарды ақының қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, «Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана деген байламды берік ұстап, шен- шекпенге де, лауазым атаққа да қызықпаған».
2-жүргізуші:
Мұқағали Мақатаевтың «Қаламқас», «Қарлығашым келдің бе?,«Дариға жүрек»,«Аққулар ұйықтағанда»,«Өмір дастан» т. б.жыр жинақтары туған.
Мұқағали Мақатаевтің балалық шағы ауыр жағдайда өтті. Әкесі соғысқа кетіп оралмады. Соғыстың ауыр жылдарын басынан өткізді. Зерек, алғыр, өткір мінезді Мұқағали мектепке жасы толмай-ақ ерте барды. Мектепте үздік оқып, қоғамдық жұмыстардың ұйтқысы болды. Өмірінің соңына дейін өлең жазды.
Кезекті 9 «А»сынып оқушысы
1-жүргізуші: Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.
2-жүргізуші: Ендеше қашан да ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдақты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.
Ортада 10 «А»сынып оқушысы Жаңабаев Жанказы «»
10 «А»сынып оқушысы Муканова Надира «»
10 «Ә»сынып оқушысы Серікова Анель «»
10 «Ә» сынып оқушысы
1-жүргізуші:
Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де , ақындық ғарышқа самғатқан да қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді,тағзым жасайды.
2-жүргізуші:
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
1-жүргізуші:
«Поэзия – жүрек тілі» атты кезеңнің қорытындысын әділ-қазылар алқасынан білсек.
1.
1-жүргізуші:
Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 9 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқаңның өлеңдері поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. Сол әндерінің бірі- «Есіңе мені алғайсың»
2-жүргізуші:
8 «А»сынып оқушылары Ғарифолла мен Гүлжанның орындауында тамаша ән.
1-жүргізуші:
Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды.
2-жүргізуші:
Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
1-жүргізуші:
Туған халқының арман-мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанының жыршысы болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев. Өлмес өнері- өлеңмен жалпақ жұрттың жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентіміз ұрпаққа ұран болған жырларын елі ешқашан есінен шығармасы анық!
2-жүргізуші:
Мұқағалидың поэзисы -таусылмайтын қайнар бұлақ. Ол – поэзияның Хантәңірі. Ол – сыршыл ақын. Ол – қара өлеңнің шебері. Ол – қайта өмірге келген ақын. Ол – драматург, ұстаз, сатирик. Ол – жазушы. Ол – журналист.Сайысымыздың «Мұқағали-поззия алыбы» атты кезеңін бастаймыз.
1-жүргізуші:
Бұл кезеңде оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығынан қойылған сұрақтарға жауап беру керек. Әр оқушы 1 сұрақ таңдайды. Сұрақтар санның астында жасырылған. Әрбір толық әрі дұрыс жауапқа 5 ұпайдан. Сайыскерлерімізге сәттілік!
Ортаға байқауға қатысушыларды шақырамыз.
1.8 «А»сынып оқушысы
Сұрақтар:
1. «Мұқағали Мақатаев- адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарасым мен келісімнің жаршысы. Оның туған аулына,Алатау табиғатына, сүйген жарына, аяулы әжесіне, балаларына, достарына, сағынышты махаббатына, баршасына арналған өлеңдері де шын тебіреністен,шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар» атты естелікті айтқан және жазған жазушы кім?(Әбіш Кекілбаев)
2.Мұқағали Мақатаев қай жылдары қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды? (1954-1962 жылдар)
3.Мұқағали Мақатаевтың алғаш өлеңі қай жылы жарық көрді? (1948 жылы)
4. Мұқағали Мақатаевтың алғаш өлеңі қай газетте жарияланды? (Нарынқол ауданындағы «Советтік шекара» газеті)
5.Мұқағали Мақатаевтың неше поэмасы бар, поэмаларын ата? (9 поэмасы, «Мавр», «Ильич», «Большивиктер», «Чили-шуағым менің» , «Алтай-Атырау», «Райымбек! Райымбек!» , «Бала шақтан- болашаққа», «Аққулар ұйықтағанда» , «Моцарт. Жан азасы»)
6.Қиялдап,менің дана,байғұс бабам,
Алайда, атқа мініп,Айға ұшпаған.
Бабамның қиялымен қанаттанып,
Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам –атты өлең жолдары қай өлеңінен үзінді? (М.Мақатаев «Фантазия»)
7. 1972 – 1973 жылдары Мұқағали Мақатаев қайда қызмет атқарды? (Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші)8. Мұқағали поэзиясы ана мен бала махаббатын жырлайды. Сонымен қатар қыз бен жігіттің ғашықтық сезімін, адамның ары мен тазалығын жырлайды. Осы тақырыптағы өлеңі қалай аталады? («Сенің көзің»)
9.Менен де үміт күтіп туған елім!
Мен-дағы үмітпенен туған едім.
Мас болған өлеңіне бір жан едім.
Ғабеке!
Айтсаңызшы мыналарға,
Мен кімнің қазынасын ұрлап едім? –атты өлең жолдары қай жазушыға арналған?(Ғабит Мүсірепов)
10. «Бақыт деген...» өлеңінен үзінді оқы.
11. 1976 жылы наурыздың ортасында таңдамалылар жинағы қандай атпен басылып шықты? («Өмірдастан»)
12. «Дариға домбырамды берші маған» өлеңінің шығу тарихы туралы айт.
(Бірде Мұқағали, әйелім Дариға үшеуміз қыдырып келіп, күрең шайды рахаттана ішіп отырғанда көңілденіп кетіп әйеліме «Дариға домбырамды берші маған» деппін. Қиядағыны көзбен шалатын Мұқалиға әлгі сөз әсер етіп, әсем жырды төге салды да, «Енді осыған ән жазыңыз, аға!» деді. Сөйтіп, тамаша ән дүниеге келді.)
13. Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы.
Әлі талай келер ұрпақ толғайды.
Туған күні тойланған шын ақынның,
Өлген күні болған емес болмайды.-деп жырлаған ақын кім? ( Жарасхан Әбдіраш)
14. Ақынның «Аманат» жыр жинағы қай жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды?( 2000 жылы)
1-жүргізуші: «Мұқағали – поэзия алыбы» атты кезеңнің ұпай сандарын әділ-қазылар алқасынан білейік.
1-жүргізуші:
Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,Еңбегінің қызығын да көре алмай,От боп жанып өтіп кеткен ақынғаМәңгілік қып өмір берген өлеңі-ай!
2-жүргізуші:
Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,Ғасырыңды жырлап өткен данасың.Табындырып, сағындырып біздерді.Хантәңірдей биіктеп сен барасың!
1-жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының көгінде кешегі майдангер, ғажайып дарын иесі Қасым Аманжоловтан кейін жарық жұлдыздай жарқ етіп, оқырманды өзіндік сыр-сипаты қайталанбас дарынымен баурап алған ерекше тұлға.
2-жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев асқар тау мен дархан даланың жаны-жарқын асыл адамдары мен таңғажайып табиғатының асқақ жыршысы болды. Бұл егіз тақырып ақын шығармашылығында ажырамастан біте қайнасып, кереметтей сіңісіп кеткен.
1-жүргізуші:
Ақынның туған жері, ауылы, оның адамдары, өз өмірі – поэзиясы. Ол әр уақытта өз халқымен бірге қуанып, халқымен бірге күйініп отырады. Сондықтан ақын жасаған әр образ – сол бір кезең тарихының, өмірінің шынайы бейнесі.
2-жүргізуші:
Тірісінде өз бағасын ала алмаған, алайда шығармалары арқылы халқының ең сүйікті ақынының біріне айналған М.Мақатаевқа 2000 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді. Алматыдағы бір мектеп, бір көше ақын есімімен аталады. Туған ауылы Қарасазда ақын мұражайы бар.
1-жүргізуші:
Сайысымыздың келесі кезеңі «Жырлайды жүрек » деп аталады.Бұл кезеңде байқауға қатысушылар дайын ұйқастарға ақынға арнап өлең шумақтарын жазады.
2-жүргізуші:
Бұл кезеңнің критерийлері:
-тақырыптан ауытқымауы керек;
- ұйқастарды дұрыс қолдана білу;
-уақытты тиімді пайдалану /берілетін уақыт 3 минут/;
Бұл кезең 5 балдық жүйемен бағаланады.
1-жүргізуші:
Байқауға қатысушылар әділ-қазылар алқасының алдынан өздері кеспе қағаздарды таңдап алады.