Абай мен Пушкин ?ле?деріндегі ж?рек с?зіні? ?олданылуы презентация


АБАЙ МЕН ПУШКИН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ “ЖҮРЕК” СӨЗІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Зерттеу жұмысының мақсаты : Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы саны мен мағынасын айқындау. Зерттеу жұмысының міндеттері : Жүрек сөзіне биологиялық және ақындар ұғымында түсініктер;Ақындардың жүрек сөзін қолданылу саны;Абай өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу жағдайы;Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу ерекшелігі.
Александр Сергеевич Пушкин (06.06.1799 - 10.02.1837)Мәскеуде дүниеге келіп, Санкт-Петерборда қайтыс болады ақын, жазушы, драматург, публицист, сыншы, жаңа орыс әдебиетінің негізін қалаушы14 поэма1 роман6 драма17 проза7 ертегіӨлеңдер Биологиялық тұрғында Ол іші қуыс бұлшықетті мүшеКеуде қуысының сол жағына таман орналасқан Абай поэзиясы – сұлу поэзия, Абай поэзиясы – махаббат, сүю, сүйіспеншілікке толы поэзия. Ұлы ақын адам ұрпағының данасы да, дарасы да, патшасы да, қарасы да ет жүректен тұрады, жүрек соғып тұрғанда, адам өмір сүреді, жүрегі тоқтағанда «қайран жүрек мұзға» айналып, өмірден өтеді деген. Жақсылық та, жамандық та, қайғы мен қуанышта да ең алдымен жүрегімізге ден қоямыз. Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім Мыңмен жалғыз алыстым кәні қойма! – деп, бізге әрі өсиет, әрі үлкен сенім, әрі зор салмақ тастап кетті. Абай атамыз өзі айтқандай «жұмбақ адамды» түсіну үшін оның ең алдымен жүрегіне үңілу керек екендігін, бар сырды жүректен іздеу керек екендігін, ең бастысы не нәрсенің барлығын да жүректен қарау керектігін айтып өткен. Ақынның қай шығармасын алып қарасақта, «жүрек» сөзіне жиі-жиі айналып соғып отырғанын байқамыз. Данышпан ақын жүрек сөзін екі түрлі мәселедегі тақырыптарда қолданған. бірі – достық, махаббат тақырыпта екіншісі – өзі туралы, халқы, елі жайында сөз қозғаған кеңінен қолданған 1987 жылы шыққан «Абай Құнанбаев» деген кітабы .Жинақта 94 өлеңі берілген. Көзімнің қарасы» өлеңінде: Жүректен қозғайын (3 шумақ, 1 тармақ) Әдептен озбайын. Өзі де білмей ме, Көп сөйлеп созбайын. Жүректе оты жоқ (7шумақ, 3 тармақ) Өрттенген жүрекке (19 шумақ, 3 тармақ) Бір көрген болар сеп... Біздердей ғашық көп Қайсысы саған дөп? Жөндеп те айтпадым, Жүрегім лүпілдеп (20 шумақ, 4 тармақ)Бұл өлеңін ақын 1981 жылы жазған. Өлең 22 шумақты, 4тармақтан тұрады. Ақын «жүрек» сөзін 4 түрлі мағынада қолданған. Өлеңде ғашығына деген ішкі сезімін де ірікпей айтқан, жігіт сөзінен жүрек лүпілі, тағат таптырмай тынышын қашырған, бір ысып, бір суыған, іңкәр ниет, алабұртқан көңіл күйі сезілгендей. Ақын өзі бой тасалап, кейіпкерін алға ұстап сөйлетеді. «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі: Аласы аз қара көзі айнадайын, Жүрекке ыстық тиіп салған сайын, Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді, Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын? Егерде қолың тисе білегіне, Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе. Бетіңді таяп барсаң тамағына, Шымырлап бу енеді сүйегіңе Бұл өлеңінде сұлу қыздың сыртқы бейнесі суреттеледі. Ақын халық ұғымындағы қыз сұлулығының негізгі белгілерін тізбектеп, жас арудың сыртқы сымбатын сипаттайды. Жас арудың сымбаты жүрегіне ыстық тиіп, жүрегі одан лүпілдегенін көрсетеді. Адамның кейбір кездері» өлеңі 7 шумақтан тұрады. Бұл өлеңде ақын : Сылдырлап өңкей келісім Тас бұлақтың суындай, Кірлеген жүрек өзі ішін Тұра алмас әсте жуынбай. ... Ызалы жүрек, долы қол Улы сия, ащы тіл Не жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер өзің білАбайдың сөз өнері, өлең, ән туралы ең таңдаулы лирикалық туындыларының бірі. Ақындық өнер айналасында сөз қозғайды. Бұл өлеңінде жүрек сөздерін ауыспалы мағынада қолданылған, яғни «кірлеген жүрек», «ызалы жүрек» тіркесінде. «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңінде: Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме. Өлең сол дәуірдегі көкірегі ояу, көзі ашық ойлы жанға арналған. Жүрегіңді тыңда деген мағына айтылған. Шын асыл жүректің түбінде жатады сол асылды таңдаған адам жүрегінің түбіне терең бойлап, іздегенін тек содан ғана табады. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі: Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. . Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп. Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Өлеңінде шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатын сөз болады, даналықтың айғағы дейді. Тілге жеңіл өлең жүрекке жылы тиіп, айналадағы заттардың бәрі көңілге жағымды келеді деген мағынада қолданылған. «Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас» өлеңі : Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас, Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас. . Жүректен қызу-қызба кете қалса, Өзге тәннен еш қызық іс табылмас. Достық, қастық, бар қызық — жүрек ісі, Ар, ұяттың бір ақыл – күзетшісі. Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық, Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі.Жоғарыда берілген өлеңде «жүрек» сөзін төрт кездестіреміз. Ұлы ақын қызық та, қызу қандылық та бір ғана жүректе дейді. «Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас» деген жолда өмірдің терең философиясы жатыр. Теңізде не болмайды, асыл маржан да, інжу тас та, меруерт те – бәрі сонда. Жүректе жасық, жаман нәрсенің болуы мүмкін емес. Өйткені ол асылдың асылы, қасиеттінің қасиеттісі. Жалыны оттай жайнаған достық та, амал-айласы бұқпантайлап жасырынған қастық та бір ғана жүректің әмірімен болмақ. Жүрек – адам мүшесінің патшасы, ол – шындық сүйетін әділ патша. Сондықтан жүрекке шын берілген көңіл, шынайы достық, айнымас махаббат, нәзік сезім, сүттей ұйыған ауыз бірлік, ағайын арасының балдай татулығы қажет. {35758FB7-9AC5-4552-8A53-C91805E547FA}№Өлеңі атыЖүрек сөзі1«Жігіт сөзі» («Айттым, сәлем, қаламқас»)Жүрек балқып игенде2«Қыз сөзі»Жүрегіне от жанып3«Есіңде бар ма жас күнің»Жаралы болған жүрекке4«Жастықтың оты жалындап»Жас жүректе жанған шақ.5 «Жүрегімнің түбіне терең бойла»Жүрегімнің түбіне терең бойла6«Ауру жүрек ақырын соғады жай»Ауру жүрек ақырын соғады жай7«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»Қаза көрген жүрегі жаралы – ол8«Буынсыз тілің»Сезімпаз көңіл Жылы жүрек9«Домбыраға қол соқпа»Жүрегім, соқпа, кел тоқта10«Ем таба алмай»Жас жүрегім, Жанды менің11«Жапырағы қуарған ескі үмітпен»Ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш?12«Бөтен елде бар болса»Аз жүрегін жалғайды13«Көлеңке басын ұзартып»Себеді сорлы жүрекке14«Жақсылық ұзақ тұрмайды»Үрпейген жүрек басылмай15«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа»Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек16«Жүректе қайрат болмаса»Жүректе қайрат болмаса17«Қор болды жаным»Жай таба алмай жүрек,18«Қуатты оттай бұрқырап»Ынталы жүрек сезген сөз19«Өкінішті көп өмір кеткен өтіп»Жүрегінде жатады өкпе сызы20«Әбдірахман өлгенде»Айнымас жүрек, күлкің — бал.21«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» ...Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде22«Желсіз түнде жарық ай»...Дүрсіл қағып жүрегі.23«Құлақтан кіріп, бойды алар»...Жүрегім бойды жылытып.24«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» ...Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп.25«Білімдіден шыққан сөз» ... Жүрегі – айна, көңігі – ояу26«Сегіз аяқ»...Жүректен тербеп.27«Көлеңке басын ұзартып» ... Себеді сорлы жүрекке28«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» ...Толқынын жүрегіңнің хаттай танырАбай өлеңдеріндегі «жүрек» сөзінің 1 реттен қолданылу {35758FB7-9AC5-4552-8A53-C91805E547FA}№Өлеңі атыЖүрек сөзі1 Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Асау жүрек аяғын шалыс басқан Жүрегіңнің түбіне терең бойла2«Көзінен басқа ойы жоқ» Жүректің көзі ашылса Жүректе айна жоқ болса3«Ойға түстім,толғандым»Жүрегімді байқасамҒаділетті жүректің4«Оспанға»Жау жүрек жомарт құбылмайЖалын жүрек суынбай5«Жүрегім, нені сезесің» Жүрегім, нені сезесің Күйесің, жүрек, күйесің6 «Әбдірахманға Кәкітай атынан хат» Жүректің сөзін сөйле, тіл Жас жүрегім қозғалса7«Өкінішті көп өмір кеткен өтіп»Жүрегінде жатады өкпе сызыҚосылған босаспайды жүрек жігі8«Білектей арқасында өрген бұрым» ...Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,...Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.9«Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» ...Сән салтанат жұбантпас жас жүректі, ...Епке көнер ет жүрек сату емес10«Адамның кейбір кездері» ... Кірлеген жүрек өзі ішін ... Ызалы жүрек, долы қол...11«Өзгеге, көңілім, тоярсың» ... Өз жүрегім толғансын ... Жүрегіңмен тыңдамай.12«Болыс болдым мінеки» ... Сияз бар десе жүрегім ... Жүрек кетті дүпілдеп13«Ерекше естен кетпес қызық қайда» ... Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда. ... Жүректен ізі кетпес қызық көрсек {35758FB7-9AC5-4552-8A53-C91805E547FA}№Өлеңі атыЖүрек сөзі1«Сен мені не етерсің»Ет жүрек өртендіШын жүрек — бір жүрек.2«Алла деген сөз жеңіл» Ынталы жүрек, шын көңіл Жүректің ақыл суаты, Білмейдүр, жүрек сезедүр.3«Жүрегім менің қырық жамау» Жүрегім менің қырық жамау Кімді сүйсе бүл жүрек. Қан жүректі қайғылы-ау.4«Жүрегім, ойбай соқпа енді»Жүрегім, ойбай соқпа ендіСорлы жүрек мұнша ауырСенделеді ит жүрек.5«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» Жүрек тербеп, оятар баста миды Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?6«Кейде есер көңіл құрғырың» ... Асау жүрек алқынар. ... Жүректің отын сөндірмес. ... Жүрегі жұмсақ білген құл7«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» ... Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. ...Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста. ...Тулап қайнап бір жүрек қылады әлек. {35758FB7-9AC5-4552-8A53-C91805E547FA}№Өлеңі атыЖүрек сөзі1«Көзімнің қарасы»...Жүректен қозғайын...Жүректе оты жоқ...Өрттенген жүрекке... Жүрегім лүпілдеп2«Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас» ... Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас ...Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.  ... Жүректен қызу-қызба кете қалса ... Достық, қастық, бар қызық — жүрек ісі 1983жылы шыққан «Избранное» кітабына 44 өлеңі енгізіліпті. Орыс халқының ұлы ақыны Пушкин шығармаларын сүйіп оқығандықтан, оның 1983жылы шыққан «Избранное» кітабына 44 өлеңі енгізіліпті. Осы өлеңдерінің 17 өлеңінде «жүрек» сөзі 23 рет кездеседі. Ақынның өлеңдерінің құрылымы әр түрлі (тармақтары жағынан). Пушкиннің басым көпшілік өлеңдерінде «жүрек» сөзі 1 реттен 13 өлеңінде кездессе, 2,3 реттен кездесетін «жүрек» сөзі екі-екі өлеңде қолданылған. Мысалы, «Погасло дневное светило», «Разговор книгопродавца с поэтом» өлеңдерінде 3 түрлі мағынада кездеседі. Енді ақынның өлеңдерінде жүрек сөзінің қолданылу санына тоқталатын болсам. «Деревня» өлеңін ақын 1819 жылы жазған. 4 шумақтан тұратын, бірақ шумақтары әр түрлі келеді. «Жүрек» сөзі соңғы шумақта кездеседі. Мысалы : ... О, если б голос мой умел сердца тревожить!Дауысым менің өзге жүректердің тынышын алса ( басқа адамдарды алаңдату ) деген мағынада қолданылған. «Жил на свете рыцарь бедный» 1829 жылы жазылған өлеңінде : Он имел одно виденье, Непостижное уму, И глубоко впечатленье В сердце врезалось ему. Бұл өлеңде басты кейіпкер Рыцарь Иса пайғамбар Мария анасының образына ғашық болып, айналасындағы бір әйелге көңілі аумайды. Автор мына өлеңде «жүрек» махаббат сезімінің тереңдігін, ештеңеге ұқсамайтығының көрсетеді, ары Рыцарьдің көңілсіз жүргенінің себебін ашады. « В сердце врезалось ему» деген сөздер шарықтау шегі деп ойлаймын. Өлеңі 14 шумақты, 4 тармақты өлең. «Жүрек» сөзі 2 шумақтың 4 тармағында кездеседі Өлеңі 14 шумақты, 4 тармақты өлең. «Жүрек» сөзі 2 шумақтың 4 тармағында кездеседі. «Воспоминания в Царском Селе» өлеңін 1814 жылы жазған. Ол 20 шумақты 8 тармақты. «Жүрек» сөзі соңғы шумақтың 6 тармағында кездеседі. Да снова стройный глас героям в честь прольется, И струны гордые посыплют огнь в сердца, И ратник молодой вскипит и содрогнется При звуках бранного певца.... Бұл өлеңде әр дәуірде қоғам дамуында жалғыз елбасшы мен қолбасшылардың рөлдері ғана емес, ақынның маңызы зор екені көрсетілген. Ақындардың сөздері адамдарды ерлікке шақырады. Мұнда «И струны гордые посыплют огнь в сердца», деген батырлардың ерлік сезімдерін тудырады мағынадасын қолданылған деп ойлаймын. «Вольность» (Ода) 1817жылы жазылған өлеңі, ол 12шумақты, 8 тармақты өлең. 10шумақтың 8тармағында кездеседі. Мысалы : И слышит Клии страшный глас За сими страшными стенами, Калигулы последний час Он видит живо пред очами, Он видит — в лентах и звездах, Вином и злобой упоенны, Идут убийцы потаенны, На лицах дерзость, в сердце страх. Өлең кейіпкерлері ел басшылары, олардың қатыгез, зұлым екендігін, бүкіл адамзатты қорқытып ұстаған адамдар. Бірақ әр зұлымдықтың ақыры болады. Сол кезде олардың да бойында қорқыныш сезім билейді. Бұл сезімді жүрек образы арқылы көрсетеді. {35758FB7-9AC5-4552-8A53-C91805E547FA}№Өлеңі атыЖүрек сөзі1«Деревня»... О, если б голос мой умел сердца тревожить!2«Жил на свете рыцарь бедный» В сердце врезалось ему.3«Воспоминания в Царском Селе» И струны гордые посыплют огнь в сердца4«Вольность»На лицах дерзость, в сердце страх.5«К Чаадаеву» ... Пока сердца для чести живы6«Я пережил свои желанья»... Плоды сердечной пустоты7«Если жизнь тебя обманет» ... Сердце в будущем живет;8«Воспоминание» ... Змеи сердечной угрызенья;9«Зимний вечер»... Сердцу будет веселей.10«Что в имени тебе моем?» ... Есть в мире сердце, где живу я 11«Бесы»... Надрывая сердца мне12«Осень» ... Легко и радостно играет в сердце кровь13«Пора, мой друг, пора! Покоя сердце просит»... Пора, мой друг, пора! Покоя сердце просит {35758FB7-9AC5-4552-8A53-C91805E547FA}№Өлеңі атыЖүрек сөзі1«Редеет облаков летучая гряда» ... Над мирною страной, где все для сердца мило, ... Там некогда в горах, сердечной думы полный2«19 октября»... Кому бы мог пожать от сердца руку... Полней, полней! И, сердцем возгоря. {35758FB7-9AC5-4552-8A53-C91805E547FA}№Өлеңі атыЖүрек сөзі1«Погасло дневное светило»... И все, чем я страдал, и все, что сердцу мило... И сердце хладное страданью предала. ... И вы забыты мной... Но прежних сердца ран2«Разговор книгопродавца с поэтом»... Я так и вспыхну, сердцу больно... Тревожить сердца тяжкий сон?... Там сердце их поймет одно Назарларыңызға рахмет