Биология п?нінен саба? жоспары.К?дімгі ?ара?айды? мысалында ?ыл?ан жапыра?ты ?сімдіктерді? т??ым ар?ылы к?беюі.


Пәні: Биология
Сабақ тақырыбы:
Кәдімгі қарағайдың мысалында қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі.
№21 зертханалық жұмыс
Күні:25.01-30.01
ІІІ-тоқсан Сабақ № 33 Мектеп:
Сынып: Қатысқаны Қатыспағандар Мұғалімнің аты-жөні:
6 Сабақтың оқу мақсаты Кәдімгі қарағайдың мысалында қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі туралы біледі
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы мынаны істей алады: Кәдімгі қарағайдың мысалында қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі туралы біледі . Сұрақтарға жауап бере алады.
Оқушылардың көбі мынаны істей алады: топпен, жұппен жұмыс істеуде белсенділік танытады, түсінгенін жинақтап жаза алады;
Оқушылардың кейбіреулері мынаны істей алады: өз ойын жинақтап, алған материалдарды талқылап өз ойларын түйіндеп анық жаза алады.
Алдыңғы оқу Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі.
Негізгі сөздер мен фразалар: Микориза – (микос - саңырауқұлақ, риза - тамыр) селбестамыр.Дің - ағаш сабағыШайырлы өзекше – шайыр, эфир майы толған жасушааралық кеңістік.Бірүйлі – аталық және аналық жыныс жасушаларының бір өсімдікте болуы.Екі үйлі – аталық және аналық жыныс жасушаларың екі өсімдікте болуы.Эндосперм – қоректендіруші ұлпа.Эрозия – топырақтың бүлінуі, құнарлы қабатынан айырылуы.
Сұхбатқа арналған пайдалы фразалар Қай жерде кездеседі? Құрылысы қандай?
Қанша түрі бар?
Талқылауға арналған сұрақ: 1.Не себептен ашықтұқымдыларды сүректі өсімдіктерге жатқызады? 2.Қазақстанда қандай қызыл кітапқа неген ашықтұқымдыларды білесіңдер?
3.Шайырлы өзектер дегеніміз не? Ағаштың қай бөлігінен бөлініп шығады?
Сабақ жоспары
Жоспар
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған мерзімдер Жоспарланған шаралар Ресурстар
Ынтымақтастық оқу ортасын құру 3 мин Бір-біріне жақсы тіліктер айту.
Тілдік ортасын құру (сұрақ-жауап арқылы)
Сәлемдесу -1 мин
«Тілектер әлемі» - 2 мин Түрлі-түсті лента, қайшы,А4 бет,бағдаршам түстес дөңгелектер,маркер
Стартер
13 мин Санамақ - 3 мин
Бүгінгі сабаққа қандай сөздер керек болады?
Сәйкестендіру
1. Жеміс түзбейді. 1. Ашықтұқымдылар2. Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі. 2. Дің3. Селбестамыр. 3. Арша4. Ағаш сабағы. 4. Сүрек5. Екі үйлі өсімдік. 5. Микориза6. Топырақтың бүлінуі. 6. ЭрозияЖауабы: «Құпия сан - 145236» Санамақ
1 Білім
2 ерлік
3 үлгі
4 тәртіп
5 бестік баға
6 алғыс
7 жеңіс
8 сенім
9 тоқу
10 оқу
Кіріспе
2 мин Сабақтың мақсаттарын бірлесіп қою.
- Мұғалім сабақтың мақсаттарымен таныстырады.
- Оқушылар «білу», «істей алу» мақсаттарын қояды. Даму
15 мин Сөздік жұмысы - 5 мин
Жаңа сөздермен таныстыру.
Мағынасын түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс - 5 мин
Мәтінді оқу.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру- 3 мин
Топпен «Синквейн» жазу - 5 мин
Синквейн
Бірінші жол-тақырыптың атауы (Зат  есім)
Екінші жол- тақырыпты сипаттайтын 2 сөз (Сын есім)
Үшінші жол-тақырып туралы қимылды білдіретін 3 сөз (Етістік)
Төртінші жол - тақырыпқа қатысты 4 сөзден тұратын сөйлем.
Бесінші жол- 1 сөз –тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
Сөздік жұмысы
Мәтінмен жұмыс
Қалыптастырушы бағалау 1-2 мин Оқушылар саусақтармен өзінді бағалайды Пленарий
5 мин «Өз ойыңмен бөліс»
Сұрақтарға жазбаша жауап беру.
Үйге тапсырма беру
1 мин Сөздерді жаттау Кері байланыс
2 мин -«Екі жұлдыз бір тілек»
- үлестірме бегілер арқылы тақырыпты түсінген-түсінбегендіктерін білдіреді