?дебиет п?нінен ашы? саба? та?ырыбы: ?абдеш Ж?маділов ?озык?ре?


Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 5- «ә»
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын меңгерту,
білім көкжиегін кеңейту.Қазақ-қырғыз халықтары
арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың,
адал көңіл-ниеттің, шынайы бауырластығы туралы
әңгімелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше іздене білу,
қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту;
Тәрбиелік: Табиғат перзенті жылқы малына деген
сүйіспеншілік көзқарасты ұғындыру.Адами сезімді
қастерлеу, ортақ пікір, тиянақты тұжырымдама
жасауға баулу, оқушыларды адамгершілік,
қайырымдылық, бірлік,достық, отанды сүюге,
бауырластық рухында тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ой қозғау.
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны жетілдіру, білімді жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қ.Жұмаділовтың портреті, кесте-сызба, интерактивті тақта,
слайдтық көріністер.
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Кезекші мәліметі.Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сәттілік тілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Жазушының өмірі мен шығармашылығына
тоқталу)
ІІІ.
І. Қызығушылығын ояту
1. Қ.Жұмаділов туралы не білеміз ?
2.Повестен алынған үзіндіні не себепті «Қозыкүрең» деп атаған ?
ІІ. Ой қозғау.
1. «Қозыкүрең» әңгімесін оқып, ұнаған жерлеріне сурет салу және оған
ат қою.
1. Мәтін жоспары.
Қонаққа бару.
Қонақта.
Қызық әңгіме.
Майданға ат апару.
Қозыкүреңнің қашуға дайындығы.
Қозыкүреңнің елге оралуы.
Қозыкүреңді арулап көму.
Сыйлық.
ІІІ. Мағынаны тану. Сұрақ-жауап арқылы әңгімені түсіну.
1.Ағыбайлар қырғыз досы Төреқұл аулына бару сапарына неге ерекше мән
берді, қандай сән- салтанатпен сайланып шықты?
2.Ағыбай мен Төреқұл достығы қашан, қалай басталған?
«Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес» дегендей, қырғыз
ағайындардың сондағы істеген жақсылығы естен,сірә кетер ме?» деп қай кезді,
Қазақстанда орын алған қандай қиыншылық жағдайды айтып отыр?
3.Төреқұл Ағыбайларды қалай қарсы алды?
4.Төреқұл әңгімесіндегі Қозыкүреңнің бұл қылығы өзіңе қалай әсер етті?
5.Әңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай адам?
6.Саяқбайдың Қозыкүреңді аман алып қалу үшін жасаған әрекетін,
жануарды арулап көмуін қалай түсінуге болады?
7. «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын»
деген Төреқұл сөзінің мәнісі неде?
IV.Мәтінге сатылай кешенді талдау.
-5461035369500
V.Ойтолғау сатысы:
Жылқы малының қасиеттерін еске тусіре отырып,
«Топтастыру» стратегиясын қолдану.
99039666843Киелі
00Киелі
337991366843Жеті қазынаның бірі
00Жеті қазынаның бірі

47428878086Тазалықты сүйеді
00Тазалықты сүйеді
438305154736Сезімтал
00Сезімтал
23869651079500
481330182245Асыл тұқымды
00Асыл тұқымды
4786019182245Мінсең көлік
00Мінсең көлік

139573031115Сәндікті білдіреді
00Сәндікті білдіреді
344029831162Достыққа адал
00Достыққа адал

VI.Рефлексия.
Балалар, бұл шығарманы оқи отырып, біздің бойымызда бір сезім туды.Ол:
Елестеу- Ағыбайдың отбасымен қонаққа бара жатқаны.
Сүйсіну- Қазақ-қырғыз халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-
қатынастың, адал көңіл-ниеттің, шынайы бауырластығана сүйсіну.
Жек көру- Капитанның ызаланып, қашқан Қозыкүреңге оқ атқаны.
Жаны ашу- Қозыкүреңнің «елсіз-сусыз шөлдерден» өтіп, әбден жүдеуі,
әлсіз болуы.
Өкініш- Қозыкүреңнің өлімі.
Таңдану - Төреқұлдың даналығы, атадан балаға жалғасқан шынайы достық.
VIII.Үйге тапсырма:
1. «Менің тұлпарым»,
2. «Туған жарге келе жатқан Қозыкүрең»
әңгіме құрастыру.
IX. Бағалау.
№ Аты-жөні
Үй тапсырмасы Мағынаны тану Мәтінге талдау «Топтастыру»
стратегиясы Ойтолғау сатысы
1 2 3 4 Семантикалық карта.
№ Үзінді
Саяқбай Төреқұл Ағыбай
1
2
3
4
5
6 Пәлі, мына қазақтарды қарай гөр!
Бұлар менің жиендерім....
Жігіттер, мен бірдеңе білсем, сендер осы қозыкүреңнен айырыласыңдар,-деді.
Жануарым – ай, аман-есен келген екенсің ғой! Айшылық жолды алты аттап, Алатауыңа жеткен екенсің- ау!....
«Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын...»
Мынауың баға жетпес сый болды – ау, Төреқұл!
+
+ +
+ +
+
280162015113000
-190512128500