Конспект урока по ?дебиеттік о?у на тему ?айырымды бала, ?ана?ат ?арын той?ызар


20.01.2016 жыл Әдебиеттік оқу
2 «А» сынып 4 «А» сынып
Тақырыбы:Қайырымды бала Қанағат- қарын тойғызар.
Мақсаты: мәтінді мәнерлеп оқыта -шығармадағы негізгі оқиғаны,идеяны отырып,мазмұнын меңгерту. ұғындыру. 1.Сөйлеу дағдыларын жетілдіру. 1.шығармашылық қиялын, жүйелі ой- 2.Тапсырмалар бере отырып, лауын,танымдық білімін арттыру; шығармашылық ізденіске баулу. 2.ой-өрісін жан-жақты жетілдіру; 3.Бала бойына қайырымдылықты, 3. Еңбекқорлыққа, қолда барға қана- ізгі қасиеттерді сіңіру. ғаттануға тәрбиелеу.
Түрі:ізденіс сабақ Әдісі: «Топтастыру», «Галереяға саяхат», «Автор орындығы», «Түртіп алу», топтық тапсырмалар; Өмірмен,өзін-өзі тану пәнімен байланыс ,интербелсенді тақта, Н.Ә Назарбаевтың 2030 бағдарламасынан ; «Ынтымақсыз іс бітпес» ұраны, 6 бөлім.
Сабақ барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық ахуал.
-Қайырлы күн де таң атты,Қайырлы күн деп күн шықты.Қайырлы күн,балалар!Бізге әдебиеттік оқу сабағымызға облысымыздан білікті ұстаз Күлнар Қабдушқызы қонаққа жұмыс бабымен келіп отыр.Сендердің сырт келбеттерің қандай әдемі болса, білімдерің де сондай тамаша,жан сүйсінетіндей терең болар деген мақсатпен келіп отыр.
-Қайырлы күн,Ақерке Ғалымбекқызы!Қайырлы күн, Гүлнар Қабдушқызы!
-Сәлем,көрші!Сәлемімді қабыл алшы! Жабырқамай күлімдеші,Тамаша күн бүгін деші!
-Балалар,бүгінгі сабағымызды «Ынтымақсыз іс бітпес» ұранымен бастаймыз.Сабағымыз 6 бөлімнен тұрады.
1.Аңғару 2.Еске түсіру 3.Қолдану 4.Қабылдау 5.Түсіну 6.Іске асыру.
ІІ.Үй тапсырмасы
«Автор орындығы» стратегиясы бойынша тексере қояйық.Қорытындылайық.
№1 Аңғару.Бүгінгі тақырыптарымыз тақтада жазулы.
-Өмірмен байланыс.Осы тақырыптардағы сөздерді,яғни қанағат деген ұғымды қалай түсінесіңдер?Сендерге қандай ой келеді? Күнбе-күн кездестіреміз.Ендеше осы сөздерді топтастырып,мағынасын ашып алайық.Дәптерлеріңе күн ретін жазып алып,тапсырманы орындаңдар.
№ 2. Еске түсіру.
-Осы ұғымдармен қандай тақырыптар өтіп едік? «Қанағатшыл құмырсқа» «Құмырсқаның қанағаты», «Қайырымдылық»
№3.Қолдану
-Жарайсыңдар,сонымен Қайырымдылық концерттері,Қайырымдылық акциялар болады.Ауыл арасында да көмек ретінде «Асар» деген жұмыс түрі бар. «Қызыл крест» қоры, гуманитарлық көмек, қайырымшылдық көмек, «Мейірімділік жаса», «Мектепке жол» акциялары бар.Ал қанағат деген сөз сонымен
Барға риза болу
Қанағат үнемдей білу
барыңды қадірлей білу
4.Қабылдау. Оқулықпен жұмыс.
2 «А» 103-104 бетте 4 «А» 24-26 беттерде
«Қайырымды бала» «Қанағат-қарын тойғызар»
Мұғалімнің сөзі.Оқиға әжесін жасқы көретін балалар туралы.Олардың қаншалықты әжесін жақсы көретіндігінде.Қазір іштеріңнен мәтінді оқып танысыңдар. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша қиын,түсініксіз сөздерді тауып белгілеңдер.
5.Түсіну
2 «А» сыныпқа сұрақтар:
-Әңгіменің «Қайырымдылық» деп аталу себебі не?
-Оқиғадағы кейіпкерлер кімдер?
-Нодар қайырымдылықты өз ақылымен жасады ма, әлде басқа біреудің айтқанымен жасады ма?
-Сондай достар араларыңнан табыла ма? Қандай қайырымды іс жасайсыңдар?( біреуіңде жоқ оқу құралдарын, түсті қағаз ба, ермексаз ба болмаса ,бір-біріңе ауысасыңдар)
-Кемтар адамдарға үйіне су тасып беруге, отын кіргізіп беруге шамаларың бар.
4 «А» сыныпқа сұрақтар:
-Осы тақырыпқа байланысты қандай мақал-мәтел айтар едіңдер?
Мақалдар «Өзің білме,білгеннің білін алма», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Қанағат-қарын тойғызар»
Ендеше бүгінгі тақырыптарға байланысты жақсы сөздерді жазып іліңдер.
«Галереяға саяхат» стратегиясы
6.Іске асыру.
Өмірмен байланыс.Президенттің 2030 бағдарламасындағы халыққа арнаған жолдауында: «Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта қандай күйде көргіміз келеді.Біз осынау қарапайым да маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз»- деп атап көрсеткен.Сендер осыған қалай қарайсыңдар?Қалай жауап бере едіңдер?Ол үшін не істей аласыңдар? Үлестерің қандай?
Өз пікірлерін балалар ортаға салады.
Сондықтан Болаттың істеген ісінен үлгі алып бір-бірлеріңе әрқашанда көмектесіп, қамқорлық жасаңдар.Бір-бірлеріңді сыйлап,достарың қиналған уақытта көмектесулерің керек.
Әр адамның әдемілігі оның ақылдылығында, еңбекқорлығында, қамқорлығында,кішіпейілдігінде,қайырымдылығында.
Рефлексия
-Сабақ сендерге ұнады ма?
-Осы сабаққа кім жақсы қатысты?
-Әңгіме не жайында болды?
- 2 «А» кімнің істегені ұнады?
-4«А» кімнің істегені ұнамады?
Бағалау парағында өздеріңе баға беріңдер.
№ Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Жеке жұмыс Стратегиялар бойынша Жаңа сабақ Қоры тынды Оқушы бағасы
1 2 3 4 № Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Жеке жұмыс Стратегиялар бойынша Жаңа сабақ Қоры тынды Оқушы бағасы
1 Аружан 2 Күнсұлу 3 Елдана 4 Меруерт 5 Айсу 6 Эльдар Қорытынды: -Біз ұрпағымызды болашақта тәрбиелі,парасатты,иманды,қарттарды сыйлай,қадірлей білетін адам ретінде көргіміз келеді.
Үйге:2 «А» 103-104 бет мәтінді оқу, сурет салу
4 «А» 24-26 бет,мәтінді оқу,эссе жазу«Қанағатшыл бол» тақырыбына