?ылым таппай ма?танба ашы? саба?


Сынып: 2 «Г»
Сынып жетекшісі: Алимбаева Таншолпан Мерекекызы
Пән: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба Білімділік мақсаты: Абай атамыздың өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек білім алуына, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, ақынның данышпандығын танып білуіне жол ашу. Абай атамыздың өлеңдегі негізгі ойды, идеяны аша, ұғына білуіне мүмкіндік беру.
Дамытушылық: Абай өлеңдері арқылы практикалық білім дәрежелерін одан әрі кеңейту, оқушылардың ой – өрісін, сауаттылығын, сауаттылығын, сқйлеу тілдерін өлең жолдарындағы көркем сөздерді жинақтау арқылы молайта түсу.
Тәрбиелік : адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттерді тани отырып, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, түсіндіру, ойтолғау, сұрақ – жауап, практикалық жұмыс, Кубизм стратегиясы, кластер, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: сызба-кестелер, Абай атамыздың портреті, өмірінен суреттер, Абпай атамыздың өміріне байланысты қима қағаздар, фишкалар, Ақылбектің суреті.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу
Оқушылардың көңіл – күйлерін сұрап, сабаққа қажетті құрал жабдықтарын түгендеу
Психологиялық дайындық: Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталған,
Мынау менің басым, бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Бір, екі, үш
Біз сабақты бастаймыз!
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқушыларды екі топқа бөлу
Үй жұмысын сұрау, сабақ айтқан балаға келесі топ оқушылары қосымша сұрақтар қояды.
Өткен сабаққа шолу жасау. Сұрақ – жауап әдісін қолдану. «Адасқан Ақылбек» ойының ойнату. Оқушыларға ойын кейіпкерлерімен және ойын ережесімен таныстыру. Бұл ойынды ойнату үшін Ақылбектің және оның досының суреті, үйдің суреті, ағасштардың суреттері қажет.
Ойынның басты кейіпкері Ақылбек ну орманнан адаспай өтіп, кедергілердегі сұрақтарға мүлтікпей жауап беріп өзінің досының үйіне жетуі қажет. Ақылбекке оқушылар қуана көмектесулері қажет.
Әңгіменің «Бармақтай бала» деп қана аталуына қалай қарайсыздар?
Бармақтай бала Дәуді қалай алдайды?
Бармақтай баланың өзінен басқа неше бауырлары болған?
Егер сен осы әңгіменің авторы болсан әңгіменің қай жерін өзгертер едің?
Екі топтың да оқушылары жарыса жауап беріп, фишка жинайды.
Сергіту сәті: Жақсы бала құлақ сап
Айтқаныңды қғады.
Төсегінен тұра сап
Таза ауаға шығады.
Жақсы бала, ол анық,
Істемейді шалалық.
Тап – таза боп жуынып,
Алады ол таранып.
Жаңа сабақ: - Оқушылардың қызығушылықтарын ояту
Оқушылар, сендер Абай атамыз туралы не білесіңдер?
Абай атамыздың қандай шығармаларын білесіңдер?
Қосымша дерек, әңгімелеп беру
- Абай Құнанбаев – Семей облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған тобықты руының ішінде, 1845 жылы дүниеге келген. Абайдың өз әкесі – Құнанбай, оның әкесі – Өскенбай, үшінші атасы – Ырғызбай. Бұл кісілердің барлығы ру ішіндег үстемдік жүргізетін болған. Сонымен Абай атамыз аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер, ұлы ойшыл, ақын, ғұлама адам болған екен. Абай атамызды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Қазіргі танда әлемде Абайды танымайтын жан жоқ десек, дұрыс айтқан болар едік. Мысалы, көршілес Ресей елінде Абай күндері өткізіліп тұрады. - Олай болса, бүгін біз Абай атамыздың « Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысып, топпен жұмыс жасаймыз. - Мұғалімнің оқуы, түсіндіруі - Оқушылардың тізбектеп оқуы түсінігін айту, кластер құрастыру, кластер құрастыруға белсене атсалысқан оқушыларға фишкалар беру
3044190104141Алдына мақсат қой – ол үшін өзіңе идеал таңда
00Алдына мақсат қой – ол үшін өзіңе идеал таңда
-975360170815Жамандықтан жирен, өзің үшін үйрен
00Жамандықтан жирен, өзің үшін үйрен

1548765104140002787015104140
178689017780Ғалым
00Ғалым

-870585321945Қиындыққа мойымай алға ұмтыл
00Қиындыққа мойымай алға ұмтыл
14249407493000282511517780003206115284480Балалықты тастап, білімге ден қой
00Балалықты тастап, білімге ден қой

Сабақты қорытындылау: -Әр топ жылдың төрт мезгілін таңдап алады. Абайдың лирикалық шығармаларын «Күз», «Қыс», «Жаз» атты шығармаларын әр топқа қима қағаздарға жазып тарату. - Әр топ оқушылары өздері таңдаған өлең шумақтарын оқып, мазмұнын өз қалауларынша әңгімелеп береді. Белсене қатысқан оқушыларға фишкалар беру.
- Әр топ өз шығармаларының яғни жыл мезгілін ақ қағазға суреттеу, топбасшысы « Шумақты былайша бейнелеу ұтымырақ болар еді деп ойлаймыз...», - деп суретті қорғап шығу қажет. Басқа топ оқушылары қосымша сұрақтар қояды. Тапсырманы бірінші болып және дұрыс жауап берген топқа фишка беру.
- Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Абай Құнанбаев кім?
2. Абай жырлаған бес асыл істі, жаман қылықты есіңе түсір.
3. Ақын білім алу үшін қандай жаман қылықтардан аулақ болу керек дейді? Әр дұрыс жауапқа фишка беру.
- Екі топтың да фишкаларын санап, жеңімпаз топты анықтау.
- Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау және бағалау.
- Үйге тапсырма беру. « Менің Абай атам» атты шығарма жазу.