Аяулы к?з,Алтын к?з та?ырыбында сыныптан тыс іс-шара


«Аяулы күз, алтын күз» кешінің сценарийі
1 – жүргізуші: Армысыздар Қымбатты ханымдар мен мырзалар!
2 – жүргізуші: Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар, жалынды да, жігерлі жас достарым.Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!
1 – жүргізуші: Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.2 – жүргізуші: Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше, келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға береке мен табыс әкелсін демекпіз.
1 - жүргізуші. Құрметті оқушылар бүгінгі өткізгелі отырған «Аяулы күз, алтын күз » байқауына қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем. Әділдікке бас иеді күллі әлем Жүйрік озар сайыстарда неше бір Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1 – жүргізуші:Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.Бағдарламамыз 5 кезеңнен тұрады1. – кезең Таныстыру /5минут /. Сыныптар өздерін таныстырады2.- кезең Сән үлгісін көрсету (4 үлгі)3. – кезең Сәнді шаш үлгісін көрсету (10 минут)
4. – кезең Жеміс жидектен салат дайындау (10 минут)5. – кезең Заманауи би
1 - жүргізуші Құрметті көпшілік көрерменім Жақсылыққа әрдайым артқан сенім Сайыстың алғашқы кезеңіне Таныстыру шартына кезек бердімЕндеше бірінші болып бастайтын 5 а сынып.
2 – жүргізуші: Келесі кезекті 5 б сыныбына береміз
1 – жүргізуші: Келесі кезекті 6 а сыныбына береміз2 – жүргізуші Келесі кезекті 6 б сыныбына береміз
Бүгінгі кеш өтіп жатыр әнімен, Әр адам әсем болар өз тәнімен.                        Өз қолынан шығарған киім сәнін,                        Сіздерге көрсетеді өз мәнімен,-дей келе келесі кезекті сән үлгісіне береміз.
1 – жүргізуші Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын, Жер мен көк жалтыраған сап - сары алтын Ағашта жапырақтар сылдырлайды, Төгілген алтын теңге сансыз жалқын. Сары алтын батсайыдай дала мидай, Үйілген мая - мая қызыл мидай Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан, Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,- деп Сәкен Сейфуллин ағамыз айтып кеткендей келесі кезеңіміз сәнді шаш үлгісін көрсету және жеміс жидектен салат дайындау .
2 – жүргізуші: Ендеше салат жасайтын оқушылар оң жаққа,шаш үлгісін жасайтын оқушылар сол жаққа орналасса.
1 – жүргізуші Дайын болсаңыздар бастаймыз.(10 минут)
2 – жүргізуші
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,                       Көңілдедің серіппелі күйін ашсын.                       Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып, 
                       Біздерге бірлікпенен ортақтассын!
1 – жүргізуші Көркіңмен жаз жадырап күліпті күз, Сұлулықты көргенге үміттіміз Қуаныш сыйлай берші бал татыған. Биімен айналады қылықты қыз – дей келе келесі бөлім заманауи би сайысы.
2 – жүргізуші: Алтын, алтын сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Мектептегі дәстүрлі .
Мерекеміз бұл да бір – деп мерекелеріңізбен тағы бір мәрте құттықтаймыз!
1– жүргізуші: Осымен 5 кезеңнен тұратын сайысымыз аяқталды. Әділқазылар әділ бағасын шығарғанша ортамызға
____________________________________________________________шақырамыз.
2 – жүргізуші: Қазылар шешімін шығарып болды. Ендеше сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.
1- жүргізуші Қымбатты көрермендер! Оқушыларымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, «Арайлы күз , алтын күз»атты кешімізді осымен аяқтаймыз.2- жүргізуші
Тіршілік - арман, бәрімізге де орын бар
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,Ұстазым менің, достарым меніңБәріңде аман болыңдар. Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар