Тіл к?ніне арнал?ан сыныптан тыс іс- шара ?лылар ?ндестігі


Александров орта мектебі
Тіл күніне арналған сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы:


Өткізген:Ә.Ш.Сұлтанова.
2015-2016 оқу жылы
Мақсаты: Екі ұлттың Ұлы ақындарының өнегелі өмірлерімен таныстыру, олардың даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
1-жүргізуші:
Армысыздар,құрметті ұстаздар!
Есенсіздерме,есіркеген ата-аналар!
Бармысыздар,жадыраған балалар!
Тіл күні құтты болсын!
2-жүргізуші:
Уа,халайық,халайық!
Мұнда назар салайық!
Мерекесі мектептің
Кешімізді бастайық!
1-жүргізуші:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң әрқалаң
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігің тап та,бар қалаң!- деп Абай атамыз жырлап өткен

2-жүргізуші:
Әдебиетіміздің биік ірі тұлғаларының шығармашылығына арналған
“Абай, Пушкин, Шәкәрім”атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер.
Әр сынып оқушыларының «Ұлылар үндестігіне»арнаған шығармаларын тамашалайық!
Ортада 1 сынып оқушылары
1-жүргізуші:
Абай (Ибраһим) Құнанбаев — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.
2-жүргізуші:
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да көптеген мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырған.
Келесі кезек 2 сынып оқушыларында
1-жүргізуші:
Бүгін мейрам,бүгін той
Қуанышты күн біліп қой
Балғын балалар,сыңғырлап
Алақанды соғып қой !- дегендей,қошемет көрсетіп отырайық!
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
Қошеметпен ортаға 3 сынып оқушыларын шақырайық!
1-жүргізуші:
Оятқан мені ерте — Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тілін үйренумен,
Надандықтың тазарып кетті кірі, — деп жырлаған Шәкәрім ақынның бір өлеңінде.
2-жүргізуші:
Жалпы, қазақ ақынының өлең мәдениетіне жетік болуы Шығыс және орыстың классикалық поэзиясымен жете таныстығын аңғартса керек.
1-жүргізуші:
Абай өнегесі арқылы жас кезінде-ақ Пушкин, Лермонтов лирикасын құлағына сіңіріп өскен жас талап бертін келе, сол алыптар ауылына өзі де барып, өнімді олжа тауып қайтады. Бұл үш ақынның шығармалары өзара тығыз байланысқан.
2-жүргізуші:
Пушкинді қырда қазақша сөйлеткен Абай ұстазынан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы Пушкин прозасына қайтып оралды.
4 сынып оқушыларын қарсы алайық.
1-жүргізуші:
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
2-жүргізуші:
Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс.
Бүгінгі кешімізді аяқтайтын
5 сынып оқушыларын қарсы алайық.
жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырған, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
- дей отырып, бүгінгі «Ұлылар үндестігі» тіл мерекесіне арналған мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз.
Жүргізуші:
Көңіл койып тыңдағандарыңызға рахмет
Келесі кездескенше сау болыңыздар!