Ж?з ба?ытты ж?рек ?айырымдылы? акциясы


Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ
00«Жүз бақытты жүрек» қайырымдылық акциясының есебі
«Жүз бақытты жүрек» қайырымдылық акциясының есебі



Аға тәлімгер: Батырова Айымгуль Нурлановна
2016-2017 оқу жылы
Теректі білім беру бөліміне
«Жүз бақытты жүрек» атты қайырымдылық акциясының есебі
29 желтоқсанда мектеп тәлімгері мен « Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Жүз бақытты жүрек» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге қоғам назарын аудару, қам көңіл жандарға Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау, «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жандандыру болатын.
Әрбір бала Аяз ата мен Ақшақарды ат терлетіп алыстан келеді деп ойлайды. Балалардың ойларын, армандарын орындау үшін біз де ат шанамен Қайырболатов Бекзат пен Баштерева Аннаның үйіне концерттік бағдарлама әзірлеп барған болатынбыз.

Балаларға сыйлықтар алу үшін жеке кәсіпкер Ерболатов Бейбарыс Бауыржанұлы қаржылай демеуші болды. Балаларға тәттілер және Қайырболатов Бекзатқа жылы кеудеше алынса, Баштерева Аннаға Жаңа жылдық әдемі көйлек тарту етілді.


Балалар Аяз атаға арнап өздерінің тақпақтарын айтты. Бәріміз бірге ән айтып, би биледік.

Бұл күн тек балалар емес, ата-аналар үшін де ерекше күн болды.  Осындай Жаңа жылдық көңіл күй сыйлаған «Жас Ұлан» ұйымына ата- аналар жылы лебіздерін білдірді.

Жаңа Жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде балалардың барлық асыл армандары орындалсын! Жаңа Жыл өзінің сиқырлы әсерімен барлығын қуанышқа бөлеп, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!
Аға тәлімгер: Батырова Айымгуль Нурлановна