М?лімет ?ам?орлы? ?айырымдылы? акциясы туралы


№ 2 Мәртөк мектеп-гимназиясында өткізілген «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы
2015-2016 оқу жылының 5 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар негізінде бекітілген мөлтекаудан бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмысы қолайсыз отбасылардың үйлері араланда.
18 қаңтардан бастап кластар арасында «Қамқорлық» қайырымдылық марафоны өтті. Оқушылар қарттардың үйлеріне барып, қарын ашуға көмек көрсетті.

5-6 кластарда «Жақсылық – жан шуағы», «Атаның сөзі, ақылдың көзі» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттар өткізілді.

3-ақпан күні 6-10 класс оқушыларының қатысуымен «Қайырымдылық» жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкеге мектеп оқушылары және мұғалімдер белсене қатысты.

5-ақпанда 9 «А» класының ұйымдастыруымен «Мейірімділік – жан шуағы» атты қайырымдылық концерті өткізілді. Концертке аудандық мешіттің бас имамы, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар көрермен болды.


Акция аясында ата-аналар мен мектеп мұғалімдері киіммен, оқу-құралдарымен көмек көрсетті.
Аудан көлемінде «Қамқорлық» және «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық концерті өткізілді.


Қайырымдылық акциясы шарасының барысында 110600 мың теңге қаржылай және 65800 теңге заттай көмек көрсетіліп, барлығы 176400 теңге көлемінде қаражат жиналды. Осы акциядан түскен қаражатты ата-аналар комитетінің шешімімен тиісті оқушыларға көмектер көрсетілді. Атап айтсақ 5 «А» класс оқушысы Имашев Нурсултанға емделуге баратын болғандықтан 100 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Қалған 10600 теңгеге мектеп жанындағы интернатқа шаш алуға арналған құрылғы және қажетті киімдер, оқу-құралдары алынып берілді. Ал заттай көмек көрсетілген киімдер қажет ететін оқушыларға үлестірілді. Алынған заттар арнайы дәптерге тіркелді. Сонымен барлығы 38 оқушыға көмек көрсетілді.