О?удан тыс іс-?рекеттерді? жобасыны? жоспары Та?ырыбы: Жаным тол?ан жа?сылы?


Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары
Мектеп №33 Сынып 3 «Б» Оқушылар саны: 25
Мерзімі 01.10.16. Мұғалім: Кариполлина Г.Б.
Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: үй, мектеп
Тақырыбы: Жаным толған жақсылық
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерін ояту, үлкенді сыйлау, мейірімді болу,тек қана жүрекпен жеткізу.
Міндеттері:
1. Оқушыларды адамгершілік, кішіпейілділік тазалық, достық жақсылыққа үйрету
2. Ар-ұят, инабаттылық, елін, жерін сүю әдептілік, мейірімділікке баулу.
3. Асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу. Ресурстары: (материалдары, көздері)
Әдісі:Оқушылар
қайырымдылық акциясына қатысу, топтарға бөлісу.
Көрнекілік:
ән айту, фотосуреттер, презентация.
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)
1. «Ризашылық пен сенім» күніндегі «Жаным толған жақсылық» атты концерттік бағдарламаның не мақсатпен өткізілуі, қашан және қай уақытта, қандай орында өтетіндігі жөнінде ақпарат беріледі.
2.Сынып оқушыларының ата-әжелерін қонаққа шақыру.
3. Оқушылармен бірге қарттарға сыйлық дайындау
4.Балаларды мадақтау
5.Атқарған жұмыстың қорытындысын
көрсету (фото, фотостенд, слайд) Талдау
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. «Ризашылық пен сенім» күніндегі «Жаным толған жақсылық» атты  концерттік бағдарлама
ІІІ. Қарттардан сұхбат алу
Қорытынды.
Оқушылармен бірігіп қамқорлық акциясына қатысып оқушыларды үлкендерге көмектесу, жақсылық жасау,қамқорлық көрсету, үлкендерді сыйлау, рухани – адамгершілік құндылықтарға бағыттауға. Қамқорлық акция арқылы оқушаларды бес құндылыққа тәрбиелеуге болады. Балаларды мейірімділкке тәрбиелей отырып шаттыққа бөлу.
Іс-шараны өткізудің жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. «Жаным толған жақсылық» атты концерттік бағдарлама сынып оқушыларының өздерінің ата-әжелеріне дайындаған концерттік бағдарламасын қою.
2.Оқушылар өздерінің салған суреттерін,жазған тілектерін жазып табыстайды.
ІІ. Қарттардан сұхбат алу
Концерттік бағдарламада аяқталғаннан кейін ата-әжелеріне дайындаған сұрақтарына жауап алуға болды.
1.Балалық шақ кезеңдеріңізде қандай оқиға сізде ерекше есте қалды.
2.Сіз қандай маман иесісіз?
3.Бізге қандай ақыл кеңес айтар едіңіз? Үлкен кісімен бірге ән айтып, естелікке фотосуретке түсу.
Қорытынды.
Қамқорлық акцияның өткені жайлы айтып презентация арқылы оқушыларға көрсетіп, акцияға қатысқан оқушыларға алғыс білдіру. Мұғалім _________________________
Директор _________________________