Мейірім шуа?ы?айырымдылы? концерттік ба?дарлама


«Мейірім шуағы» қайырымдылық концерті
1.Жүргізуші
-Қайырлы күн, қадірлі қауым! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарға қолдау көрсетуге арналған «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық концертіне қош келдіңіздер!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
Мына өмір бірақ та қымбат әлі.
2.Жүргізуші:
Бар байлығымыз һәм бақытымыз – бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен өлшенбек.
Хор:1 «Айналайын» әнін қабыл алыңыздар жеке дауыста 4 «А» сынып
оқушысы Ақерке Ибрагимов
2. Хор «Астана» әні муз:Т. Мансур, Н. Думитреску, сөзі:. А. Саурбаева,
1.Жүргізуші:
Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірімділікті сіңірген адам бойына,
Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен.
9 сынып оқушысы Мейірова Шұғыланың орындауында «Көңілді күн»әні.
Жүргізуші:
Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
Келесі тыңдайтындарыңыз 8 сынып оқушысы Абдраманов Мадиярдың орындауында
1—«Алға, Қазақстан»әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Әр бала бақытты болуға лайықты. Олардың бақытты болуына қызмет жасайтын ересектер осындай игі іске қолдау көрсетіп жатса, құба - құп емес пе.
Пейілділік көл - көсір,
Жомарттық ерге сын.
Кеңдігін көрсеткен.
Қайырымдылық қорында,
Ізгілік жолында.
Мың алғыс, ағалар,
Рухы елдің жебесін.
2»А» сынып оқушыларының орындауында «Көңілді балалар би»
Жүргізуші: Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған әр адамға алғысымыз шексіз.
8 сынып оқушысы Бердияр Аружанның орындауында «Қазақ елі осындай»
әнін тыңдаңыздар
Жүргізуші: Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық.
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы – Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ – Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан,
Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
2 сынып оқушылары Фариза мен Жанеркенің орындауында Ұлназ Мұсабаеваның «Домбыраның күмбірі» әнін тыңдаңыздар
Жүргізуші: Өмір деген тәтті екен әрқашан да,
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.
Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,
Күресуге үйренем шаршасам да.
Бала жүрек риза жаратқанға,
Жарқыраймын әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,
Мен өмірді сүйемін әрқашан да.
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созған жандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық!
4 «Б»сынып оқушыларының орындауында Игор Космачевтің «Здравствуй, детство» әнін тыңдаңыздар.
Шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім, мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған азаматтарға алланың нұры жаусын демекпіз.
Хош,сау болыңыздар!
Концертті ұйымдастырушы Қалымбетова Гүлнар



№149 «ҚЫЗЫЛТУ» ОРТА МЕКТЕБІ-567055368839«Мейірім шуағы»
қайырымдылық концкерті
0«Мейірім шуағы»
қайырымдылық концкерті

Концертті ұйымдастырушы:Қалымбетова Гүлнар
2015-2016 оқу жылы