?айырымдылы? кеш. Та?ырыбы: ?айырымдылы?-адамгершілік белгісі 4 сынып


Міндетті оқу айлығы аясында өткізілген «Қамқорлық» акциясы қорытынды кеші «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі»Мерекелік барысы:Жүргізуші: Мен өзімнің сөзімді қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген даналық сөзін бүгінгі кешіміздің эпиграфы ретінде басталғалы тұрмын.«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешіміздің негізгі мақсаты қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болса,Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуді қолға алып отыр.
Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, ардақты ата аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған Республика көлемінде 1 тамыз бен 31 қыркүйек аралығында өткізіліп отырған «Мектепке жол» акциясы өз мәресіне жетті.
Өркенім өссін десең,Кекшіл болма -Кесапаты тиер еліңе.Елім өссін десең,Өршіл болма -Өскеніңді өшіресің.Жанашыры жоқ жарлығаЖәрдемші бол асыға,Қиын қыстау күндердеӨзі келер қасыңа.Бүгін сағы сынды деп,Жақыныңды басынбаҚазыбек бидің халқымның кеңдігі, жомарттығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес.Алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Имуханбетова Салтанат Жалқынқызына береміз.
1- Құрманғали Әсел «Өмір жайлы»
Өмірді мен жомарт деп айта алмаймынБекер айттым екен деп айта қайта алмаймынӨйткені біреулерге бақыт қонса,Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.Өмірді жұмақ деп те таңданбаймынСазды әуенге елітіп алданбаймынБір әумесер есірсе есі кетіп,Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың.Бұл өмір тәтті де емес тамсанатынЖеткізіп айта алмаған қаншама ақынОйсыздарға ой салған оқпан болыпАсып – тасқан жерінде ән салатынКүлкі емес күмбір қағып мөлдірегенАнаңның жүрегі емес елжірегенЕркелетіп бойына үйретіп ап,Кеудеңе кептеп қояр желді үдегенКейде жұрттың бәрінен артық етіп,Түсірмейді қолынан асық етіп.Бұл өмірге, апыр ау дауа барма?Кейде нұқып тастайды жасық етіп.Қызығы да өмірдің осы болар,Сан қилы мінезімен тосып алар.Бірде сипап маңдайдан, бірде соғып,Бауырындай құшақтап қосып алар.
Жүргізуші: Жансаң көзі қарақтыҚиналғанды аңғарарӨзіңнен сөз тараптыЖақсылыққа жалғанарДәнекер боп жүргеніңАзаматтық ерлігіңЖөн жосықты білгеніңЕңсесі биік елдігімБайлық қуат алапатҚағып түсер қарғысыңДемеушілік шарапатАлар елдің алғысын - демекші сөз кезегін ауыл әкімі Бектемиров Бақытжан Әбутәліпұлына береміз.
Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бекова Ляззат Әбілқасенқызына береміз.
Жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары ендігі музыкалық бөліміздің беташарын биші қыздарымыздың биімен ашалық. « Шарик неземной» биімен кішкентай бүлдіршіндерімізді қарсы алыңыздар!!!
Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,Жамандарды іздемен, өзі ақ табар,Жақсыларды табуың қиын екен...Ән. «Достарым» Даулетпақ Даниярдың
Майысып бұраңдаған денелеріАлаулап жайнаған көздеріБуын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,Алдарыңызда мектебіміздің гүлдеріБи. «Көш керуен» 9 –сынып қыздарының орындауында
Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,Күн арқалап кетеді таңды мына,Менің жаным ашиды барлығына,Таң нұрына, адамның тағдырына.Ән «Өкпем жоқ менің өткенге». Орындайтын Мырзабекова Айжан
Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл сәл кем бұра,Қазақ – нағыз қазақ емес,Нағыз қазақ – Домбыра!Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана.«Қазақ биі» 10 сынып қыздарының орындауында
Жүргізуші: Атаң болса, анаңмен -Алтыннан соққан қорғаның,Ағаң болса ақылды -Ешкімнен кем болмадың.Інің болса жанашыр -Семсер қылыш білегің.Ақылды қыз, ақылды ұл -Өкпе – бауыр, жүрегің.Байғабат Ұланның орындауында «Балалығым балғын шағым» әні
Жүргізуші: Бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы. Ендеше «Қызғалдақ» биші қыздарымыздың орындауында «Танец под дождем» биі.
Жүргізуші:
Өмірге Ана бақыт, ана, панаӨмірді өркендетер ана ғанаӨсірген талай шешен талай көсемТалай ер, талай ақын, талай данаНұрқасым Минуараның орындауында
«Мама» әні барлық асыл аналардың құрметіне арналады.
Жүргізуші:Мен, сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.Мен, баламын қамқор болар ата - анаға.Мен, доспын достық туын көкке ұстар.Мен, баламын болашақта елін қорғар.Мен, адаммын осының бәрін ұғар.Мен, қазақпын жақсылыққа жаны құмар.- дей келе Қали Дарияның орындауында «Ұйғыр» биі
Сағатова Гүлзаттың орындауында «Атамекен» әні
Жүргізуші:Қайырымды жандар айнала,Шеңберге келсін жайлана.Жалықпастан қайта біз,Махаббат сөзін айтамыз.Сүйеміз барлық ананы,Жүрегім оттай жанады.Бақыттымыз осы біз,Қасымызда досымыз – Түргенбаева Мадинаның орындауында «Туған жер» әні
Күй ойнайды қазағымның қанында,Күй ойнайды қазағымның жанында.Үзіледі, үзіледі әуендерКүмбірлеген домбырасы барында – Аусынахун Камшат «Қазақ елі осындай» әні
Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай келе, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты қорытынды кешімізді жабық деп жариялаймын.