8 сынып?а арнал?ан 9 сабак Квадрат т?бірі бар ?рнектерді т?рлендіру


Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру
Сабақтың мақсаты:
Квадрат түбірлердің қарапайым қасиеттеріне қосымша қасиеттерді қарастыру арқылы оқушылардың квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіре білу бейімділіктерін деңгейлеп оқыту арқылы қалыптастыру.
Сабақтың түрі: деңгейлеп оқыту.
Пайдаланылатын көрнекіліктер: ауызша және жазбаша орындауға қатысты деңгейлік үлестірмелі корточкалар, формула жазылған кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ауызша тапсырмалар. Тақтаға бірнеше есептер ілінеді, оқушылар кезектесіп жауап береді.
√64 2.√(7,2)2 3.√|-1,8|2 4.√(х-2)2 5. √4m2+4m+1
6 . 2/√2 7. 2х/√х 8. (√5/√15)2 9. (√5+√3)(√5-√3)
ІІІ. “Математикалық шолу”
1.Теріс емес а санының квадрат түбірі дегеніміз не?
2. Арифметикалық квадрат түбір дегеніміз не?
3.Арифметикалық квадрат түбірдің 1 –ші қасиеті қандай? 1-теореманы айтып бер.
4. Арифметикалық квадрат түбірдің 2-ші қасиеті қандай? 2-теореманы айтып бер.
5. Арифметикалық квадрат түбірдің 3-ші қасиеті қандай? 3-теореманы айтып бер.
6. Квадрат түбірлері бар өрнектерге қандай түрлендірулер бар?.
ІV. Жаттығуларды орындау
А тобы: № 145, № 148 тақ нөмерлері, №152
В тобы: №146, № 149 тақ нөмерлері, № 166
С тобы: № 147, № 150 тақ нөмерлері, №157
Бірнеше есептер тақтаға, қалғаны өз беттерінше орындалады.
V. Өзіндік жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар таратылады.
Өрнекті ықшамдауға есептер беріледі.
VІ. Үйге тапсырма
А тобы: №148 жұп номерлері, №151
В тобы: №149 тақ номерлері, №158 №161
С тобы: №150 тақ номерлері, №169
VІІ. Қорытынды. Квадрат түбірдің қасиеттерін қайталап еске түсіру
VІІІ. Оқушыларды бағалау. Барлық есепті дұрыс шығарған оқушыға
Критерий Жетістік Дескриптор
А
(mах 6)
Түсінуі 0 Тапсырма бойынша берілген критерийлердің біреуін де орындай алмайды
1 Квадрат түбірдің анықтамаларын,қасиеттерін толық білмейді.
2 Квадрат түбір қасиеттерін айта алады,бірақ ажырата алмайды.
3 Квадрат түбірдің барлық қасиеттерін ажыратып, айта алады
4 Квадрат түбірге қатысты барлық формулаларды біледі.
5 Күрделі радикалдың формуласын, у= функциясының формуласын,графигін біледі.
6 Шығармашылықпен жұмыс жасай алады.
Критерий Жетістік Дескриптор
В
(mах 6)
Қолдану және талдау 0 Тапсырма бойынша берілген критерийлердің біреуін де орындай алмайды
1 Квадрат түбірдің қасиеттерін қасиеттерін қолдана алмайды..
2 Квадрат түбір қасиеттеріне берілген есептерді шешуде қолдана біледі.
3 Күрделенген есептерді шешуде тиімді тәсілді қолдана біледі.
4 Квадрат түбір қасиеттерінің барлық категориялары бойынша өз пікірін талдай алады.
5 Квадрат түбір қасиеттерін пайдаланып әртүрлі категорияда есептер құрастыра алады.
6 Формулаларды әртүрлі жағдайда тиімді пайдаланып, зерттеу жұмысын жүргізе алады.
Критерий Жетістік Дескриптор
С
(mах 8)
Математикалық модельдеуі және топтауы, бағалауы 0 Тапсырма бойынша берілген критерийлердің біреуін де орындай алмайды
1 Квадрат түбір қасиеттерінің формулаларын біледі.
2 Барлық жағдайдағы есептерді шығара алады.
3 Бір есепті бірнеше тәсілмен шығара біледі.
4 5 Квадрат түбірдің қасиеттерін кез келген есептің шарты бойынша зерделеп, стандартты емес жағдайды жүйелей алады.
6 Шығармашылық есептерді талдап, шығару жолдарын көрсетеді. дәлелдейді.
7 Стандартты емес есептің шығару тәсілдерінің тиімділігін көрсетіп, құндылығын анықтай алады.
8 Квадрат түбір тақырыбына жоба құрастырып, қорғай алады.
Бағалау шкаласы
Бағасы Жинаған ұпайы Пайыздық үлесі
«5» 17-20 100%-89%
«4» 14-16 75%-88%
«3» 12-13 61%-74%
«2» 0-11 60%-дан төмен