АС ?ОРЫТУ Ж?ЙЕСІ ТАРАУЫН ?ОРТЫНДЫЛАУ


«АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ ТАРАУЫН ҚОРТЫНДЫЛАУ»тақырыбына PISA типтік тапсырмаларын қолдану
Өзектілігі:
Белсенді оқыту әдістері мен логикалық тапсырмалар оқушының ой –өрісін кеңейтеді, өмірлік тәжірибеде қолданады. Нақты бір жағдайға нақты модельдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларды әлеуметтендірудің қажетті талаптары болып саналатын функционалды ғылыми- жаратылыстану сауаттылық бағытын қалыптастырады.
Жобаның мақсаты -  оқушылардың ғылыми-жаратылыстану  сауаттылығын
дамыту мақсатында  PISA бағдарламасы тапсырмаларын орындау арқылы , алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалану.
Жобаның міндеттері:
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту
PISA талаптарына сәйкес тапсырмаларды орындау
Жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастырып, бағалау
Нәтижесі:
-- Осындай тақырыпта өткізілген сабақта оқушылардың жаратылыстану
сауаттылығы қалыптасады.
-- PISA тапсырмаларын орындай отырып күнделікті өмірде кездесетін құбылыстар арасынан ТТР анықтап, оны ғылыми тұрғыда дәлелдей алады.
-- Оқушының функционалдық құзыреттілігі қалыптасады.Жаңашылдығы :
Оқушыларда тақырып бойынша жаңа түсініктер қалыптасады.
Алған білімдерін өмірлік тәжірибесінде қолдану мүмкіндігіне ие болады.
Жетекші идеясы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысы-мен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, мектеп оқушыларының функционал-дық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын басшылыққа ала отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
Кіріспе
  «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми- жараты-лыстану функционалдық сауаттылығын дамыту» функционалдық сауаттылықты арттыру мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында анықталуына сәйкес жасалды, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жөніндегі 2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында өкізілетін оқушылардың ғылыми- жараты-лыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістеріне арналған педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасына талаптарына сәйкес келеді.
2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектепте білім берудің сапасын арттыру-шы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған.
Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет. Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгей-лерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыс-тыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-ұлтты зерттеулерді жүргізудегі жетекші мамандармен әзірленген әдістемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мүшелерде астың қорытылу құбылысын, ас қорыту сөлдерін, ферменттердіңәсері туралы түсінік бере отырып, ас қорытудың адам денсаулығына қажеттілігін ұғындыру
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында тәжірибелер көрсету арқылы олардың дүниетанымын ойындар ойнату арқылы дамыту
Тәрбиелілік: Дұрыс және ағзаға пайдалы тағамдармен қоректену арқылы салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
 Сабақтың көрнекілігі: Ас қорыту жүйесінің құрылысы суреттері, тірек – сызбалар, оқушыға көмекші материалдар топтамасы
Пәнаралық байланыс: химия, медицина
Сабақтың типі: Жүйелеу жинақтау сабағы
Сабақтың түрі: Зерттеушілік тұрғыдағы сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі көрнекілік
Сабақтың жоспары :
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. “Ер дәулеті – еңбек”
Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. “Ырыс алды – ынтымақ”-негізгі бөлім
Үй тапсырмасын пысықтау.
ІҮ. “Бәрін білгім келеді”- қорытындылау.
Ү. “Бейнет түбі- зейнет”- бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма

Кулчат Кунтубаева Ақтам орта мектебі Биология пәнінің мұғалімі