К?ркем жазу факультативтік ба?дарламасы


Приреченск орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі А.Қ.Исқаттың
1 сыныпқа сауат ашу пәніне арналған
«Көркем жазу» таңдаулы курсына
ПІКІР
Ұсынылып отырған жұмыста 1 сыныпқа арналған «Көркем жазу» арнайы курс бағдарламасы құрастырылған.
Мұғалімнің бағдарлама негізінде оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру, тіл мәдениетін жетілдіру, сөздік қорларын молайту, қол шеберлігін дамытуды, әдеби шығармалармен таныстыруды және ана тілі пәніне қызығушылықтарын арттыруды көздеген.
Бағдарламаны меңгеру барысында оқушылардың әңгімелеу, көркем жазу, жаттау, өздігінен сөйлем, монолог, диалог, ребус, жұмбақ құрастыру, хат жазу дағдыларын қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерді дамытып, жұпта, топта жұмыс жасауды үйренеді және танымдық, белсенділік біліктері артады.
Бағдарлама 33 сағатқа негізделген, аптасына 1 сағат. Бағдарламада түсінік хат, күнтізбелік жоспар, қолданған әдебиеттер тізімі берілген.
Бағдарлама әдістемелік тұрғыда дұрыс, мазмұнды жасалған, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сүйенген.
А.Қ. Исқат құрастырған «Көркем жазу» арнайы курс бағдарламасында 1 сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар жинақталған. Берілген тапсырмалар оқушыларды зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа тәрбиелейді, олардың шапшаң оқу, көркем жазу, ойлау қабілеттерін дамытуға әсер береді.
Бағдарламаны көркем жазу сабақтарында қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.


ӘБ жетекшісі Н.К.Арынова
1-сыныпқа арналған «Көркем жазу» факультатив
курсының күнтізбелік жоспары
2015-2016 оқу жылы
  
Бұл бағдарлама әдістемелік отырысында қаралып,мектепішілік таратуға ұсынылды.
Хаттама №1  29 тамыз 2015 жыл
Құрастырған: . Приреченск орта мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі  А.Қ.Исқат
                                         
Түсінік хат
 
Факультатив  курсының тақырыбы: «Көркем жазу»
Жүргізу формасы: танымдық сабақ,аралас сабақ , жарыс, дәстүрлі .
Үйірме курсын аяқтау: жаттығу
Аптасына 1 сағат. Жылына  33 сағат.
 
      Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық,қоғамдық тәрбиелік мәні зор.
     Әріп таңбаларын әдемі,көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді.Таза,әдемі,дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып,мінез-құлқын тәрбиелеп,жауапкершілікке,ұқыптылыққа үйретеді.Бұл тұрғыдан қарағанда көркем жазу үйірме курсы оқушыларға бағыт-бағдар береді.
       Ол үшін алдымен оқушылардың қолының икемділігі мен көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдірудің маңызы зор. Әріп элементтерін үйреткенде соларға сәйкес келетін таңбаларды таңдап алынады. Буын, сөз жазуда әріп таңбаларын бір-біріне қосып жазудың (ілмек сызық, жанастыру арқылы) тәртібі қатаң сақталады.
Бұл үйірме Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы мен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандартына негізінделген.
Мақсаты:
 Оқушылардың ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру. Ауызекі және жазба тілде қарым- қатынас жасау дағдыларын дамыту,орфографиялық дағдылар мен көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.Жазудың түрлі тәсілдері /көшіріп жазу,әріптік,буындық,сөздік,сәйлем,шағын мәтін т.б./арқылы сауатты жазуға үйрету.
 
Міндеттері:
-бас және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру;
-әріптерді бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазуға үйрету;
-сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;
-эстетикалық талғамға сай жазу әрекетін игеру арқылы каллиграфиялық көркем жазуын қалыптастыру;
 
Қүтілетін нәтижелері:
-әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
-әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
-грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
-шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;
 
«Көркем жазу» факультатив курсының күнтізбелік жоспары1 сынып2015-2016 оқу жылы№ Тақырыбы Пәнаралық байланысСабақтың түрі Сағаты Өтілетін уақыты
1 Жазу ережелерімен таныстыру. Дүниетану Кіріспе сабақ 1  
2 Тік қиғаш сызықтар салу. Дүниетану Танымдық сабақ 1  
3 Сызықтарды параллель жүргізу. Дүниетану Танымдық сабақ 1  
4 «Ілмек біз»сызықтары. Дүниетану Танымдық сабақ 1  
5 «Ілмек» сызықтар. Дүниетану Танымдық сабақ 1  
6 Әріп жазуға дайындық элементтеріМатематика Танымдық сабақ 1  
7 Әріп элементтерін бөлек салу. Математика Танымдық сабақ 1  
8 Әріп элементтерін қосып, бірге салу. Математика Танымдық сабақ 1  
9 Кіші әріп элементін үзіліссіз жазуМатематика Танымдық сабақ 1  
10 Бас әріп элементін үзіліссіз жазуДүниетану Танымдық сабақ 1  
11 А,Ә,Б,В әріптерін жазуӨзін-өзі тану Аралас сабақ 1  
12 Г,Ғ,Д,Е әріптерін жазуӨзін-өзі тану Аралас сабақ 1  
13 З,Ж,И,Й  әріптерін жазуӨзін-өзі тану Аралас сабақ 1  
14 К,Қ,Л,М әріптерін жазуӨзін-өзі тану Аралас сабақ 1  
15 Н,Ң,О,Ө әріптерін жазуӨзін-өзі тану Аралас сабақ 1  
16 П,Р,С,Т әріптерін жазуӨзін-өзі тану Аралас сабақ 1  
17 Ұ,Ү,У әріптерін жазуӨзін-өзі тану Аралас сабақ 1  
18 Ф,Х,Ц,Ч  әріптерін жазуӨзін-өзі тану Аралас сабақ 1  
19 Ш,Щ,Ы,І әріптерін жазуӨзін-өзі тану Аралас сабақ 1  
20 Орыс тілінен енген әріптерді жазу: Ю,Я,Э,Ь,Ъ Орыс тіліАралас сабақ 1  
21 Әріптерден буын құрап жазуДүниетану Жарыс сабақ 2  
22 Буындардан сөз құрап жазуДүниетану Танымдық сабақ 1  
23 Бас әріппен жазылатын сөздер Дүниетану Танымдық сабақ 2  
24 Көшіріп жазуӨзін-өзі тану Жарыс сабақ 1  
25 Суретке қарап мәтін құрастырып,жазу Дүниетану Жарыс сабақ 1  
26 Әріптік диктант Математика Жарыс сабақ 1  
27 Мәтінді есте сақтап, жазу. Өзін-өзі тану Шығармашылық сабақ 1  
28 Сөздік диктант Өзін-өзі тану Дәстүрлі сабақ 1  
29 Шығарма:«Менің анам» Дүниетану Дәстүрлі сабақ 1  
30 Көру диктант Өзін-өзі тану Дәстүрлі сабақ 1  
31 «Сөйлемді қайтала» /жаттығу/ Математика Шығармашылық сабақ 1  
  Барлығы:     33  
 
Пайданылған  әдебиеттер:
1.«Әліппе» 1 сынып әдістемелік құрал, Алматы 2012 ж.
2. «Көркем жазу» ,авторлары Бекова Г.М.,Демеуова Г.Т.,Талдықорған 1997ж.
3. «Көркем жазу» дәптері, авторлары К.Калмухамбетова, К.А.Ерешева, Ұ.Ботабаева 1сынып  Алматыкітап 2012жыл