Мектеп т?жірибесін ?згерту ?шін ?андай ?діс-т?сіл ?олдану?а болады


Д есебі
Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс – тәсілдерді қолданамын ?
Мектептегі тәжірибемді мектеп директорымен сұхбаттасудан бастадым. Әңгіме барысында бірінші ( ілгері) деңгей бағдарламасының негізгі идеяларымен таныстырдым. Мектеп мұғалімдерінің деңгейлік курсқа деген жаңашыл көзқарастарын қалыптастыру үшін, оқыту мен оқыдағы жаңа тәсілдерді мектеп тәжірибесіне енгізу мақсатында жоспарлап отырған жұмыс жоспарымен таныстырдым. Өз мектебімнің мұғалімдерінің сапалық қасиеттерін жаңаша бағытта қалыптастыру үшін бірінші деңгей бағдарламасынан үйренгендерімді негізге алдым. Теориялық негізде алған білімімді пркатикамен ұштастыратын сәт келді. менің өзіме де бұл мектептегі тәжірибенің берері мол, себебі әріптестерімді үйрете отырып, өзім де үйренемін. Мектеп басшысын қызықтырған әсіресе мектепті дамыту жоспары болды. ІІ,ІІІ деңгейлік курстарды бітірген мұғалімдермен бірлесе отырып мектептің даму жасауға болатын мүмкіндік туралы өз пікірін айтып, қолдау көрсететінін айтты. Мектептегі өзгерістерді жүзеге асыру үшін әрине бірлескен еңбек, ізденіс қажет. Қазір біз санаулы мүғалімдер ғана болғанымызбен келешекте біздің санымыз артады, сондықтан мақсатты жүзеге асыру үшін, жан-жақты даму үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруіміз қажет.
Мектеп мұғалімдеріне арналған семинарды: « Әлім өзгеруде, біз өзгере аламыз ба?» тақырыбында алдым. Семинарды өткізудегі негізге мақсатым: « Мектептегі еңбек тәжірибесі әр түрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мектеп жүйесін өзгертуге қажетті білімдер мен дағдыларды беру,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер туралы мағлұмат бере отырып, өз тәжірибелеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін түсіндіру.» Деңгейлік бағдарламаның негізгі міндеті-қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу болып табылады. Кембридж университеті туралы мәліметтерге тоқтала отырып, «Әлем өзгерумен біз де өзгереміз» атты бейнежазба көрсетілді. Деңгейлік бағдарлама курстарының ( І,ІІ,ІІІ деңгей) негізгі мақсаты мен міндеттеріне тоқталамын. Сол сияқты сындарлы оқыту теориясының 7 модулімен таныстырамын. Көптеген оқыту стратегиялары мен түрлі педагогикалық тәсілдерді қолдану мүмкіндіктері туралы айттым. Қазіргі кездегі білім жүйесіндегі өзгерістерді талқылай отырып, топқа бөлінген мұғалімдерді «Біз өз мектебімізді қалай өзгерте алар едік ?» деген сұрақ төңірегінде постер жасауды өтіндім. Әр топ өз постерлерін жасап, оны қорғап шықты. Осы жұмыс арқылы оқушылармен топтық жұмыстың тиімділігіне де тоқталып кеттім. Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін ең алдымен мұғалім өзгеру қажет деген қорытынды пікірге келді. әрине бірден осында пікір айта қойған жоқ. Кейбір әріптестерім осы бағдарламаның қажеті қанша, бұрынғы тәсілмен-ақ білім беруге болады ғой деген пікірлер де айтты. Мен бұл бағдарламаның қойған мақсатының күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап ететінін, алайда дұрыс тәсілдер қолданған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ететініне ерекше тоқталып өттім. Мектеп мұғалімдерінің барлығы дерлік деңгейлік бағдарламаның негізгі идеяларын қабылдауға дайын емес екендіктерін байқатты. Соған қарамастан екі жұлдыз, бір тілек кері байланысы арқылы оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін меңгеруге ниет білдірген, қызығушылық танытқан мұғалімдер көңіліме қуаныш ұялатты. Семинардан кейін мектептегі тәжірибе кезінде өзіммен жұмыс істейтін белсенді топ мүшелерін жасақтадым. Олар бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері , география, тарих пәнінің мұғалімдері болды. Топ мүшелерімен алты апталық жұмыс жоспарымен , мақсат-міндеттерімен таныстырдым. Мен топ мүшелеріне сенімділік білдере отырып, алты аптаның ішінде айтарлықтай жетістікке жете алмасақ та, бірлескен жұмыстың тиімділігін түсінетінімізді айттым. Мектептің даму басымдықтарын анықтау мақсатында мұғалімдерден сауалнама алынды. Сауалнама мектептегі ахуал, оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдер, сабақ жоспарлау, сұрақ қоюдың түрлері, АКТ-ны қолдану, дарынды және талантты балалармен жұмыс, бағалау, кәсіби біліктілігін жетілдіру, оқушылардың мінез-құлқы туралы сұрақтарды қамтыды. Сауалнама алу барысында мұғалімдерден шынайы жауап берулерін өтіндім. Оқушылар мен ата-аналардан да сауалнама алып сараптама жасалды. Мектептің негізгі даму басымдықтарын анықтау барысында мектептің бастапқы жағдайы анықталды. Мектептің жағдайы қалыпты, мұғалімдердің көпшілігі «дәстүрлі оқытуды» қолданады. «Дәстүрлі оқыту» дегеніміз не? Ол мұғалімнің сабаққа кіруі,сабақ сұрауы, сабақ түсіндіруі. Сабақта белсенді оқушылар баға алады, қалған оқушылар ескерусіз қалады. Мұғалім дайын білім берумен шектеледі, ал оқушының өздігінен ізденуіне,дамуына, білімін жетілдіру жұмыстары мүлдем жүргізілмейді. Мұндай білім тек қана аз уақытқа ғана есте сақталады, қолдану аясы өте тар. Ал сындарлы оқытуды керісінше, басты назарда оқушы болады. Мұғалімнен гөрі оқушыға басымдық беріліп, олар көп оқиды, көп ізденеді, топта талқылау жұмысын жүргізеді, достырмен қарым-қатынас орнайды. Ал мұғалімнің міндеті оқушылардың білімін жетілдіруге бағытталған тәсілдер арқылы сабақты ұйымдастыру болып табылады. Оқушылар оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы өз бетінше ізденуге, ойын ашық айтуға, қателесуден қорықпауға, пікір-көзқарастарын қалыптастыруға, ұғым-түсінікртерін өрістетуге мүмкіндік алады. Сауалнама қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігі және бірлестік жетекшілерінің қатысуымен талқыға салдық. Мектеп мұғалімдерінің басым бөлігі жасы 40-тан асқан тәжірибелі, білікті ұстаздар. Олардың іс-тәжірибесіндегі қолданатын әдіс-тәсілдері де жаңа заман талабына сай. Соған қарамастан инновациялық-технологиялық біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп , таныта білген бімі дағдылары мен амал,көзқарастарын зейін қойып,зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. (МАН,33б) Осындай үдерістің бірі ретінде диалогтік оқыту туралы тұсінік беру мақсатында бірінші коучингті «Оқытуда диологтік оқытудың тиімділігі» тақырыбында өттім. Коучинг жоспарын №1 қосымшадан көруге болады. Бұл коучингтің мақсаты: Диалогтік оқыту оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу. Оқу нәтижелері: мұғалімдер диалогтік оқыту тәсілін жетік меңгереді, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сабақ беру әдісі өзгереді. Оқушылар өз бетінше ізденуге үйренеді. Негізгі түйінді идеялар: диалог-мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сұрау мен топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы. Коучингті «қарым-қатынас» тренингінен бастадым. Коучингке қатысқан мұғалімдер тізімін№2 қосымшадан көруге болады. Мұғалімдер ортаға дөңгеленіп тұрып, бірі-біріне жақсы тілектер айтты. Топқа бөлу мақсатында қиылған суреттерді пайдаландым,мұғалімдер екі топқа бөлінді. Топтың «алтын ережесін» құрған мұғалімдер,оны постер арқылы қорғап шықты. Осы арқылы сыныпты топқа бөлгенде міндетті түрде оның ережесін құру керек екенін түсінді. Одан соң мағынаны ашу мақсатында «Диалогты сабақта қолданамыз ба?» деген сұрақ қойдым. Қосымша төмендегідей сұрақтар қойдым: «Диалогты сабақта қалай қолданамыз?», «Сөйлесу арқылы оқушымен қандай іс-әрекетке түсеміз?», «Ол іс-әрекетті не арқылы жүзеге асырамыз?», «Бұл әдіс несімен ұнайды?», «Диалогта адамның қандай қасиеттері ашылады?» осы сұрақтар төңірегінде мұғалімдер өз пікірлетін жазып,ортақ пікірге келіп,оны қорғап шықты. Екі топтың мұғалімдері де дәстүрлі сабақ кезінде, яғни үй тапсырмасын сұрағанда, сабақты бекіткенде, жаңа сабақты қорытындылағанда қолданатын диалогтер туралы айтып шықты. Жалпы мұғалімдерден диалогтің түрлері туралы ойларын сұрадым. Диалогтің үш түріне арналған бейнежазба көрсетілді. Содан соң диалогтік оқытудың үш түрі туралы жазбаны қолдарына таратып, бейнежазбалардың диалогтің қай түріне жататындығын анықтауын сұрадым. Топ ішінде талдап, постер арқылы қорғап шықты. Осыдан кейін «Диалогтік оқыту» үдерісін презентация пайдалана отырып түсіндірдім. Келесі тапсырма суреттер тараттым. Суретті пайдалана отырып, І топ-әңгіме-дебат, ІІ топ-кумулятивтік әңгіме,ІІІ-топ-зерттеушілік әңгіме ұйымдастыру арқылы рольдік ойын көрсетуі қажет. бұл жұмысты топ мүшелері өте жақсы орындап шықты. Олар өздерінің диалогтік оқытудың түрлері туралы алған білімдерін өте тиімді пайдаланды. Мұғалімдер «екі жұлдыз, бір тілекке» өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді. Коучингтен алған жағымды әсерлерін, сабақтарында қолдануға ниеттерін білдірді. Осы мұғалімдердің ұсынысы бойынша келесі коучингті « Оқушылардың білімін дамытудағы жоғары деңгейлі сұрақтардың маңыздылығы » тақырыбында өттім. Бұл коучингтің мақсаты: диалогтік оқытуда сұрақ қоюдың маңыздалағын түсіндіру, сұрақтың түрлері туралы мәлімет беру. Коучингті төмен дәрежелі сұрақтар қоюдан бастадым. Ол сұраққа жауап беру барысында жауаптарына мән беруді тапсырдым. Қарапайым көп ойлануды қажет етпейтін сұрақтарға мұғалімдер нақты жауап берумен ғана шектелді. Күрделі сұрақтар қойған жағдайда ойланып жауап беруге тырысты. Сұрақ үлгілерін №3 қосымшадан көре аласыздар. Осыдан кейін мұғалімдерге мәтін тараттым. Мәтін арқылы топпен талқылай отырып, сұрақтар дайындады. Екі топ өз сұрақтарына талдау жасады. Мен осыдан кейін диалогтік оқытудағы сұрақтардың маңыздылығы туралы түсінік бердім.
Оқытудағы диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
-оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
-оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
-білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
-оқушыларға білімін қалыптасыруға және вербелдануға көмектеседі;
-оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
--оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;
-оқушылардың бірін-бірінен үйренуіне,басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
Мәтін бойынша құрастырған сұрақтарының төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі екеніне талдау жасаған мұғалімдер, өз пікірлерін қорғап шықты. Бұл коучингтен мұғалімдер диалогтік оқытудағы сұрақтардың маңыздылығын түсінді және сұрақтың түрлері туралы мәлімет алды. Коучинг сәтті өтті деп ойлаймын. Себебі мұғалімдер кері байланыс арқылы алған әсірлері туралы, сұрақ қоюдың өзіндік ерекшеліктерін меңгергендіктері туралы пікірлерін жазған.
Бірінші бетпе-бетте алған теориялық білімімді тәжірибеде қолдану мақсатында 7а-сыныбында әдебиет пәнінен Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» тақырыбына сабақ өттім. Сабақты сергіту сәтінен бастадым. Дәрілік өсімдіктердің суреттерін жинақтау арқылы топқа бөлінді. Қызығушылықты ояту мақсатында конвертке салып таратылған өсімдікті анықтады. Ой қозғау үшін сұрақтары арқылы жусанға сипаттама жасап, әр топ өздері талқылап, постер арқылы қорғап шықты. Оқушылар өздері өтілетін тақырыпты тапты. Шығарманы талдау барысында «джигсо» әдісін қолдандым. Әр топ өздеріне берілген бөлім бойынша жоспар жасап, оны постерге түсіріп қорғап шықты. Сабақ соңында жоғары деңгейлі сұрақтар негізінде жұпта, топта талқылап, ойтолғау жазды. Сабақ соңында оқушылар «екі жұлдыз,бір тілек» арқылы сабақтан алған әсерлерін білдірді. Бұдан шығарған қорытындым оқушыларға топпен жұмыс ұнады, жұптасып, топтасып тақырыпты талқылау барысында шығарманы толық түсінді. Сабақ барысында диалогтік оқыту тәсілдерін қолдандым. Соған қарамастан кедергілер де кездесті, топқа бөлу кезінде кейбір оқушылар топтарын таба алмай жатты, топпен жұмыс кезінде барлығының талқалауға қатыспауы, уақыттың тапшылығы. Бұл кедергілерді келесі сабағымда жоюға болады деп шештім. Келесі сабағымды С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян тақырыбына өттім. Бұл сабақта оқушылардың топтық жұмысқа үйреніп қалғандығы көрінді. Бұл сабақтың сәттілігі ретінде оқушылардың оқушылардың Аянның болашағы туралы болжаулары, Аянға және авторға жазған хаттарын айтуға болады. Екінші сабағым сәтті өтті. Оқушылар кері байланыс арқылы өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде өз тәжірибесінде бағдарламаның 7 модулін қолдануға ниет білдірген бастауыш сынып мұғалімі Ә-ге тәлімгер болдым.
Ә жоғары білімді, еңбек өтілі он үш жыл, жоғары санатты мұғалім. Тәлім алушымен алғашқы әңгіме барысында бағдарламаның және тәлімгерліктің негізгі мақсатымен таныстырдым. Тәлімгерлік- ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер( тәжірибелі ,озық педагог) мен тәлім алушы(тәжірибесі аз педагог) арасында сенмді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі.Тәлімгерлік ету барысыныда тәлімгер өзінің білімімен,тәжірибесімен бөліседі,ал тәпім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жодарын іздейді.(МАН,37б) Осы түсініктемелерді негізге ала отырып, тәлімгер мен тәлім алушының арасында сенімділік орнауы қажеттігін, тәлім алушы өзін толғандырып жүрген сұрақтар төңірегіндегі ойын ашық, қысылмай айтуға болытыны туралы айттым. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің тиімділігін, мұғалім неге және қалай өзгеру қажеттілігін түсіндірдім.Алдымен тәлім алушының алғашқы сабағына өзім қатыстым. Сабақ «дәстүрлі сабақ» түрінде өтті. Мұғалім өз мамандығын сүйетін, білімді маман. Сабақты талдау барысында мен оның кемшіліктерін ашық айтпай өзінің түсінуіне мүмкіндік бердім. Сонымен қатар ұсыныстарымды айттым. Атап айтатын болсам, мұғалімнің өзінің сабақта көп сөйлеуі, төмен деңгейлі сұрақтардың көп қойылуы, тапсырмалардың біркелкілігі. Жалпы сыныпта мұғалім басқарушы роль атқаратынын байқатты. Біз осы ұсыныстар төңірегінде талқылай отырып, келесі сабақтарымызға орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар жасадық. Тәлім алушының әрбір сабағын бақылау арқылы біртіндеп өзгере бастағанын сездім. Тәлім алушы менің сабақтарыма қатысу арқылы өзі де үйренді және іс-әрекетті зерттеу барысында маған да көмек көрсетті. Тәлім алушының дүниетанудан «Балықтар» тақырыбына өткізген соңғы сабағы өте сәтті шықты. Өткен сабақта «Құстар» тақырыбын өткендіктен, оқушыларға құстардың түрлері суреттер әкелуге тапсырылған. Кейбір оқушылар бір-екі суретпен ғана шектелсе, Балзи деген оқушы интерактивті тақта арқылы салйд арқылы көрсетті. Әрине,ата-анасы көмектескен, қуантарлық жағдай. Тәлім алушы сыныпты үш топқа бөлді. Сабақ барысында оқушылар табиғаттың тоғыз емшісімен танысты. Бірінші емші-күн сәулесі. Бұл жерде оқушылар жануарлардың қандай түрлері бар екенін топтастырды. Екінші емші-таза су. Балықтар туралы шағын мультфильм көре отырып, не байқағандарын суретке түсірді. Сабақтың тақырыбы балықтар туралы екенін оқушылар өздері анықтады. Диалогтік әдіс сұрақ- жауап арқылы балықтар туралы бұрынғы білетіндерін ортаға салды. Үшінші емші-таза ауамен танысып, боилогиялық диктант жазды. Төртінші емші-демалыс. Бұл бөлімде оқушылар өз аймақтарындағы балық түрлері туралы топпен жұмыс жасады. Бесінші емші-дене жаттығулары сергіту сәтін өткізді. Алтыншы емші-табиғи тағам,бұл бөлімде жеке жұмыстар орындады. Жетінші емші-ашығу, оқулықпен жұмыс жүргізді. Сегізінші емші-бойды тік ұстау, үш топтан бір оқушыдан шығып,бастарына кітап қойып жүріп өтті. Тәлім алушының бұл тапсырманы орындату себебі, дене бітімдерінің сымбаттылығына көңіл бөлуге үйрету. Табиғаттың тоғызыншы емшісі-ақыл-ой. Алған білімдерін жинақтап, топтастырып шықты. Тәлім алушының сабақтарына төмендегідей өзгерістерді байқадым:
-Сынып оқушыларының топтық жұмысқа икемделгені;
Оқушылардың еркіндігі;
Мұғалім мен оқушылардың арасында байланыс орнауы.
Сол сияқты сәтсіз жақтары да болды:
-оқушылардың сабаққа түгел қамтылмауы;
Жекелеген оқушылардың белсенділік танытуы;
Кері байланыстың әлсіздігі.
Тәлім алушыға төмендегідей ұсыныстар жасадым:
-оқушылардың психологиялық ахуалын қадағалау,
- ойлануға жүйелі түрде үйрету;
- оқушылардың қызығушылығын оятатын жұмыстар ұйымдастыру;
- сабақтарына оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді кеңінен енгізу.
Мектепте өткізген тәлімгерлік жұмысымнан мен өзңм де көп нәрсені үйрендім. Себебі тәлім алушымен жұмыс барысында курста алған білімімді шыңдап. Оны тәжірибе жүзінде қолдану қажеттілігі туындады. Жаңа тәсілдердің мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де тиімділігіне көз жеткіздім. Мектептегі тәлімгерлік жұмысын жандандыру арқылы жас мамандарға көмек көрсетілсе, білікті мұғалімдердің қатары көбейер еді. Бұдан шығатын қорытынды мұғалімнің мәртебесі жоғарылап, оқушылардың білім сапасы көтерілер еді. Мұғалімдер мен оқушы, ата-аналар арасында ынтымақтастық қалыптасар еді.
Мектептегі тәжірибе кезіндегі маңызды жұмыстардың бірі – сабақты зерттеуде Lesson Study тәсілін қолдану. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын мұғалімдерге Lesson Study үдерісімен таныстыру мақсатында коучинг өткіздім. Ондағы мақсатым: оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып,оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Studyді ұсыну. Тәжірибені жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету. Зерттеу жұмысын жүргізу үшін тәлім алушымды, Н және М есімді қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін алдым. зерттеу жұмысын өзім сабақ баратін 7а сыныбына өткізуді ұйғардым. Зерттеу тақырыбын «Диалогтік оқытуды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» Мақсатым: оқушылардың сабаққа деген ынтасын , ойлау деңгейін,сөйлеу дағдыларын дамыту. Мектептегі негізгі мәселелердің бірі-тіл мәселесі, яғни өз ойын еркін жеткізе алмай қиналатын оқушылар бар. Оқушылардың тіл мәдениетін көтеруде диалогтың пайдасының мол екеніне тәжірибе кезінде көзім жетті. Диалогтық оқытумен қатар топтық жұмыс бірге жүреді. Олар оқушыларды еркіндікке, шынайылыққа, әділеттілікке, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, сенімділікке бейімдейді, және ең бастысы сабаққа қатысу белсенділігі артады. Зерттеуге алған сыныбымда 21 оқушы бар. Бұл сыныпқа 5- сыныптан бастап сабақ берсем де, осы сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерімен,сынып жетекшісімен және мектеп психологымен сұхбаттастым. Оқушылардан сауалнама алып, сараптама жасадым. Осы арқылы сыныптағы лидер оқушыны анықтадым. Ол-менің А деңгейіне алған оқушым болып шықты. Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен достығы, кімнің сыныпта белсенді, танымал екені туралы да мағлұмат алдым. Сауалнама алу барысында оқушылардың қай пәнді ұнататындары, мектепке қандай көңіл күймен келетіндері туралы мәлімет алдым. бұл жұмыстардың зерттеу үшін маңызды екенін түсіндім. А деңгейіндег оқушым, әдебиет сабағын сүйіп оқиды, оқу озаты, жауапкершілігі мол, белсенді оқушы. Бірақ бұл оқушының ерекшелігі өз білімін ешкіммен бөліскісі келмейді, өзінше жеке жұмыс істегенді ұнатады. Мен бұл оқушыны өз білімімен бөлісу мақсатында басқалармен бірлесіп, топпен жұмыс істей білу деңгейіне жеткізгім келеді. В деңгейіндегі оқушы сабағын жақсы оқиды,бірақ белсенді емес, сабақ сұраған кезде ғана жауап береді, сұрамасаң біліп тұрса да жауап беруге тырыспайды, көп сөйлемейді. Бұған себеп мінезінің тұйықтығы, сөйлеу мәдениетінің төмендігі. Бұл оқушының топтық жұмыс және диалог арқылы жұмыс аз да болса сөйлеу мәдениетін дамытып, сөздік қорын байытады деп ойлаймын. С деңгейіндегі оқушы сабаққа немқұрайлы қарайды, көбінесе түрлі сылтаулар айтып,сабаққа дайындалмай келеді. Қазақ тілінен білім деңгейі төмен болса да әдебиетке бейім. Сондықтан топтық жұмыс, диалог арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру, жауапкершілікті сезінуге үйрету. Сабақ өткізу барысында жоғарыда аталған оқушылардың іс-әрекеттеріне назар аудара отырып, олардың өзгерістеріне бақылау жүргіздім. Тізбектелген алғашқы сабағымды 7а-сыныбында әдебиет пәнінен Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» тақырыбына өттім. Алғашқа сабақ болғандықтан оқушыларға да, өзіме де қиын және қызықты болды. Сабақты сергіту сәтінен бастадым. Дәрілік өсімдіктердің суреттерін жинақтау арқылы топқа бөлінді. Қызығушылықты ояту мақсатында конвертке салып таратылған өсімдікті анықтады. Ой қозғау үшін сұрақтары арқылы жусанға сипаттама жасап, әр топ өздері талқылап, постер арқылы қорғап шықты. Осы жұмыс кезінде С деңгелі оқушым белсенділік тантып, жусан туралы білетіндерін ортаға салып, топпен жұмыс істеуге тырысты. Оқушылар өздері өтілетін тақырыпты тапты. Шығарманы талдау барысында «джигсо» әдісін қолдандым. Әр топ өздеріне берілген бөлім бойынша жоспар жасап, оны постерге түсіріп қорғап шықты. Бұл жұмысты орындау барысында А деңгейлі оқушым көбірек жауап берді. В деңгейлі оқушым қысқа ғана жауап беріп,сабақта белсенділік танытқан жоқ. Сабақ соңында жоғары деңгейлі сұрақтар негізінде жұпта, топта талқылап, ойтолғау жазды. Сабақ соңында оқушылар «екі жұлдыз,бір тілек» арқылы сабақтан алған әсерлерін білдірді. Бұдан шығарған қорытындым оқушыларға топпен жұмыс ұнады, жұптасып, топтасып тақырыпты талқылау барысында шығарманы толық түсінді. Сабақ барысында диалогтік оқыту тәсілдерін қолдандым. Соған қарамастан кедергілер де кездесті, топқа бөлу кезінде кейбір оқушылар топтарын таба алмай жатты, топпен жұмыс кезінде барлығының талқылауға қатыспауы, уақыттың тапшылығы. Бұл кедергілерді келесі сабағымда жоюға болады деп шештім. Келесі сабағымды С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян тақырыбына өттім. Бұл сабақта оқушылардың топтық жұмысқа үйреніп қалғандығы көрінді. Бұл сабақтың сәттілігі ретінде оқушылардың оқушылардың Аянның болашағы туралы болжаулары, Аянға және авторға жазған хаттарын айтуға болады А,В,С деңгейіндегі оқушылар бір топқа түсті. Бұл топқа берілген тапсырма Аянға жат жазу. А деңгейлі оқушы Аянға жазған хатта « Мен сенің болашағың зор деп үміттенемін, оқан мен сенімдімін. Сен өзіңнің аңсаған биік арманыңа жетесің деп ойлаймын» деп жазса, В деңгейлі оқушы «Алдыңа қойған мақсаттарыңа жетіп, бақытты өмір сүресің» деп жазған, ал С деңгейлі оқушы «Сен қиыншылықты жеңе білуің керек. Жетіммін деп мойынсынба. Өмірден түңілме » деп жазған.Сабақ барысында А деңгейлі оқушы жауапкершілікті сезініп, өз білімін ортаға салды, В деңгейлі оқушы осы көмекті сезініп ойын айтты, С деңгейлі оқушы қорытынды пікір айтуға талаптанды.Екінші сабағым сәтті өтті. Оқушылар кері байланыс арқылы өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді. Жалпы тізбектелген сабақтар бырысында оқушылардың топпен жұмысқа қызығушылық танытуы, өз ойларын еркін жеткізе білуі, тіл байлықтарының дамуы, сабақта белсенді есем оқушылардың топпен жұмысқа қызығушылығының артқанын байқадым. Сонымен қатар ғаламтормен жұмыс істей алмайтын оқушылардың алдын ала берілген тапсырмалар бойынша мәліметтер жинақтауға белсенділік танытқаны мені қуантты. Әсіресе С деңгейіндегі оқушымның сабаққа деген қызығушылығы оянып, топпен жұмысқа белсене араласа бастады. А деңгейлі оқушым да топпен жұмыс істеу кезінде көшбасшылық қабілетін танытты. В деңгейлі оқушым ойын айтуға жасқанбай, еркін сөйлеуге дағдыланды. Тізбектелген сабақтарды өркізу барысында АКТ-ны пайдаланудың, топпен жұмыс және диалогтік оқытудың тиімділігіне көзім жетті. Оқушыларымның бір-бірімен жұптасып,топтасып ой бөлісуінен өзара диалогтік қарым-қатынастарының аз да болса артқандығын байқадым. Топпен жұмыс кезінде ортақ пікірге келуі,сын айтуды үйренуі, біраз оқушылардың жаңаша қырынан көріне бастауы мен үшін үлкен жетістік. Кейінгі сабақтарымда оқушыларым топпен жұмысқа бейімделді. Алдыңғы сабақтарымда жіберілген кемшіліктерді түзетуге тырыстым. Оған дәлел ретінде оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығының артуы, әдебиет сабағына деген көзқарастарының өзгере бастауы. Ойларын жеткізуге тырысып, ынталана бастады, бойланыда сенімділік пайда болды,өздерін еркін сезіне бастады. Жаңа тәсілдерді қолдану арқылы шығармашылыққа, ізденушілікке баулуға болатынын түсіндім. Тізбектелген сабақтар аяқталған соң оқушылардан сауалнама алдым. Сауалнамада оқушылар өздерінің ойларын ашық айтуға тырысқан. Оқушылардың пікірлерін қорытындылайтын болсам, олар:
Жеке, жұппен, топпен жұмыс істуге үйренді;
Өздерінің пікірін ашық айтуға дағдыланды;
Бір-бірінің алдында жауапкершілікті сезіне білуді үйренді;
Бір-біріне құрметпен қарау,ынтымақтастықта болуға үйренді;
Әдебиет пәніне деген қызығушылығы артты.
Мектептегі тәжірибе кезінде бірінші бетпе –бетте алған білімімді жүзеге асыруға тырыстым. Бірақ әлі де болса жетілдіру қажеттілігін түсіндім. Мектепке қайтып оралғаннан кейін де бұл жұмыстар өз жалғасын табады деп сенемін. Мектепте құрылған желілік қауымдастық мүшелері ІІ, ІІІ деңгей курстарын бітірген мұғалімдер, сол сияқты белсенді мұғалімдер бірлесе отырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді мектеп тәжірибесіне жүйелі түрде енгіземіз. Аудан мектептерінің мұғалімдері арасында құрылған «Шапағат-2014» желілік қоғамдастығымен тығыз байланыста болып, ой бөлісіп отырдым. Мектептерде әріптестерім өркізген коучингтерге қатысып, тәжірибе алмастық. Тәжірибені жетілдіру мақсатында әріптестерімді ізденуге, білімдерін жетілдіруге, қз тәжірибелеріне өзгеріс енгізу үшін батыл қадам жасауға шақырамын.
.