Урок ?азту?ан жырау «Ала? да ала?, ала? ж?рт» 9-сынып


Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы : Қазтуған жырау «Алаң да алаң, алаң жұрт»
Сабақтың мақсаты : а) Қазтуған жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау, «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңін түсіндіру
ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Қазтуған жыраудың өмірі жайлы оқып, өлеңін жаттау.
ІІІ. Білім тексеру:
Қазтуған кім?
Қай заманда өмір сүрді?
"Мадақ жыры" не туралы?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
«Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауын мұғалім өзі мәнерлеп оқиды. Сосын оқушыларға оқытады
1.Қазтуған жырау ел арасында, тұрмыстық жиындарда өнер көрсеткен.
2 .Қазтуған жырау өлеңмен терең мағыналы ой толғаған.
3.Қазтуған жырларында халықты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке шақырған, ақыл-ой айтқан.
4. «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының тақырыбы — азаттық жайлы.
5.Бұл толғау ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты туған.
VІ. Түсінік тексеру:
Бұл толғау не туралы?
Толғауда жыраудың қандай көңіл күйі байқалады?
Жырау кіндік кескен жерін қалай суреттейді?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Толғауда кездесетін мағынасы түсініксіз сөздерді теріп жазып, түсіндірме сөздік арқылы мағынасын анықтау.
Қылшан - ……………………………………………………………………………………………………
Кежі - …………………………………………………………………………………………….
Жабы - …………………………………………………………………………………..
Ботташық -…………………………………………………………………………………………………
 Толғаудың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау. Толғаудан мысал келтір.
Эпитет Теңеу Аллитерация Ассонанс Анафора Эпифора
Жабағылы жас тайлақ, Жардай, бұзаудай,        
Толғаудың құрылысына талдау жасау.Өзіне ұнаған үзіндіні алып, талдау.
Алаң да алаң, / алаң жұрт, — 8  /а/
Ақала ордам / қонған жұрт, — 8 /а/
Атамыз біздің / бұ Сүйініш – 9 /б/
Күйеу болып /  барған жұрт. -7 /а/
VІІІ. Үй тапсырмасын беру.
Қазтуған жыраудың өлеңдерін жаттау.