?ндірістік о?ыту: Котлет массасы 20 мин саба? жоспары


Сабақ жоспары – 20 мин.
Сабақ тақырыбы: Котлет қоспасынан дайындалған шала фабрикаттарБілімділік мақсаты: Сиыр және қой етінен котлет массасын даярлау технологиясын қайталап, одан алынатын шала фабрикаттарды қалыптау білім дағдыларын қалыптастыру
Дамытушылық мақсаты : Мамандығына деген қызығушылығын арттыру, іскерлікке бейімдеу, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу.
Тәрбиелік мақсаты: Мәдениетке, тазалыққа, топта бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелеу, болашақ мамандығына деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Аспаздық өнімдер тақтайшалары, Ш Е пышақтары, таразы, котлет қоспасынан дайындалған шалафабрикаттардың үлгісі, проектор, презентация «Котлет қоспасын дайындау», «Котлет қоспасынан дайндалған шала фабрикаттар» суреттер, мультфильм «Мақтаншақ қыз», «Ипподромда», технологиялық карталар.
Сабақтың түрі: Бастапқы еңбек тәсілдерін меңгеру сабағы.
Уақыт мөлшері: 20 мин
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: 1-1,5 мин
а) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру және олардың назарын зейінін аудару мақсатында: «Жаман тағам жоқ- жаман аспазшы бар» сол себепті болашақ аспазшылармен ашық сабаққа қатысушы қонақтарды қол соғып қошеметтейік және қол ұстасып бір-бірімізге сәттілік тілейік.
II. Кіріспе нұсқау : 18 мин
1. Теориялық білімді қайталау  
а) Сабақтың тақырыбын жариялау
Слайд- Алғашқы адамдар

1) Слайдты көрсете отырып түсіндіру - бұл азық адам баласының толық мөлшерде тамақтануының құрамдас бөлігі болып табылады. Осы азықты мыңдаған жыл мерзімде пайдаланып келсе соған сай отын көзінде жаратып келген еді. Осы азықтың арқасында адамзат бойына күш еніп төзімділік дарыса дене бітімі салмағы ұлғайып, тіпті ақыл парасатының дамуына орасан зор түрткі болды. Ең бастысы азықта ақуыз көп, алғаш рет бұл азық отын жану арқылы дайындалды. Сол себепті адамзат сол бір жануарлар дүниесінен бөлініп шығып саналы түрде өмір сүре бастады. Қазіргі кезде елбасының қолдауымен нақты жоба дайындалып іске асырылуда, яғни бұл қай азық? (Ет)
Иә бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қой және сиыр еттерінен дайындалған шала фабрикаттар.
Сабақтың мақсатын айқындау: котлет қоспасынан шала өнімдерді қалыптап үйрену
в) котлет қоспасын дайындау технологиясын еске түсіру
-презентация көмегімен тексеру
2) Котлет қоспасынан шала өнімдерді қалыптауды түсіндіре отырып көрсету.
Шебердің түсіндіруі бойынша білімгер еңбек тәсілдерін пайдалана отырып котлет қоспасынан шалафабрикаттарды қалыптап дайындайды. Өндірістік оқыту шебері шалафабрикат өнімдеріне қойылатын талаптар және ақау түрлері туралы ақпарат береді.
Түсіндіру барысында жұмбақтарды шешу
1. Қарны жуан қампиған, Қос құлағы қалқиған. (қазан) 2. Көк жалынын ойнатады, Үндемей ас қайнатады. (газ плита) 
3) Техникалық қауіпсіздікті сақтау туралы мульфильм қөрсету және аспаздық пышақтарды қолдану. ТҚ ережелерін еске түсіру
4) Технологиялық кестені талдау және түсіндіру, сабақта оқушылар ет өнімін өлшеп қалған аспаздық өнім мөлшерін соған ықшамдап есептеп шығару технологиялық карталарды қолдана отырып №4.5
5) Сақтау температуралары: Тоңазытқыш шкафтарда 6-8 С 12 сағаттан аспауы керек.
Дұрыс жауаптарға жұлдызша, ұшбұрыш, төртбұрыш, белгілерін тарату және солар бойынша топтың білімдерін, іскерлігін бағалау.
6) Релаксация "Ипподромда" 1-1,5мин.
Үйге тапсырма: Интернет ресурстарды пайдалана отырып котлет қоспасынан орама дайындау